Департамент оған жүктелген міндеттерге сәйкес белгіленген тәртіпте өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға әсер ететін Кеден одағының қатысушы-елдері мен Бірегей экономикалық кеңістігінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің динамикасына, сондай-ақ өнеркәсіптік саясатты қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін ескере отырып, мүше-мемлекеттердің өнеркәсіптік кешендерін дамытудың жай-күйі мен үрдістеріне мониторинг жасау талдауды жүзеге асырады.
Кеден одағының қатысушы-мемлекеттері мен Бірегей экономикалық кеңістіктің келісілген өнеркәчсптік саясатын қалыпьтастыруды талдамалы қолдау бөлігінде Департаментпен Коллегия Тараптардың өнеркәсіптік кешендерінің жай-күйіне қабылдап отырған шешімдеріне бағалау жүргізіледі.
Кеден одағының қатысушы-мемлекеттері мен Бірегей экономикалық кеңістіктің аумағында тауарлардың еркін қозғалуын қамтамасыз ету мақсатында Беларусь Республикасы мен Қазақстан Республикасынан әкелінетін және Кеден Одағының тауары мәртебесіне ие көлік құралдарына қатысты Ресей Федерациясындағы жою алымын басқаруға мониторинг жасалуда.
Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ықпалдастығы үшін басым болып отырған салала тізбесіне сәйкес Тараптардың өнеркәсіптік кешендерінің жұмыс істеуі бойынша Комиссияның ресми сайтында талдамалы материалдарды орналастыру жүзеге асырылуда