Экономиканың тұрақтығы көрсеткіштерінің мониторингі

 Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің экономикалық даму көрсеткіштерінің мониторингі

2010 жылғы 9 желтоқсандағы келісілген макроэкономикалық саясат туралы Келісімге сәйкес Департамент КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің экономикалық даму тұрақтылығын белгілейтін келесі макроэкономикалық көрсеткіштердің мониторингін жүзеге асырады:

- мемлекеттік бюджеттің жылдық тапшылығы (жалпы ішкі өнімге бөлгенде процентпен); 

- мемлекеттік қарыз (жалпы ішкі өнімге бөлгенде процентпен); 

- инфляция деңгейі (тұтынушылық бағалардың алдыңғы жылға бөлгенде жылдық орташа мәнмен индексі) 

  

БЭК-ке мүше мемлекеттердің экономикалық тұрақтылығының мониторингі келесі көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: 

- жалпы ішкі өнім өсуінің қарқыны (алдыңғы жылға бөлгенде процентпен);

- сатып алу қабілетті бойынша жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (мың АҚШ долларымен); 

- төлем балансының ағымдағы операциялар шоттарының сальдосы (миллион АҚШ долларымен және жалпы ішкі өнімге бөлгенде процентпен).

- ұлттық валютаның нақты тиімді айырбастау курсының индексі (алдыңғы жылға бөлгенде проценттермен).

 

Интеграция дәрежесін айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштер мониторингі үшін келесі көрсеткіштер пайдаланылады: 

- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің әрқайсысының экономикасына бағытталған ұлттық инвестициялар көлемі, соның ішінде тікелей инвестициялар (млн АҚШ долларымен); 

- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің әрқайсысының ұлттық экономикасына түскен инвестициялар көлемі, соның ішінде тікелей инвестициялар (млн АҚШ долларымен); 

- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің жалпы экспорт көлеміндегі КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің әрқайсысының үлесі (процент);  

- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің жалпы импорт көлеміндегі КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің әрқайсысының үлесі (процент); 

- КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі КО және БЭК-ке мүше мемлекеттердің әрқайсысының үлесі (проценттер).​