Кеден одағының техникалық регламенттерінің жүзеге асырылуы бойынша өзекті сұрақтарға берілген жауаптар ​

 
   
 
 
 
 
Жалпы сипаттағы өзекті сұрақтарға берілген жауаптар
 
№​ ​Сұрақ ​Жауап
1 ​Кеден одағының (КО) қабылданған Техникалық регламенттерінде біркелкі мазмұнданғандық пен рәсімделгендік жоқ. Барлық регламенттер әрқалай стильде мазмұндалған, сондықтан ондағы талаптардың түсінілуі мен орындалуы қиынға соғады. Оның үстіне бұл құжаттарда келтірілген сызбалар біріне-бірі қайшы келеді. КО Техникалық регламенттері бірізге келтірілетін бола ма? 
Кеден одағының (КО) Техникалық регламенттерін бірқалыпты етіп жасаудың міндеттері жоқ. Бұл ретте, бірізділіктің болмауы аталған құжаттардың түсінілуін шындығында қиындата алмайды.   

Жекелеген техникалық регламенттердің қай нормаларының болмасын мазмұндануындағы алуан түрлілік техникалық реттеудің нысандары боп табылатын өнімдердің топтарының ерекшеліктерімен, сондай-ақ КО техникалық регламенттерін әзірлеушілердің әр түрлілігіне байланысты болып отыр.

КО қабылданған және әзірленіп жатқан техникалық регламенттері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесінің 2006 жылғы  27 қазандағы № 321 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың техникалық регламентінің типтік құрылымы бойынша  Ұсыныстармен белгіленген құрылымға сәйкес.
 
2 ​Кеден одағының құжаттарында Тараптар техникалық реттеу ісіне бірыңғай көзқарасты жүзеге асырады деп көрсетіліп жүр. Әсіресе, КО бірыңғай талаптары бекітілген өнімдерге Тараптардың бірде біреуі қосымша талаптар қолдануға құқы жоқ деп мәлімделген. Осы ереже іс жүзінде қашан орындалатын болады?
​2010 жылғы  18 қарашадағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің қағидаттары мен ережелері туралы Келісімнің  5 бабының 3 тармағына сәйкес, өндіріс, монтаж, баптау, пайдалану (қолдану), сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату   процестерінің өнімдеріне қойылатын не болмаса талаптармен байланысты бірыңғай талаптар белгіленетін КО техникалық регламенттері,  сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында сәйкестендірудің ережелері,  сәйкестікті бағалаудың нысандары, сызбалары, мен процедуралары күшіне енген күннен бастап, Тараптардың заңнамаларымен бекітілген тиісті міндетті талаптар қолданылмайды. Оның үстіне, аталған Келісімнің  2 бабының 2 тармағына сәйкес, техникалық регламенттер КО кедендік аумағында тікелей қолданылады және де олар күшіне енген сәттен бастап, техникалық регламенттің реттеу нысандарына бекітілген ұлттық нормалар күшін жояды.
 

Сонымен қоса айта кететіні, Келісімнің  4 бабының 1 тармағына сәйкес, техникалық регламенттер Кеден одағы аясында міндетті талаптар бекітілетін өнімдердің бірыңғай тізбесіне (әрі қарай Бірыңғай тізбе) енгізілген өнімдерге ғана қатысты әзірленеді. Келісімнің  3 бабының 4 тармағына сәйкес, Тараптар өз заңнамаларында бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімдерге қатысты міндетті талаптардың белгіленуіне жол бермейді. 

Осылайша, өнімдерге қосымша ешқандай талаптар қолданылмауға тиіс.

 

На 1 июля 2013 года вступили в силу 21 технический регламент Таможенного союза. До этого момента Стороны должны были предпринять соответствующие меры по реализации технических регламентов ТС, в том числе в части приведения национальных законодательств в соответствие
с положениями технических регламентов ТС

 
3 Талаптарға арналған нормативтік құжаттамалар мен сынақ әдістері үшін тиісті құжаттамалар көрсетілген   КО техникалық регламенттерінің тізбесінде біршама жетіспеушіліктер бар. Сынақ әдістеріне арналған нормативтік құжаттар тіптен көрсетілмеген жағдайда не істеген дұрыс? КО басқа техникалық регламентінің Стандарттар тізбесінен нормативтік құжаттарды пайдалануға бола ма?
Кеден одағының басқа техникалық регламентін қолдану мақсаты үшін бекітілген Стандарттар тізбесінен стандарттардың қолданылуы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің қағидаттары мен ережелері туралы Келісімімен көзделмеген.

Кеден одағының нақты бір техникалық регламентіне қатысты стандарттар тізбесіндегі табылған сәйкессіздіктер туралы мәліметтерді ЕЭК Алқасының шешіміне сай стандарттар тізбесін жыл сайын жаңғыртып отыратын техникалық регламентті әзірлеген органға жіберу керек.
 
4 КОК 07.04.2011 ж.  № 629 Шешіміне сай, «Ұлттық стандарттары Тізбеге енгізілген Тараптардағы стандарттау бойынша органдар, Тараптардың стандарттау бойынша органдарын сол ұлттық стандарттардың электронды түрдегі орыс тіліндегі ресми нұсқаларымен қамтамасыз етуге  тиіс. КО жаңа техникалық регламенттері күшіне енулеріне байланысты, сол тиісті стандарттардың мәтіндері өте қажет болып тұр. Олар қашан жарияланады?
Кеден одағы Комиссиясының 7.04.2011 № 629 Шешімімен бекітілген Ереженің 11 тармағының негізінде Тараптардың стандарттау бойынша органдарынан осы аталған ұлттық стандарттардың ресми нұсқаларын ұсыну туралы сұрату орынды деп санаймыз. 

 

Уәкілетті органдар ұсынудан бас тартқан жағдайларда бұл мәселені техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Консультативтік комитеттің отырысында қараған орынды болады. Ресейлік стандарттар, сонымен қатар, интернет арқылы да қолжетімді (оларды жариялайтын Росстандарт, «Консультант-Плюс», «Техэксперт» және басқалары). Беларусь Республикасында еркін жарияланатын тек СТБ карточкалары, ИСО немесе ТНҚА Ұлттық Қорындағы (БелГИСС), ал Қазақстан Республикасында – ҚР СТ стандарттарының нұсқағышы (ҚазИнСт). Тиісті нормативтік құжаттардың мәтіндерін алу шарттық (ақылы) негізде ұйымдастырылады.

