Նորություններ

09.08.2021

Комиссияның ұсыныстары халықаралық кедендік стандарттарда көрініс тапты


Еуразиялық экономикалық комиссияның қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ақылды құрылғыларына (smart security devices) және Кеден одақтарының уәкілетті экономикалық операторының (УЭО) бағдармалаларына (Regional Customs Union AEO Programmes) қатысты бастамалары Қауіпсіздіктің және Дүниежүзілік кеден ұйымының халықаралық саудасын оңайлатудың негіздемелік стандарттарының жаңа редакциясында көрініс тапты.


Негіздемелік стандарттар – кеден ісіндегі түйінді халықаралық құжат, тұтастай алғанда, алдыңғы қатарлы елдердің кедендік әкімшілендіруі, атап айтқанда, УЭО институтына тәнік қазіргі заманғы тәсілдемелер соған негізделеді. Еуразиялық экономикалық одақта кедендік әкімшілендіруге тәнік тәсілдемелер алдыңғы қатарлы халықаралық стандарттардың, бірінші кезекте Дүниежүзілік кеден ұйымы стандарттарының негізінде құрылады.

Комиссия бастамашы болған Негіздемелік стандарттарға түзетулер ЕАЭО-ның халықаралық стандарттардағы практикасы мен тәжірибесін көрсетуге мүмкіндік берді. Бәрінен бұрын бұл УЭО-ның навигациялық пломбалары мен одақтық бағдарламасына қатысты.

Негіздемелік стандарттар (SAFE Package) пакетін қайта қараудың жаңа циклында Комиссия SAFE Жұмыс тобының алаңында жұмысты жалғастырады, бұл Еуразиялық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарында айқындалған мақсаттарды бейнелейді.

Қауіпсіздіктің және әлемдік сауданы оңайлатудың негіздемелік стандарттарының жаңа редакциясы орыс тілінде де қолжетімді, Дүниежүзілік кеден ұйымының ресми сайтында жарияланған.


Анықтама

Дүниежүзілік кеден ұйымы - 180-нен астам кеден әкімшіліктері өкілдік ететін негізгі халықаралық алаң, онда озық кедендік әкімшілендірудің бағыттары айқындалады.

ЕАЭО Кеден кодексімен УЭО бағдарламасына қағидаттық жаңа тәсілдеме енгізілді, ол соның ішінде қауіпсіздіктің және халықаралық сауданы оңайлатудың негіздемелік стандарттарына негізделген. ЕАЭО КК ережелерін дамыту үшін Комиссия бірқатар шешім қабылдады, соның ішінде Комиссия Алқасының УЭО пломбаларына қойылатын талаптарға қатысты 2020 жылғы 20 қазандағы № 127 шешімі бар.