Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен

Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Барсегян Гоар Ашотовна

тақырыбы бойынша жаңалықтар «Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен»

11 шілденің 2025 ЕАЭО елдері өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамытуда ЕЭК бейінді министрі Гоар Барсегянның төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп жөніндегі консультативтік комитетінің отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасының нақты секторының бірқатар өзекті мәселесі қаралды. Атап айтқанда, Комиссияның Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы баяндамасы мақұлданды, ЕАЭО мемлекеттерінің өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері бойынша 2023 және 2024 жылдарға, сондай-ақ екі болжамды кезеңге — 2025 және 2026 жылдарға арналған сұранысы мен ұсынысының жиынтық болжамды теңгерімдері келісілді. Өнеркәсіпте кооперациялық жобаларды қаржылай қолдаудың ұлтүсті механизмін іске асыру талқыланды. "Комитет мүшелері өнеркәсіптік субсидиялар саласындағы жұмысты оңтайландырудың және ЕАЭО туралы шарттың жекелеген ережелерін осындай жоспарланған субсидиялар туралы ақпарат беру бөлігінде түзетудің ықтимал механизмдерін талқылады", – деп атап өтті Гоар Барсегян.
11 шілденің 2025 Қайта өңдеудің кедендік рәсімі өнеркәсіптік кооперацияға және ЕАЭО елдірінің экспортына көмектеседі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің кедендік рәсімін қолдану өнеркәсіптік кооперацияны дамытуды және мүше мемлекеттердің экспортын ынталандырады. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Виталий Вовк мұны ЕЭК алаңында болып өткен осы тақырып бойынша семинарда атап көрсетті. Виталий Вовктың сөзінше, шетелдік тауарларды кедендік баждар мен салықтарды төлеуден уақытша босата отырып пайдалануды көздейтін мұндай кедендік рәсім Одақта өндірістік процестерді жетілдіруге және тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Шын мәнінде, ол Еуразиялық "бестік" елдерінің интеграциялық әлеуетінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. "Комиссияның Одақ мемлекеттері басшыларының жоғары технологиялық өнімді өндіру кезінде өз құзыреттері мен технологияларын дамыту және оның үшінші елдерге экспортын ұлғайту жөніндегі бастамаларын іске асыруы үшін біздің интеграциялық әлеуетіміздің толық пайдаланылғаны жөн. Бұл өнеркәсіптік кооперацияны дамыту жөніндегі күш-жігерді шоғырландыру және бәсекеге қабілетті өнім шығарудың жаңа тиімді механизмдерін әзірлеу үшін қажет", — деп атап өтті Виталий Вовк. Семинарда қайта өңдеудің кедендік рәсімін практикалық қолдану мәселелеріне, оны Одақ мемлекеттерінің кеден органдарының іске асыруының әкімшілік аспектілеріне, өндірушілер мен экспорттаушылар үшін артықшылықтарға айрықша назар аударылды. Аталған рәсім белсенді қолданылатын немесе қолданылуы мүмкін өнеркәсіп салаларының қатарына қозғалтқыш өндірісін, металлургияны, фармацевтиканы, ағаш өңдеуді, химия өнеркәсібін, жеңіл өнеркәсіпті және басқа бірқатар саланы қоса, авиация және кеме жасау, теміржол машиналарын жасау, автомобиль жасау жатады. Аталған салалардағы кооперациялық жеткізілімдер динамикасын талдау ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және үшінші елдердің нарықтарына жоғары технологиялық өнімдер экспортын кеңейту жолында елеулі әлеует бар екенін айғақтайды. Семинар "Ресей экспорттық орталығы" компаниялар тобының жәрдемдесуімен ұйымдастырылды. Оған ЕАЭО елдерінің уәкілетті мемлекеттік органдарының, ұйымдарының, салалық қауымдастықтарының, бизнесінің 130-дан астам өкілі қатысты.
09 шілденің 2025 Гоар Барсегян: "ЕЭК өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді дәйекті түрде жақтайды" Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян  Екатеринбургте "Иннопром" халықаралық өнеркәсіптік көрмесін аралап, оның жұмысына, соның ішінде "Технологиялық көшбасшылық: индустриялық серпіліс" бас стратегиялық сессиясына қатысты. Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановтың және ірі өнеркәсіп компаниялары басшыларының қатысуымен өткен іскерлік таңғы аста Гоар Барсегян: "Еуразиялық экономикалық одақ елдері бизнесінің үйлесімді жұмысы түйінді рөл атқарады. Тұтынушыға бағдарлану және нарықтағы өзгерістерге жедел ден қою қабілеті бизнес-қоғамдастыққа ЕАЭО шеңберінде ауқымды міндеттерді шешуге көмектеседі. Комиссия кәсіпкерлердің өз әлеуетін жақсырақ аша алатын жағдай жасау жолында дәйекті түрде жұмыс істеуде", — деп атап өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің Өнеркәсіп министрлерінің кеңесінде Еуразиялық кеңістіктегі бірлескен жұмыстың келешегі талқыланды. "Комиссия өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуді, технологиялар алмасуды және тиімді интеграциялық байланыстарды қалыптастыруды дәйекті түрде жақтайды. Біз салалық бастамаларды ілгерілетуге, бірлескен жобаларды іске асыруға және ШЫҰ елдерімен технологиялық тәжірибе ауысуға мүдделіміз", — деп атап көрсетті Гоар Барсегян. Ол сондай-ақ Беларусь Өнеркәсіп министрі Андрей Кузнецовпен ЕАЭО-да қаржылық қолдау механизмін және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесуін өткізді. Сонымен қатар, "Иннопром" іс-шаралары шеңберінде Гоар Барсегян жарықтандыру тіректері мен шырағдандар шығаратын "Энерго-Арсенал" зауытына барды. Кәсіпорын Одақта 2024 жылы іске қосылған кооперациялық жобаларды қолдаудың ұлтүсті бағдарламасының әлеуетті қатысушысының бірі болып табылады. "Иннопром" 2025 жылғы 29 қыркүйек — 1 қазан аралығында өз жұмысын Минскіде жалғастырады. Сол жерде ЕАЭО Өнеркәсіптік саясат жөніндегі кеңесінің отырысы өтеді.
07 шілденің 2025 "Бүкілресейлік алқап күні — 2025" шеңберінде ЕАЭО-да асыл тұқымды мал шаруашылығының тиімділігін артыру талқыланды Еуразиялық экономикалық комиссияның Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетян Волгоград облысында "Бүкілресейлік алқап күні — 2025" көрмесі шеңберінде өткен "Генетика. Қарапайым сөздермен маңызды мәселе туралы" атты дөңгелек үстелде Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру және бәсекеге қабілетті өнімді өткізу бойынша инновациялық тәсілдемелерді ендіру жайында айтып берді. "Қазіргі кезеңдегі негізгі бағыт Одақ елдері мен Комиссияның селекциялық-асылдандыру жұмысына геномдық талдау негізінде ауыл шаруашылығы жануарларының асыл тұқымдық құндылығын болжау әдіснамасын кеңінен ендіру жөніндегі бірлескен қызмет болуға тиіс", — деп атап өтті Наира Карапетян. Көрменің іс-шаралары барысында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жоспарлары, отандық селекциялық жетістіктерді сақтаудың қазіргі заманғы мүмкіндіктері, сүтті бағыттағы ірі қара малдың генетикалық әлеуетін жақсарту жолдары талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылар жануарлардың асыл тұқымды құндылығын бағалау әдістемесін ендіру нәтижелері туралы ақпарат алмасты, сондай-ақ Одақ шеңберінде асыл тұқымды ресурстар нарығының жай-күйі мен даму перспективаларын қарады. Асыл тұқымды малдың асыл тұқымдық құндылығын бағалау, өздерінің бәсекеге қабілетті асыл тұқымды өнімін өндіруді ұлғайту үшін олардың генотиптік және фенотиптік белгілерін жинауға және есепке алуға орайлас бірыңғай тәсілдемелерді қолдану қажеттігі атап өтілді. Наира Карапетян мал шаруашылығын орнықты дамыту бойынша ортақ мақсатқа жету үшін келісілген іс-қимылдың маңызды екендігін атап көрсетті.
Тағы да көрсету