 
5 Егер дайындаушы КО мүше болмаса, ал өнімі Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 № 620 Шешімімен бекітілген сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесіне сәйкес декларациялауға жатқызылған болса (бұл ретте өнім ұлттық заңнамаға сай міндетті сертификациядан өткізілуге жатса), не істеуге болады?, Өтініш беруші тұлға КО аясында сәйкестік сертификатын ала алады ма, әлде тек қана ұлттық сертификат берілуі керек пе? Және қандай сызбаларды қолдану керек? Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 жылғы «Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген «Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалап (растап) бірыңғай құжаттар беруге жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесінің Жаңа Редакциясы» атты № 620 Шешімімен бекітілген Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалап (растап) бірыңғай құжаттар беруге жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесіне ескертпелердің 1 тармағына сәйкес Бірыңғай тізбеге енгізілген өнімдерге өтініш берушінің таңдауына қарай, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сай, сәйкестік туралы декларация беріледі және  сәйкестік сертификаттары бірыңғай нысандар бойынша рәсімделеді және/немесе сәйкестік сертификаты мен сәйкестік туралы декларация беріледі.

 

Бұл ретте КО мүше мемлекеттердің аумағында орналаспаған шетелдік өнім шығарушылардың  өнімдеріне, Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сай, сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты рәсімделеді, не болмаса міндетті сертификаттауға жатқызылған өнімдерге берілетін бірыңғай нысандағы сәйкестік сертификаты беріледі.


Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген  «Кеден одағындағы техникалық реттеу туралы» шешімнің 5 тармағына сәйкес, Бірыңғай тізбеге енгізілген өнімдерге сәйкестік туралы декларацияны тіркеу және де сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары қамтамасыз етеді.

6 КО техникалық регламенті әлі күшіне енбеген, және өнім КО аясында міндетті сертификаттауға жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесі бойынша сертификаттауға жататын, ал өтініш беруші Кеден одағының сертификатын алғысы келетін жағдайда, сертификаттау ісін қандай тәртіппен жүргізу қажет болады: Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 жылғы № 621 Шешімімен бекітілген  «Сәйкестікті бағалаудың (растаудың) типтік схемаларын қолданудың тәртібі туралы Ережеге» сәйкес типтік сызбалар бойынша ма, не болмаса ұлттық сызбалар бойынша?
Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген  «Кеден одағындағы техникалық реттеу туралы» шешімнің 5 тармағына сәйкес сертификаттау бойынша жұмыстарды және Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 жылғы «Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген «Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалап (растап) бірыңғай құжаттар беруге жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесінің Жаңа Редакциясы» атты № 620 Шешімімен бекітілген Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалап (растап) бірыңғай құжаттар беруге жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімдерге берілген сәйкестік туралы декларацияларды тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары қамтамасыз етеді.

Өнімдердің Бірыңғай тізбесіне берілген ескертпелердің 12 тармағына сай бірыңғай нысандар бойынша берілген сәйкестік сертификаттары  мен өнімнің сәйкестігі туралы қабыл алынған декларациялар өнімнің Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларының талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар болып табылады.

 

Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген  бірыңғай нысан бойынша рәсімделген, берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген  сәйкестік туралы декларациялардың Бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу туралы Ереженің  5-тармағына сәйкес,  сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы декларациялар туралы мәліметтерді Тараптың заңнамасымен бекітілген тәртіпте сәйкестік сертификатын беру және сәйкестік туралы декларацияны тіркеу, олардың күшін тоқтату, жаңғырту, ұзарту немесе жою туралы шешімнің негізінде Бірыңғай тізбенің ұлттық бөліктеріне Тараптардың уәкілетті органдары енгізіп отырады.

 
7 Өнім жасаушы КО мүшесі болып табылмаған жағдайда, өнімдерін Кеден одағының аясында міндетті сертификаттауға жатқызылатын өнімдердің Бірыңғай тізбесі бойынша мәлімделуге жатқызылады, ал сонымен қатар ұлттық заңнамаға сай міндетті сертификаттауға жатқызылады, сонда КО сертификатын беру қажет пе, әлде ұлттық сертификатпен шектелуге бола ма?
​Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 жылғы «Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген «Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалап (растап) бірыңғай құжаттар беруге жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесінің Жаңа Редакциясы» атты № 620 Шешімімен бекітілген Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалап (растап) бірыңғай құжаттар беруге жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесіне ескертпелердің 1 тармағына сәйкес Бірыңғай тізбеге енгізілген өнімдерге өтініш берушінің таңдауына қарай, Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сай, сәйкестік туралы декларация беріледі және  сәйкестік сертификаттары бірыңғай нысандар бойынша рәсімделеді және/немесе сәйкестік сертификаты мен сәйкестік туралы декларация беріледі.

 

Бұл ретте КО мүше мемлекеттердің аумағында орналаспаған шетелдік өнім шығарушылардың  өнімдеріне, Кеден одағына мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сай, сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты рәсімделеді, не болмаса міндетті сертификаттауға жатқызылған өнімдерге берілетін бірыңғай нысандағы сәйкестік сертификаты беріледі.​
 

Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген  «Кеден одағындағы техникалық реттеу туралы» шешімнің 5 тармағына сәйкес, Бірыңғай тізбеге енгізілген өнімдерге сәйкестік туралы декларацияны тіркеу және де сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары қамтамасыз етеді.

 
8 ​Техникалық регламентте келтірілген талаптарды (мысалға, «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» ТР) аккредитациялау саласында көрсету керек пе, әлде техникалық регламентке берілген тізбеден алынған стандарттардағы көрсеткіштер жеткілікті ме? «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техрегламентінің мына талаптарын ойға алып  отырмыз: «Машинаны және/немесе жабдықтарды басқару жүйелері ескерту дабылдарының қауіпті жағдайларға апаратын машинаның және/немесе жабдықтардың бұзылғандығы жайлы хабар беретін құралдарын қамтуға тиіс»; «Машинаны және/немесе жабдықтардың жүйелерін басқару олардың бірлескен қызметі нәтижесінде, сонымен қатар, қандай бір бөлігі істен шыққанда қауіп-қатердің туындауын болдырмауға тиіс»; «Машинада және/немесе жабдықтарда электр энергиясы қолданылған жағдайда, олар электр тогынан жарақаттану  қаупі болмайтындай әзірленіп (жобаланып), жасалып және орнатылуға тиіс болады».
Бұл мәселе аккредитациялау бойынша уәкілетті органдардың құзырында (мысалы, Қазақстан Республикасы үшін  - «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС).
 
​9
​1. Егер де техникалық регламенттің  жоғарыда келтірілгендер сияқты талаптарын аккредитациялау саласында көрсету қажет болса, онда сынақтардың әдістеріне  қандай нормативтік құжатты көрсетуге болады? Техникалық регламентте көрсетілген талаптарды, аккредитациялау саласында қалай жазылған болса солай көрсету керек пе: «Машинаны және/немесе жабдықтардың жүйелерін басқару жеңіл әрі қолжетімді болулары керек әрі тез аңғаратындай, жазулармен, таңбалармен  белгіленулері керек не болмаса басқа әдістермен белгіленулері керек, өздігінен жылжып кетуіне жол бермейтіндей құрастырылып, орналастырулары керек, және соның барлығы сенімді, мықты әрі бір қалыпты басқару үшін жасалуға тиіс» әлде басқару органдарына қатысты барлық талаптарын біріктіре отырып, қысқаша былай айтуға бола ма, мәселен: «жабдықтарды басқарудың органдарына қойылатын талаптар»?

