Տառատեսակի չափը. A A A
Կայքի գույները. C C C
Գրանցում կայքը Մորացել
Выберите язык
06.09.2021

ШЭФ-2021: ЕАЭО-ның халықаралық байланысу желісі Үлкен Еуразиялық әріптестікке іргетас қалайды

Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграция және макроэкономика жөніндегі министрі Сергей Глазьев Шығыс экономикалық форумы-2021 барысында білдірген осы тезис «Құндылық және Үлкен Еуразиялық әріптестіктің құндылықтары» сессиясындағы түйінді тұжырым болды.
«Еуразиялық экономикалық одақ Үлкен Еуразиялық әріптестіктің қалыптасу өзегі болып отыр. Біздің көптеген елмен және халықаралық ұйымдармен байланысымыз жолға қойылған. АСЕАН-мен және континенттің бірқатар мемлекетімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасылған. Еркін сауда аймағын қалыптастыру туралы келіссөздер жүргізілуде. Вьетнаммен, Сингапурмен қазірдің өзінде осылай жұмыс істелуде. Иранмен еркін сауда аймағына көшудің негіздері туралы келісімге қол қойылды. Қытаймен толық форматты сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша пікірсайыс жүргізілуде»,- деп мәлімдеді Сергей Глазьев.
Ол ЕАЭО-ны дамыту мен Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» бастамасын ұштастыру идеясын іске асыру алғашқы нәтижелер бере бастағанын – басымдықты жобалар тізбесі қалыптастырылғанын да атап көрсетті.

ЕЭК министрі Одақтың ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін ашық екенін атап өтті және таяудағы уақытта ЕЭК пен Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хатшылығы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылатынан құлағдар етті, бұл дұрысында, ЕАЭО-АСЕАН диалогын толықтырады және Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру үшін іргетас қалауды жалғастырады.

Сергей Глазьев мәдениеттердің әралуандығын сөзсіз құрметтеу мен ҮЕӘ-нің әлеуетті қатысушыларының экономикалық мүмкіндіктерінің әралуандығын ерекшелеп айтты.
«Әлемде жаңа шаруашылық салты қалыптасуда, ол стратегиялық жоспарлау мен нарықтық өзін-өзі ұйымдастыруды, ақша айналымы мен жекеше кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылауды ұштастырады. Біздің Еуразиялық континентке қандай да бір жасық стандарттық нысандарды таңу бола қоймас. Орасан зор Еуразия шеңберінде болашаққа деген ортақ пайымдауды қалай қалыптастыруға болатынының және оны ойдағыдай іске асырудың көптеген мысалын біздің бірлескен тарихымыздан табуға болады»,- деп атап көрсетті ЕЭК министрі.

Сессия барысында ЕЭК-тің Интеграцияны дамыту департаментінің директоры Гоар Барсегян да Үлкен Еуразиялық әріптестікті қалыптастыру перспективалары туралы өз ойларымен бөлісті.

Ол ҮЕӘ-нің нақ осы таяудағы көршілер арасындағы өзекті мәселелерді нысаналы талқылау үшін мүмкіндіктер ашатын Еуразия диалогының перспективалық алаңы ретіндегі маңызын атап көрсетті.

«Еуразияда диалог үшін форматтар бар әрине, бұлар – ШЫҰ, ТМД, АСЕАН және басқа құрылымдар, алайда қазіргі заманғы шындық бұдан да әмбебап форматтың қажеттігін талап етеді және мұндай сауал нақтырақ бола түсуде. Макроөңірлер деңгейінде талқылау қажет болатындар арта түсуде. Өткен жылдан бастап бірінші кезекте - денсаулық сақтау мәселелері. Үстіміздегі жылы жасыл экономиканың дамуы туралы пікірсайыстар жаңа сапаға ие болып отыр. Бұл ретте Еуразияның өңірлік ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып, жауаптар тұжырымдайтын дәстүрлі сұрақтар да көп»,- деп мәлімдеді Гоар Барсегян.


ЕЭК департаментінің директоры ҮЕӘ қалыптастыру кезінде тұжырымдамалық фактор сенім кеңістігі болып табылады деген тезиске де түсіндірме беріп өтті. Оның пікірінше, сенім – үкіметтер үшін де, бизнес үшін де қызықты, сезіне қабылдайтын субстанция. Сенім деп өзгеден бұрын сыртқы сауда қызметі регуляторикасы саласындағы іс-әрекеттердің және түйінді қадамдардың дұрыс болжанғандығын әрі іскер топтар үшін қолайлы жағдайлар жасалуын түсіну керек.

«Мұндай сенім кеңістігін қалыптастыру, бұған ұлттық үкіметтер ғана емес, интеграциялық бірлестіктер де қатысқан кезде, барынша тиімді өтеді. Осындай құрастырылым барынша көп қатысушылардың мүддесін ескеруге және халықаралық қатынастардағы көп полярлылық қағидатын сақтап қалуға мүмкіндік береді»,- деп түйіндеді Гоар Барсегян.

Пікірсайысқа Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Бас хатшысы Владимир Норов, Ресей Стратегиялық зерттеулер институтының (РСЗИ) директоры Михаил Фрадков, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры Зарема Шаукенова, Еуропалық бизнес қауымдастығының (ЕБҚ) бас директоры Тадзио Шиллинг, Еуразия елдері сарапшылық топтарының өкілдері қатысты. Сессия модераторы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Кирилл Барский болды.