Նորություններ

07.12.2021

ЕАЭО-да өсімдік дәрілік препараттарына қойылатын талаптар айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия дәрілік өсімдік заттарының тұрақтылығын зерттеу жөніндегі талаптарды бекітті. Талаптар Одақтың дәрілік препараттардың тұрақтылығын зерделеу жөніндегі негізгі құжатымен өзара байланысты және дәрілік өсімдік шикізатынан жасалатын дәрілік заттардың тұрақтылығын зерделеу ерекшеліктерін айқындайды.

Өсімдік препараттарын өндірушілердің және бақылаушы ұйымдардың талаптарды қолдануы өсімдік дәрілік препараттарының бүкіл жарамдылық мерзімі ішінде пайдалы биологиялық белсенді қосылыстардың барлық спектрін сақтауға және тұтылған деградация өнімдері мен бөгде қоспалардың рұқсат етілген шектен аспауына кепілдік етуге мүмкіндік береді. Өсімдік дәрілік препараттарының сапасын қамтамасыз етуге және бақылауға қатысты мұндай кешенді тәсілдеме ұлттық құқықта бұрын қолданылған жоқ.