2. Егер де өнім тек қана декларациялауға жататын болса, (мысалы, парфюмериялық-косметикалық), ал сәйкестікті (растау) бағалау бойынша жұмыстарды орындайтын сынақ зертханалары, жекелеген көрсеткіштер бойынша аккредитацияланбаған, басқа сынақ зертханаларымен аталған көрсеткіштер бойынша сынақ үшін субмердігерлік шарттар жасаспауға бола ма?


 СЖО КО сынақ зертханаларының (орталықтары) тізіліміне кіретін  және аталған көрсеткіштер бойынша аккредитацияланған КО басқа мемлекеттерінің зертханаларымен жекелеген көрсеткіштерге субмердігерлік шарттар жасасуға жол беріле ме?

​1. Бұл мәселе аккредитациялау бойынша  уәкілетті  органдардың құзырында (мысалы, Қазақстан Республикасы үшін  - «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС).

 

 

2. Сертификаттау бойынша органдар Кеден одағының Бірыңғай тізіліміне кіретін кез келген сынақ зертханаларымен (орталықтары) жеке көрсеткіштер бойынша  субмердігерлік шарттарын жасаса алады.

 
10 ​КО аумағында жарылыс қауіпінен қорғалған сынақ зертханаларының саны аз екендігі себепті, КО тиісті техникалық регламентіне ілеспе құжаттардың негізінде, соның ішінде зауыт сынақтарының хаттамалары негізінде сәйкестік сертификаттарының берілуін көздейтін сертификаттау сызбасын (9с) қосуға болмас па екен?  Сынақ зертханаларының саны мәселесі  аккредитациялау бойынша уәкілетті  органдардың құзырында (мысалы, Қазақстан Республикасы үшін  - «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС).  Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу мәселелері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы  ​№ 48 Шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізудің және күшін жоюдың тәртібі туралы Ереженің нормаларымен реттелген.​
11
​1. Кеден одағының сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының Бірыңғай тізілімі қалай қалыптастырылып отырады?

 

 

2. КО сертификаттары мен декларацияларының жаңа бланктері қашан шығарылады? КО сертификаттарының тізіліміне есептерді тікелей ме немесе уәкілетті ұлттық орган арқылы ма ұсыну қажет ? Аккредитациялау бойынша ұлттық орталыққа есептердің көшірмелерін қайталап беру керек пе?

 

 

 

3. КО техникалық регламенттерінде белгіленген өнімдер ұлттық тізбелерден шығарып тастала ма?

 
​1. Кеден одағының сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтарының)  Бірыңғай тізілімін қалыптастыруды және жүргізуді Еуразиялық экономикалық комиссия Тараптардың уәкілетті органдарынан алынған Бірыңғай тізілімге сертификаттау бойынша органдарын және/немесе сынақ зертханаларын енгізу бойынша ұсыныстардың негізінде қамтамасыз етеді.

 

 

2. КО Комиссиясының 2011 жылғы 09 желтоқсандағы «Сәйкестікті (Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы сертификатын, Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы декларацияның) бағалау (растау) туралы құжаттардың бірыңғай нысандары туралы»  № 896 Шешімімен бекітілген КО техникалық регламентінің(терінің)талаптарына сәйкестік сертификатының Бірыңғай нысанына берілген  № 1  қосымшаның 2.2. тармағына сай, бланктар КО мүше мемлекеттерде баспаханалық тәсілмен басып шығарылады. Бұл ретте, Беларусь Республикасында басып шығарылатын бланктың баспаханалық нөмірі  «Серия BY», Қазақстан Республикасында – «Серия KZ», Ресей Федерациясында – «Серия RU» белгісін қамтитын болады.

 

 

 

3. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің қағидаттары мен ережелері туралы Келісімінің 2 бабының 4 тармағына сәйкес, Тараптар КО техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін өнімдердің айналымын КО техникалық регламенттерінің талаптарына қосымша талаптар қоймастан және сәйкестікті  бағалаудың (растау) қосымша рәсімдерсіз қамтамасыз етеді.

 
12 ​Сертификаттар қандай мерзімге беріледі, оларды 5 жылға беруге бола ма? Сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімі Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленеді.
13 ​Кеден одағының техникалық регламенттерінің қолданылуы таратылатын  өнімдер, КО бірыңғай тізбесінен шығарылған. Алайда бірыңғай тізбеде тауарлардың тек бірнеше түрі ғана көрсетілген.  Енді, техрегламенттердегі ұғымдарға сай, олардың әрекетіне көбірек тауарлар түсетін болады.  Кеден одағының техникалық регламенттерінің әрекетіне түсетін өнімдердің қандай бір тізбесі құрылатын бола ма  (мәселен, өнімдерді бір техрегламентке немесе басқа бір техрегламенттерге жатқызу тәртібі туралы нашар хабардар етілген кеден органдарына арналған) немесе барлығы СЖО қарауына беріле ме? Ондай болса, еркін түсінік беріп теріс пайдалану мүмкін бе?​ ​КО Алқасының және БЭК Алқасының тиісті шешімдерімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін жүзеге асыруға қажетті болатын Іс-шаралар жоспарында техникалық регламенттің талаптарының сақталғандығын растайтын сәйкестік туралы құжаттардың бірін кеден органына берумен жүргізілетін кедендік декларацияның берілуіне қатысты КО СЭҚ ТН кодтары көрсетілген Өнімдер тізбесіндегі Кеден одағының әрбір техникалық регламенттері үшін әзірлеу және бекіту көзделген.
14 ​Кеден одағының техникалық регламенттеріне берілген стандарттар тізбесіндегі жетіспей жатқан сынақ әдістемелері бойынша мәселе қашан шешіледі? ​Қазіргі уақытта бұл мәселе Тараптардың ұсыныстары ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық комиссияның аясында пысықталуда.
15 ​2013 жылдың ақпан айында күшіне енетін КО ТР арналған стандарттардың мәтіндерін дереу ұсыну керек, өйткені  қазірдің өзінде сынақ әдістерін қамтып отырған қосымша талаптарды талдау және қосымша ИО мен СИ тапсырыс беру керек болады ал оған біршама уақыт қажет болады. Бұл мәселе Тараптардың стандарттау бойынша ұлттық органдарының құзырында.
16 «КО ТР НҚ дәлелдеу базасының тізбесі» өнімдерді сынаудың толықтығын қамтамасыз ете алмайтындығынан, аккредитациялаудың өз саламыз​​ бойынша http://www.eecomission.org сайтындағы жарияланған («Тауарлардың (өнімдердің) қауіпсіздігіне бақылау жасау және қадағалау», «Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған тауарларға қойылатын Бірыңғай санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға және де КО техникалық регламенттерімен белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) мақсаттары үшін қолданылатын әдістер (әдістемелер) тізімі (архив 22 Мб)» қолдана аламыз ба? Қазіргі уақытта бұл мәселе Тараптардың ұсыныстары ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық комиссияның аясында пысықталуда.
17 ​Қазақстан аумағына баратын Кедендік сертификаттардың көшірмелеріне қатысты сауал. Қазақстан аумағына баратын Кедендік сертификаттардың көшірмелері, ақ-қара ала түсті жасалған, көшірмелері әр түрлі расталған (не болмаса өтініш берушімен, не болмаса нотариалдық түрде, не болмаса «көшірме шынайы» деген таңбасы да жоқ). КО мүше әрбір мемлекетте көшірмелерін дұрыс рәсімдеудің тәртібі келтірілген құжат әзірлеу не болмаса Қазақстан аумағына баратын Кедендік сертификаттардың көшірмелерін рәсімдеудің және тіркеудің бірыңғай ережелерін әзірлеп алған жөн.
​Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен, Кеден одағы Комиссиясының 20.09.2010 жылғы № 383 Шешімімен бекітілген  Кеден одағының декларациялары мен сәйкестік сертификаттарының Бірыңғай нысандарына берілген 1 Қосымшадағы 4 тармаққа сай, бірыңғай нысан бойынша, соның ішінде оған берілген қосымшаларымен рәсімделген сәйкестік сертификаттарының көшірмелері бірыңғай нысан бойынша рәсімделіп, сәйкестік сертификаты аумағында берілген Тараптың заңнамасына сәйкес расталады. Беларусь Республикасында «Беларусь Республикасының сәйкестікті растаудың Ұлттық жүйесінің сәйкестікті растау Ережелеріне» сәйкес (Мемстандарттың 26.05.2011 ж № 23 Қаулысымен бекітілген), сәйкестік сертификаттарының көшірмелері сәйкестік сертификаттарын берген аккредиттелген органмен расталады немесе стандарттаудың, метрология мен сертификаттаудың аумақтық органдарымен расталып, бекітілген үлгідегі бланктарда рәсімделеді.
 

