Նորություններ

27.10.2021

ЕЭК Одақ елдері арасындағы 2022 жылға арналған Вьетнам күрішіне тарифтік квоталар көлемін бөлді

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Вьетнамнан әкелінетін ұзын дәнді күріштің жекелеген түрлеріне қатысты 2022 жылға арналған тарифтік квоталар көлемін бөлді.

Шешім Еуразиялық экономикалық одақ пен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді іске асыру мақсатында қабылданды.Келісімге сәйкес өнімнің бұл түріне арналған тарифтік квота жыл сайын 10 мың тонна құрайды, соның шеңберінде 0% мөлшерінде кедендік әкелу бажы қолданылады. Сонда да, Вьетнамнан квотадан тыс әкелінетін тауарға қатысты 10%-дық ставка қолданылады, бірақ ол 1 кг үшін 0,03 евродан кем болмайды.

 

ЕЭК Алқасы қабылдаған шешімге сәйкес, Вьетнамнан әкелінетін күрішке арналған тарифтік квота көлемі 2022 жылға Армения Республикасы үшін 400 т мөлшерінде, Беларусь Республикасы үшін – 1814 т мөлшерінде, Ресей Федерациясы үшін – 7786 т мөлшерінде белгіленді.

 

«Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы меншікті өндірісі есебінен ішкі тұтынуды толық шамасында қамтамасыз етуіне байланысты олар үшін Вьетнам күрішіне арналған тарифтік квота көлемін бөлу орынсыз деп хабардар етті»,- деп толықтырды ЕЭК сауда блогы.