Նորություններ

14.10.2021

Руслан Бекетаев пен Игорь Петришенко электрондық сауда саласындағы салық салу мәселелерін талқылады

Минскіде 14 қазанда өткен кездесуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Руслан Бекетаев Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Игорь Петришенкомен ЕАЭО-дағы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің трансшекаралық электрондық саудасына салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру бағыттарын талқылады.

«Жанама салықтар (ҚҚС) тауарды тұтыну орны бойынша төленеді. Егер, айталық, төрт елдің бірінде тіркелген электрондық алаң өнімдерін Беларусь азаматтарына сататын болса, онда салықтар тауар тұтынылатын елде төленуге тиіс»,- деп атап өтті Руслан Бекетаев.

Кездесу барысында ЕАЭО шеңберінде өзара саудадағы тауарлардың айналымына фискалдық мониторинг механизмін қалыптастыру қағидаттары мен Беларусь Республикасындағы ұлттық қадағалап отыру жүйесін іске асыру да қаралды.