Ресей Федерациясында, Ресей Федерациясының Мемлекеттік Стандарттау және сертификаттау комитетінің 22.09.2000 жылғы № ИК-110-19/3022 хатына сәйкес, (Ресей Федерациясы Үкіметінің 19.01.1998 жылғы № 55 Қаулысымен, 20.10.1998 жылғы № 1222,  2.10.1999 жылғы № 1104 Қаулылары редакциясында бекітілген Жеке түрдегі тауарларды сату Ережелерінің 12-тармағы негізінде ), сәйкестік сертификаттарының көшірмелері ақ қағазға түсіріліп, сәйкестік сертификатының түпнұсқасын иеленушімен, нотариуспен немесе сәйкестік сертификатын берген тауарларды сертификаттау бойынша органмен расталады.


Қазақстан Республикасында (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 90 Қаулысымен бекітілген) «Сәйкестікті растау рәсімдері» ҚР ТР сәйкес, сәйкестік сертификаттарының көшірмелері үлгілері бекітілген бланктарда жасалып, сертификаттау бойынша органның бірінші басшысының немесе уәкілеттік табыс етілген тұлғаның қолы қойылып, мөрмен расталады.

 
18 ​Бір сәйкестік декларациясында бірнеше СЭҚ ТН кодтары мен бірнеше шығарған елдерді және әртүрлі шығарушы зауыттарды көрсетуге жол беріле ме? ​Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы сәйкестік сертификаты мен декларациясын рәсімдеудің ережелері Кеден одағы Комиссиясының 09.12.2011 жылғы  №896 Шешімімен бекітілген сәйкестікті (Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы сәйкестік сертификаты мен декларациясы) бағалау (растау) туралы құжаттардың Бірыңғай нысандарына қоса берілген қосымшаларда белгіленген.
19 ​Сәйкестік туралы декларация немесе Сәйкестіктің Бірыңғай сертификаты мемлекеттік тілде басып шығарылатын бола ма (болмайтын болса, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілде маркерлеу туралы 21.03.2008 жылғы №277 техникалық регламенті бұзылған бола ма)? ​КО Комиссиясының 2011 жылғы 09 желтоқсандағы «Сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттардың бірыңғай нысандары туралы (Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестік сертификатын, Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігі туралы декларацияға)»  № 896 Шешімімен бекітілген КО техникалық регламентінің(терінің)талаптарына сәйкестік сертификатының Бірыңғай нысанына берілген  № 1  қосымшаның 2.2. және 2.3.  тармақтарына сай, бланктар электронды басып шығарушы құрылғыларды ғана пайдаланып толтырылады. Бланктың мұқаба беті орыс тілінде толтырылады, артқы беті болса, бірыңғай бекітілген нысандардағы реквизиттерге (позициялар) сәйкес, сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген Кеден одағына мүше елдің мемлекеттік тілінде толтырыла алады.
20 ​Бірыңғай Техникалық регламент әскери тұлғалардың киімдері мен формалық киімдерге әрекет етпей ме. Қандай НҚ осы киім түрлеріне НҚ сәйкестігі туралы сертификатты немесе сәйкестік туралы декларацияны беруге болады (осы киім түрінің НҚ КО ТР дәйектеме базасында көрсетілмеген)? ​Қорғаныстық тапсырыстары бойынша жеткізілетін өнімдер Кеден одағы техникалық регламенттерінің реттеу нысаны болып табылмайды.
21 ​Жарамдылық мерзімдері көрсетілген өнімдерге қандай сәйкестік туралы декларация беріледі? ​Сәйкестік туралы декларациялардың қолданылу мерзімдері Кеден одағы техникалық регламенттерінде белгіленген.
22 ​Өнімнің сәйкестігін декларациялауды өтініш берушінің тілегі бойынша сертификаттаумен алмастыруға бола ма? ​Сәйкестікті декларациялауды Кеден одағы техникалық регламентінде көзделген жағдайда ғана өтініш берушінің тілегі бойынша сертификаттауға алмастыруға болады.
23 ​«Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»  ТС 009/2011  техникалық регламентініңі 7 қосымшасындағы «Басқа да косметика» өнімдерінің 2 тобының қауіпсіздіктің микробиологиялық талаптары  (КМАФАнМ өзгелері), «Балаларға арналған, көздің айналасына, интимдік, ауыз қуысының гигиеналық құралдары» (0,5 г немесе 0,5 мл. жол берілмейді) 1 тобының қауіпсіздігіне қарағанда сәл жоғары (0,1 г немесе 0,1 мл.жол берілмейді). Көздің айналасына арналған балалар косметикасы мен құралдарына бұрын қолданған нормативтік құжаттарда, СанЕжәнеН, МемСТ бойынша басқа косметикаға қарағанда қатаң талаптар қойылатын. Бұл немен байланысты болып отыр? ​«Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»  техникалық регламентінің жобасы белгіленген тәртіппен ашық талқылаудан және Тараптарда мемлекет ішілік келісу рәсімдерінен өткізілді, сонымен қатар Кеден одағы Комиссиясының жанындағы техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Үйлестіру  комитеттің отырысында қаралды және мақұлданды.
24 ​КО ТР 009/2011 Тізбесінде  ИСО 18416-2009 «Candida albicans табылуы» сілтеме жасалған, алайда Қазақстан Республикасының аумағында ол тіркелмеген. Бұл құжатты қайдан табуға болады?
​«Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»  ТС 009/2011  техникалық регламентіне берілген стандарттар тізбесінде  ИСО 18416-2009 стандартының қолданылуы көзделмеген. Тізбелер ИСО 18416-2009 негізінде мемлекетаралық стандарттың әзірленуін көздейді. Қазіргі уақытта Беларусь Республикасының Мемстандарты ИСО 18416-2009 негізінде мемлекетаралық стандарттың Беларусь республикасы әзірлеуін көздеп отырған аталған техникалық регламентке мемлекетаралық стандарттың әзірленуі бойынша бағдарлама жобасын дайындауды жүзеге асырады.
25 ​КО ТР 009/2011 нормативтік құжаттарының Тізбесінде тіркелген 13.08.08 ж.СанЕжәнеН №130-А, ,  Беларусь Республикасының аумағында күшін жойған. Бұл аталған НҚ Кеден одағының шеңберінде, әсіресе Қазақстан Республикасында қолдану заңды ма? ​Беларусь Республикасының Мемстандартымен КО ТР 009/2011 нормативтік құжаттардың Тізбесінен «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы»  ТС 009/2011  техникалық регламентіне берілген стандарттар тізбесінен  СанЕжәнеН №130-А шығарып тастау туралы ұсынымдар әзірленген.
26
​КО ТР  007/2011 және  КО ТР  017/2011 стандарттар тізбелерінде ауада гексаметилендиаминді анықтауға НҚ жоқ. КО ТР  007/2011 стандарттар тізбесінде ауада этиленгликольді анықтауға НҚ жоқ.
 