тақырыбы бойынша шешімдер «Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен»

63
20.05.2025 Распоряжение Коллегии ЕЭК № 63 О проекте Протокола о внесении изменений в Договор о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года в части оказания финансового содействия при реализации государствами – членами Евразийского экономического союза совместных кооперационных проектов в отраслях агропромышленного комплекса
13
13.05.2025 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 13 О мерах по развитию свиноводства в государствах – членах Евразийского экономического союза
11
13.05.2025 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 11 О мерах по устойчивому развитию рынка молока и молочной продукции в государствах – членах Евразийского экономического союза
10
13.05.2025 Рекомендация Коллегии ЕЭК № 10 О мерах по устойчивому развитию рынка мяса крупного рогатого скота в государствах – членах Евразийского экономического союза
12
14.05.2025 Распоряжение Совета ЕЭК № 12 О внесении изменения в перечень финансовых организаций, участвующих в механизме финансового содействия при реализации государствами – членами Евразийского экономического союза совместных кооперационных проектов
в отраслях промышленности

Бағыт бойынша материалдар

18 қарашаның 2016 ЕЭК ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі министр Карине Минасянның ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбаты: «ЕАЭО-дағы инновациялар тәуекелі көтермеленуі тиіс» 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс жасай бастады, оған бүгінде бес ел кіреді: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей. Егер бұдан 20 жыл бұрын еуразиялық интеграция пайда болған кезде әңгіме сауда ынтымақтастығы туралы болса, қазір күн тәртібі бірте-бірте кеңейді. Қарқынды ақпараттық-технологиялық даму одаққа жаңа сын-қатерлер әкелді. Онлайн-сауданы реттеу, интернет заттары саласындағы заңнама бойынша бірлесе жұмыс істеу, электрондық үкіметтің өзара іс-қимыл жүйесін әзірлеу, тәуекелдік қаржыландыру нарығын құру және жалпы инновацияны бірлесіп дамыту қажеттілігі туды. Сондықтан осы жылы ЕАЭО реттеуші органы Еуразиялық экономикалық комиссия қызметтің жаңа бағытын құрды. Оның негізгі міндеттерінің бірі – бірыңғай цифрлық кеңістік құру, цифрлық технологияларды дамыту. «Еуразиялық апта» форумының қорытындысы бойынша өткен және интеграциялық ынтымақтастықтың жаңа бағытын құрудың бірінші жылдығы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жөніндегі Алқа мүшесі Карине Минасян ТАСС ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында бұл салада атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.​
0/0