Նորություններ

25.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 10:25)

ЕЭК-те сорттарды сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнаманы біріздендірудің халықаралық аспектілері талқыланды

«Сорттарды тестілеу мен тұқым шаруашылығы саласында Еуропа және Орталық Азия елдерінің заңнамасын біріздендірудің халықаралық аспектілері» дөңгелек үстелінде ЕАЭО мемлекеттері белсенді қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің тұқым шаруашылығы жүйесін нығайту туралы сөз болды. Іс-шараны Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөнеркәсіп блогы БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа мен Орталық Азияға арналған өңірлік өкілдігімен бірлесіп, онлайн-форматта өткізді.

Қырғызстан мен Ресейдің, мысалы, OECD тұқым сертификаттау схемаларына қатысудан және ISTA егіс сапасы сараптамасы әдістемелерін пайдаланудан біршама тәжірибесі бар. Беларусь, Қырғызстан және Ресей – Өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одақтың (UPOV) толық құқылы мүшелері.

«ЕАЭО мемлекеттері басшыларының сорттарды сынау және тұқым шаруашылығы саласындағы заңнаманы біріздендіру жөнінде шешім қабылдауына орай, халықаралық ұйымдардың тәжірибесін пайдалану бізге теңдестірілген өзара қолайлы шешімдер тұжырымдауға мүмкіндік береді. Бұл инвестициялар тартуға және Одақтың бірыңғай тұқым нарығын қалыптастыру әрі біздің елдерімізде тұқымның және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің көшеттік материалдарының меншікті өндірісін дамыту үшін осынау ғылымды қажетсінетін салада бірлескен кооперациялық жобаларды іске асыруға ықпал ететін болады»,- деп атап өтті ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Армен Арутюнян.

Армен Арутюнянның сөзінше, болып өткен пікірсайыс тұқым партияларын таңбалауға, орауға қатысты тәсілдемелерді тұжырымдауға, Одақта тұқымдардың кідіріссіз айналысын қамтамасыз ету үшін сорттық көрсеткіштері мен көшеттік сапасын жақындатуға және сапа туралы құжаттарды өзара тануға мүмкіндік береді. Алда UPOV ережелері мен қағидаларын ескере отырып, сорттарды сынауға қатысты тәсілдемелерді біріздендіру де күтіп тұр. ФАО-ның Ресей Федерациясымен байланыс Бөлімшесінің басшысы Олег Кобяков фермерлерді де, ірі өндірушілерді де сапалы тұқымдық материалдармен қамтамасыз етуге азық-түлік қауіпсіздігі айтарлықтай дәрежеде байланысты екенін атап өтті.

«ФАО орнықты даму саласында тиісті мақсатқа қол жеткізу мүддесіне орай аграрлық сектордың барлық бағыты бойынша ЕАЭО елдерімен және Еуразиялық экономикалық комиссиямен жемісті іс-қимыл жасап келеді. Дөңгелек үстел ФАО мен ЕЭК арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруға қосылған елеулі үлес, сондай-ақ ғалымдар мен практик-тұқым өсірушілер арасында пайдалы тәжірибе алмасудың алаңы болды»,- деп атап көрсетті Олег Кобяков.


Анықтама:
Дөңгелек үстелге шамамен 100 адам - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (OECD), Халықаралық тұқымдарды тестілеу қауымдастығының (ISTA), Халықаралық өсімдіктердің жаңа сорттарын қорғау жөніндегі одақтың (UPOV), Халықаралық тұқым федерациясының (ISF), ТМД Тұқым шаруашылығы мәселелері жөніндегі үкіметаралық үйлестіру кеңесінің, Өзбекстан Республикасының, ФАО-ның және ЕАЭО мемлекеттерінің сорттарды сынау мен тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органдары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.