Қазіргі уақытта бұл мәселе Тараптардың ұсыныстары ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық комиссияның аясында пысықталуда.
27
​ТР ТС 017/2011
Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы 

 

КО ТР  007/2011 және  КО ТР  017/2011 стандарттар тізбелерінде толуилендиизоционатты  анықтауға НҚ жоқ.

 
Қазіргі уақытта бұл мәселе Тараптардың ұсыныстары ескеріле отырып Еуразиялық экономикалық комиссияның аясында пысықталуда.​
28
​Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (Сәйкестігін растау) техникалық регламентінің  8 бабы, 5 тармағы: Өтініш берушінің шешіміне қарай, осы баптың 4 тармағының 1 абзацында көрсетілген Тізбеге енгізілген машиналар және/немесе жабдықтарға қатысты сәйкестік туралы декларациялаудың орнына осы техникалық регламентпен машиналар және/немесе жабдықтарға арналып көзделген сызбалар бойынша, соның ішінде өтініш берушіде осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растау бойынша өз дәлелдемелері болмағанда немесе жеткіліксіз болғанда сертификаттау өткізіле алады. 

Осы баптың 1 тармағы 4 абзацы: Сәйкестікті декларациялау Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына сәйкестігін растауға жатқызылған техникалық реттеу нысандары Тізбесіне енгізілген машиналар және/немесе жабдықтарға қатысты өтініш берушімен № 3 қосымшадағы келтірілген сәйкестікті декларациялау түрінде өткізіледі.

 

Сұрақ: № 3 қосымшада Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына декларация түрінде сәйкестілігін растауға жатқызылған техникалық реттеу нысандары Тізбесі келтірілген.  Егер өтініш берушіде осы техникалық регламенттің талаптарына сәйкестілігін растау бойынша өз дәлелдемелері болмағанда немесе жеткіліксіз болса, онда Өтініш берушінің шешімімен сәйкестілікті растау жөніндегі орган сертификаттау түрінде сәйкестігін растау өткізе ала ма? Дегенмен де, сертификаттау міндетті түрде ғана көзделген. Ерікті түрдегі сертификаттау көзделмеген. Тиісті бланктар жоқ.

 
​Кеден одағының техникалық регламентімен көзделген жағдайда ғана, тұтынушының өз еркі бойынша Сәйкестікті декларациялау ісі сертификаттаумен алмастырыла алады. Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясында техникалық реттеудің қағидаттары мен ережелері туралы Келісімнің  7 бабының 2 тармағына сәйкес, өнімдердің Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкестігі міндетті түрде расталуы декларациялау және сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады.
 
29
​Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (Сәйкестігін растау) техникалық регламентінің  8 бабының 10- тармағы: машиналар және/немесе жабдықтардың сәйкестігіне растау өткізгенде, өтініш беруші осы техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын машиналар және/немесе жабдықтарға құжаттар топтамасын қалыптастырады, олар мыналардан құралады:-
- қауіпсіздігін негіздеу;

- техникалық шарттар (болғанда);

- пайдалану құжаттары;

- аталған машиналар және/немесе жабдықтар (жасаушы қолданғанда) талаптарына сай келуі міндетті болатын 6 бапта көрсетілген стандарттар тізбесі;

- келісімшарт (жеткізу шарты) (партияға арнап, бөлшек бұйымдарға) немесе тауардың ілеспе құжаттамасы  (партияға арнап, бөлшек бұйымдарға);
 

- дайындаушының менеджмент жүйесіне берілген сертификаты (болғанда);

 

- өткізілген зерттеулер туралы мәліметтер (болғанда);

 

- дайындаушы, сатушы, шетелдік дайындаушы функцияларын атқарушы тұлға және сынақ зертханалары (орталықтары) жасаған машиналар және/немесе жабдықтар сынақтарының хаттамалары (болғанда);

 

- материалдар мен жиынтық бұйымдардың сәйкестік сертификаттары немесе олардың сынақтан өткізу хаттамалары (болғанда);

 

-​ аталған машиналар және/немесе жабдықтардың шетелдік сертификаттау органдарынан алған сәйкестік сертификаттары (болғанда);

 

аталған машиналар және/немесе жабдықтардың осы техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тура және жанама растайтын  басқа да құжаттар (болғанда)

 

Сұрақтар:

​​

1. Егер осы аталған құжаттар болмаса, онда сәйкестігін растау үшін құжаттар жеткіліксіз болған күннің өзінде сәйкестігін растау бойынша орган Өтініш берушіге сәйкестікті растаудан бас тарта алмайды ма?

 

2. Осы техникалық регламенттің 4 бабына сай әзірлеу (жобалау) кезінде машиналар және/немесе жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылған. Осыған байланысты, қауіпсіздікті негіздеу ретінде сәйкестік туралы декларация қабылдауға негіз болатындай, дәйектеме материалдарының құрамына жобалық, конструкторлық құжаттаманың қосылуы қажет деп санаймыз.   

 

3. Осы техникалық регламенттің 5 бабына сай, жасау, сақтау, тасымалдау, пайдалану және кәдеге жарату кезінде машиналар және/немесе жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылған. Осыған байланысты, қауіпсіздікті негіздеу ретінде сәйкестік туралы декларация қабылдауға негіз болатындай, дәйектеме материалдарының құрамына нормативтік құжаттамалардың (мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аударып) қосылуы қажет деп санаймыз.

