Նորություններ

13.09.2021 (Обновлено: 12.01.2022 16:17)

Балық өніміне арналған үш МемСТ қайта қаралады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ЕАЭО-ның «Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне мемлекетаралық стандарттар әзірлеу жөніндегі бағдарламаға өзгерістерді бекітті.

 


Олар құжатқа үш жаңа қосымша позиция кірістіруді көздейді, солардың арқасында Ресей Федерациясы табиғи асшаяндардан, балық бауырынан жасалған консервілерге және балық-өсімдік консервілеріне арналған мемлекетаралық стандарттарды қайта қарай алады.

 

Бұл өнімге арналған қолданыстағы мемлекетаралық стандарттар бес жылдан астам бұрын әзірленген және су биоресурстарынан жасалған консерві өнімін шығарудың қазіргі заманғы технологиялық аспектілерін қамтымайды.