​1. Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (Сәйкестігін растау) техникалық регламентінің (әрі қарай – техникалық регламент)  8 бабының 10 тармағында  көрсетілген құжаттар топтамасын өтініш беруші техникалық регламенттің 11 бабы 1 тармағындағы ережелерге сай сертификаттау өткізуге берілетін тапсырыспен бірге береді. Аталған топтамаға кіретін құжаттар сертификаттау түрінде сәйкестікті растауға негіз бола алмайды, өйткені,  техникалық регламенттің 11 бабында бекітілген схемалар сертификаттау бойынша органның тиісті рәсімдерін көздейді, соның негізінде сертификаттау бойынша орган қандайда бір шешім шығарады. Техникалық регламенттегі 8 баптың 10 тармағында көрсетілген құжаттарды қолдану шарттары техникалық регламенттегі 10  баптың 2 тармағында белгіленген.
 

2. Техникалық регламенттегі "қауіпсіздікті негіздеу" 2 бапқа сәйкес  - қатер талдауын қамтитын құжат, сонымен қатар қызмет етуінің барлық циклдарында машиналар және/немесе жабдықтармен ілесе жүретін қауіпсіздікті қамтамасыз етудің минималды шаралары туралы конструкторлық, пайдалану, технологиялық құжаттамаларының мәліметтері мен капиталдық жөндеу жүргізілген соң пайдалану кезеңінде қатерлерді бағалау нәтижелері туралы мәліметтермен толықтырылып отыратын құжат. "Қауіпсіздікті негіздеу" құжатының машиналар мен жабдықтарға арналған тақылеттес құжаты болатын - 2006/42 ЕС(98/37 ЕС) «Машиналар қауіпсіздігі» Директивасындағы техникалық файл.

 

Техникалық регламенттегі 8 баптың 10 тармағына сәйкес "Қауіпсіздікті негіздеу" құжаты техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын,  машиналарға және/немесе жабдықтарға арналған құжат топтамаларына кіреді.

 

3. Қандай нормативтік құжаттар туралы айтылып жатқаны ұғынықсыз. Техникалық регламенттің 5 бабында қандай нормативтік құжаттар жайлы айтылған ескертілмейді.

 

Техникалық регламенттегі 8 баптың 10 тармағына сәйкес қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын,  машиналарға және/немесе жабдықтарға арналған құжат топтамаларына мыналар кіреді:

 

- қауіпсіздігін негіздеу;


- техникалық шарттар (болғанда);


- пайдаланушылық құжаттар;


- аталған машиналар және/немесе жабдықтар (жасаушы қолданғанда) талаптарына сай келуі міндетті болатын 6 бапта көрсетілген стандарттар тізбесі.

 
30
​Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің 3 қосымшасында, өнімдердің ресейлік жіктеуішке сай (сертификаттау түрінде және декларациялау түрінде) сәйкестігін растауға жатқызылған техникалық реттеу нысандарының тізбесі берілген.

Сұрақ: Өнімдерді (машиналар және/немесе жабдықтар) сәйкестендіру үшін, оның күрделілігін ескере отырып, сол тізбені Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифімен сәйкестендіру қажет бола ма.

​Сұрақтың авторы Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (әрі қарай - техникалық регламент) техникалық регламентінің 3 қосымшасы, өнімдердің ресейлік жіктеуішке сай қалыптастырылған деген қорытындыға келгені түсініксіз.
Техникалық регламенттің  1 бабының 7 тармағына сай, машиналарды және/немесе жабдықтарды сәйкестендіру кезінде машиналардың және/немесе жабдықтардың үлгіге немесе олардың сипаттамасына сәйкестігі белгіленетіндігі,  мұның үшін техникалық регламенттің  6 бабының 1 тармағында көрсетілген, стандарттар, жіктеуіштер, спецификациялар мен сызбалар, техникалық шарттар, пайдалану құжаттамалары қолданыла алатындығы көрсетілген .

Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифі өзінің құрылымы мен мазмұны бойынша машиналар және/немесе жабдықтарды сәйкестендіру мақсаттары үшін қолданыла алмайды.

 

КО Алқасының және БЭК Алқасының тиісті шешімдерімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін жүзеге асыруға қажетті болатын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 22 Шешімімен бекітілген  орындалу мерзімі  2013 жылдың 15 ақпаны болатын Іс-шаралар жоспарында техникалық регламенттің талаптарының сақталғандығын растайтын сәйкестік туралы құжаттардың бірін кеден органына берумен жүргізілетін кедендік декларацияның берілуіне қатысты КО СЭҚ ТН кодтары көрсетілген Өнімдер тізбесіндегі Кеден одағының әрбір техникалық регламенттері үшін әзірлеу және бекітілу көзделгендігін қосымша хабарлаймыз.

 
31
​3 қосымшада (Кеден одағының  «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті талаптарына декларация түрінде сәйкестігін растауға жатқызылған техникалық реттеу нысандары Тізбесі) 50 тармағында өнеркәсіптік кәсіпорындардағы технологиялық процестерге қолдануға арналған газ оттықтары мен аралас (блоктықтан өзге) , сұйық отынды, жабдыққа ендірілетін оттықтар келтірілген.
Сұрақтар:

 Газ оттықтарына ТР ТС 016/2011 «Газ тәріздес отында жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті қолданылады. Газ оттықтарына екі бірдей техникалық регламенті қолданылады дегенді білдіре ме?
 

 «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай, газ оттықтарының сәйкестігін растау сәйкестікті декларациялау түрінде өткізіледі.


«Газ тәріздес отында жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай, газ оттықтарының сәйкестігін растау сәйкестікті сертификаттау түрінде өткізіледі.


Екі жағдай да өнеркәсіптік оттықтар туралы айтылып тұр, сондықтан да техникалық регламенттер бір-біріне қайшы келіп тұр.

 
​«Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің реттеу объектісі  өнеркәсіптік кәсіпорындардағы технологиялық процестерге қолдануға арналған газ оттықтары мен аралас (блоктықтан өзге) , сұйық отынды, жабдыққа ендірілетін оттықтар болып табылады. 

«Газ тәріздес отында жұмыс істейтін аппараттардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің реттеу объектісі - тұрмыстық инфрақызыл сәуле тарататын газ оттықтары; арнайы («жарық» инфрақызыл сәуле тарататын жылытқыштар) өнеркәсіптік газ оттықтары; өнеркәсіптік блоктық газ оттықтары; өнеркәсіптік аралас газ оттықтары болып табылады.

Сөйтіп, келтірілген техникалық регламенттердегі техникалық реттеу объектілері әр алуан болады.
 
32
​Техникалық регламентте (Қосымшасында) сертификаттау кезінде де, декларациялау кезінде де сәйкестігін растау бойынша рәсімдерді өткізуге қажетті болатын құжаттардың бірыңғай нысандарын келтіру қажет.  (Мәселен, сертификаттау ісінде:  Тапсырыс, тапсырыс бойынша Шешім, Іріктеу актісі, Сарапшының қорытындысы, сертификат беру туралы Шешім, өндіріс жағдайына жасалған талдау нәтижелері туралы Акт, Кеден одағына мүше мемлекеттің нарығында айналымға белгімен таңбалау құқығына берілген технологиялық нұсқау, және осының барлығы қамтитын позициялар көрсетілсін).

 

Сонымен де, пакетте қандай құжаттар болуы керектігіне нақты нұсқау болуы керек: сертификаттау; сәйкестікті декларациялау.

 
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес, сертификаттау органдарымен сәйкестікті растау шарттың негізінде жүзеге асырылады. Сәйкестіктің расталуын қамтамасыз ететін осы сұрақта аталған құжаттар, Кеден одағының сертификаттау бойынша органдары мен сынақ зертханаларының (орталықтары) Бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредитацияланған органдарының ішкі құжат айналымымен реттеледі.
33 ​Кеден одағының «Машиналардың және жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті. Ерікті негізде қолдану кезінде техникалық регламенттің талаптары сақталатын стандарттардың Тізбесін жаңартуды сұраймыз, өйткені Тізбеде күшін жойған немесе жаңаларымен ауыстырылған нормативтік құжаттар көрсетілген. Жаңартылған Тізбені жақын арада ұсынуды сұраймыз және де 2012 жылдың қараша айына қарай толық көлемде нормативтік құжаттармен қамтамасыздандыруды сұраймыз.  Кеден одағының техникалық регламенті күшіне енгенше нормативтік құжаттармен жұмыс жасау қажет болады және тиісті сынақ жабдықтарын (қажет болғанда) сатып алу қажеттік етеді. 
​КО Алқасының және БЭК Алқасының тиісті шешімдерімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін іске асыруға қажетті болатын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 22 Шешімімен бекітілген  Іс-шаралар жоспарында Еуразиялық экономикалық комиссиясына ерікті негізде қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар Тізбесін жаңғырту бойынша ұсынымдарын, сонымен қатар орындалу мерзімі 2013 жылдың 15 ақпанынан кейін де Тізбелердегі стандарттардың қолданылу мониторингі негізінде сәйкестікті бағалау (растау) жүзеге асырылуын және техникалық регламенттің талаптарын қолдануға әрі оларды орындауға қажетті болатын зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеп алудың ережелерін қамтитын мемлекетаралық стандарттарды дайындап, жылына бір реттен кем болмайтын мәрте беру көзделген (жауапты орындаушы  – Ресей Федерациясы Тараптардың уәкілетті органдарымен бірлесе отырып).   Осы күнге дейін Тараптардан Комиссияға ұсынымдар келіп түскені жоқ.
 
34 ​Шағын вольтті және ЭСМ бойынша ТР 2013 жылдың  ақпанынан бастап күшіне енеді, неліктен қазір оларды енгізгенше Беларусь пен Ресей Кеден одағының сертификаттарын рәсімдеп жатыр? Бұл, Өтініш берушілерді шатастырады, өйткені өнімдерге берілген маркерлеу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі талаптарға сай келмей отыр (ТР 277 «маркерлеу, буып-түю, затбелгі жапсыру және оларды дұрыс түсіру» мен Тілдер туралы заңы), яғни бұл сертификаттарды осы көрсеткіштері бойынша да жарамсыз етеді. ​Беларусь Республикасы мен Ресей Федерациясында Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 жылғы № 620 Шешімімен бекітілген  бірыңғай құжаттар беріле отырып, Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалауға (растауға) жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімдерге рәсімделген бірыңғай нысандарға сай сәйкестік сертификаттары рәсімделіп, сәйкестік туралы декларациялар тіркеледі.
35
​Қолданылуы нәтижесінде Кеден одағының «Шағынвольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 004/2011) техникалық регламенті талаптарының ерікті негізде сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттардың тізбесі.
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 Шешімімен (тізімде 372 позиция) БЕКІТІЛГЕН  (тізімде 372 позиция)
 
1. 29.03.2012 жылғы шығыс № 4-1/76 № 3  Қосымшаға сай.

МАК 40-шы отырысының шешімімен, хат жазысу бойынша және МҒТСК жойылған / ауыстырылған құжаттардың ТІЗБЕСІ , 54 позиция 2011 жылғы стандарттарға айырбасталды, оларды тауып болмайды, бұл жалпы тізімнің 14,5% құрап отыр.

2. РФ аумағында күші жойылған, күшін жоғалтқан әрі түрлі УИС сай айырбасталғандары 34 позиция, олар 9% құрап отыр.
 
​Халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін қалыптастыру туралы Ережеге сәйкес, ал олар  болмаған жағдайда,  Кеден одағының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 629 Шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын және де сәйкестіктің бағалануын (расталуын) жүзеге асыру үшін қажетті болатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Ұлттық (мемлекеттік) стандарттары Тізбеге енгізілген Тараптардағы стандарттау бойынша органдар, Тараптардың стандарттау бойынша органдарын сол ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың электронды түрдегі орыс тіліндегі ресми нұсқаларымен қамтамасыз етуге  тиіс.

Тараптың әзірлеуге жауапты органы Тараптың стандарттау бойынша органымен бірлесе отырып,  Тізбедегі стандарттарға жүргізілген мониторинг пен олардың қолданылу нәтижелері негізінде, сонымен қатар, жаңғырту туралы Тараптың органынан түскен ұсынымдардың негізінде жылына бір реттен кем болмайтын мәрте Тізбенің жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді.
36
​ПЗерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің, соның ішінде Кеден одағының «Шағынвольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 004/2011) техникалық регламентінің талаптарын қолдануға әрі оларды орындауға қажетті болатын үлгілерді іріктеп алудың ережелері мен әдістерін және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растау)  жүргізу ережелері мен әдістерін қамтитын  стандарттардың тізбесі.

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН 
 
(тізімде 362 позиция)

1. 29.03.2012 жылғы шығыс № 4-1/76 № 3  Қосымшаға сай.

МАК 40-шы отырысының шешімімен, хат жазысу бойынша және МҒТСК 

жойылған / ауыстырылған нормативтік құжаттар ТІЗІМІ
 

78 позиция 2011 жылғы стандарттарға айырбасталды, оларды тауып болмайды, бұл жалпы тізімнің 21,5% құрап отыр.


2. РФ аумағында күші жойылған, күшін жоғалтқан әрі түрлі УИС сай айырбасталғандары 


20 позиция, олар 5,5% құрап отыр.


​Халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін қалыптастыру туралы Ережеге сәйкес, ал олар  болмаған жағдайда,  Кеден одағының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 629 Шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын және де сәйкестіктің бағалануын (расталуын) жүзеге асыру үшін қажетті болатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға сәйкес жүргізіледі.

Ұлттық (мемлекеттік) стандарттары Тізбеге енгізілген Тараптардағы стандарттау бойынша органдар, Тараптардың стандарттау бойынша органдарын сол ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың электронды түрдегі орыс тіліндегі ресми нұсқаларымен қамтамасыз етуге  тиіс.

Тараптың әзірлеуге жауапты органы Тараптың стандарттау бойынша органымен бірлесе отырып,  Тізбедегі стандарттарға жүргізілген мониторинг пен олардың қолданылу нәтижелері негізінде, сонымен қатар, жаңғыту туралы Тараптың органынан түскен ұсынымдардың негізінде жылына бір реттен кем болмайтын мәрте Тізбенің жаңартылып отыруын қамтамасыз етеді.
37
​Кеден одағының «Шағынвольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті (КО ТР 004/2011)

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 768 Шешімімен БЕКІТІЛГЕН 

 1. 4 бап Қауіпсіздік талаптары.

 Аталған көрсеткіштер бойынша сынақтар өткізу үшін Өтініш беруші 3-тен 5 ке дейінгі Техникалық құралдарын беру қажет, олар сынақтар нәтижесінде МемСТ-ң толық көлемінде жойылады. Бұл өтініш беруші үшін өте қымбатқа түсетін жағдай.

 

Сәйкестікті растау рәсімдері Өтініш берушінің үрейін ұшырмау үшін, қандай нақты нормативтік құжаттардың ішіндегі қандай тармақтар бойынша және қандай көрсеткіштер бойынша беріктікті бақылаудың сертификаттау сынақтарын қай өнімдерге өткізу қажеттігін нақты ашып айту қажет болады. Ол үшін өнімдердің нақты бір түрлері үшін нақты СЭҚ ТН кодтарын, Нормативтік құжаттар (өнімдер мен сынақтау әдістері)  мен нақты тармақтары көрсетілген нақты көрсеткіштер бойынша сәйкестікті растаудың Тәртібін әзірлеу керек болады. Сонда сертификаттау нысанында сәйкестікті растау рәсімдерінде шатасулар болмайды.

 
​«Шағын вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы»  техникалық регламентінің жобасы белгіленген тәртіппен ашық талқылаудан және Тараптарда мемлекет ішілік келісу рәсімдерінен өткізілді, сонымен қатар Кеден одағы Комиссиясының жанындағы техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Үйлестіру  комитетінің отырысында қаралды және мақұлданды.
КО Алқасының және БЭК Алқасының тиісті шешімдерімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерін жүзеге асыруға қажетті болатын Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 895 Шешімімен бекітілген Іс-шаралар жоспарында Еуразиялық экономикалық комиссиясына ерікті негізде қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін стандарттар Тізбесін жаңғырту бойынша ұсыныстарын, Тізбелердегі стандарттардың қолданылу мониторингі негізінде ТР ТС 004/2011 сәйкестікті бағалау (растау) жүзеге асырылуын және техникалық регламенттің ТР ТС 004/2011 талаптарын қолдануға әрі оларды орындауға қажетті болатын зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеп алудың ережелерін қамтитын мемлекетаралық стандарттарды дайындап, жылына бір реттен кем болмайтын мәрте беру көзделген (жауапты орындаушы  – Беларусь Республикасы Тараптардың уәкілетті органдарымен бірлесе отырып).
 

Стандарттар тізбесіне жеке бөлімдерінің (тармақтарын, тармақшаларын) қолданылуын көздейтін тиісті өзгерістерді енгізу бойынша ұсынымдар болғанда, егер Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарының сақталуы стандартты толығымен емес, керісінше жеке бөлімдерінің (тармақтарын, тармақшаларын) қолданылуымен қамтамасыз ету мүмкін болса, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу бойынша органына өтінішпен шығу керек.

 
38
​Аккредитацияны өзара тану келісімімен…, белгіленгенідей, Тараптар белгілі бір шарттар сақталғанда, СО және ИЛ (ИЦ) аккредитацияларын өзара таниды.   Мәселен, халықаралық стандарттардың талаптарына сай, ұлттық аккредитациялау жүйесінің қызмет істеуі . Алайда, бүгінгі таңда  РФ-да  бір ғана СО немесе ИЛ  (ИЦ)  бір мезетте аккредитациялана алатындай , аккредитациялаудың шамамен 19 салалық жүйесі қолданыста бар. Салыстырмалы бағалаулар өткізілмейді немесе ондай бағалау туралы ақпараттар жоқ. Аккредитациялауға қойылатын талаптар әртүрлі. Ондай жүйе халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келмейді.                                                                                                                                   
Осындай жағдайды көре тұрып, бірыңғай көзқарас пен өзара тану ісі жайлы не айта аламыз?
 
Ресей Федерациясы Үкіметінің  от 17.10.2011 ж № 845 қаулысымен бекітілген Аккредитациялау бойынша Федералдық қызмет туралы Ереженің 1 тармағына сәйкес, Аккредитациялау бойынша Федералдық қызмет (Росаккредитация) бірыңғай ұлттық аккредитациялау жүйесін қалыптастыру және аккредитацияланған тұлғалардың қызметіне бақылау жасаушы атқарушы биліктің федералдық органы болып табылады.  

Аккредитациялау бойынша Федералдық қызмет Ресей Федерациясының аккредитациялау бойынша ұлттық органының функцияларын атқаратын уәкілетті федералдық орган болып табылады.

 
39
​Берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік туралы декларациялардың Бірыңғай тізілімін қалыптастырудың және жүргізудің тәртібі туралы Ереже бар, онда, атап айтқанда келесілер көрсетілген: 6. Сәйкестік сертификаттары туралы мәліметтер Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктеріне Тараптардың уәкілетті органдарымен құрамы мынадай электронды жазбаларды енгізеді:

1) Сәйкестік сертификатының тіркеу нөмірі, қолданылу мерзімі, Сәйкестік туралы сертификат рәсімделген бланктың есепке алу нөмірі…
 
4) Сәйкестік сертификатын берген сертификаттау бойынша органның атауы, заңды және нақты мекенжайы;

5) Сертификатты берген орган басшысының тегі, аты, әкесінің аты,

6) Аудитордың (сапаршының) тегі, аты, әкесінің аты;…

10) өнімдердің НҚА талаптарына сәйкестігін дәйектеуші ретінде сертификаттау органына өтініш берушінің берген құжаттары туралы мәліметтер,  өткізілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер туралы мәліметтер…


Қазақстан тарапы бұл ереженің талаптарын сақтап отыр. Бірыңғай тізілімнің ұлттық бөліктеріндегі мәліметтер Ереженің 6 тармағына сай көрсетілген. Алайда, Бірыңғай тізілімнің ресейлік және беларустық бөліктерінде Ереженің 4, 5, 6, 10 тармақшаларында *  аталған мәліметтер жоқ (10-12 беттерді қараңыз).

 
​«Кеден одағы Комиссиясының 18.06.2010 жылғы № 319 Шешімімен бекітілген  бірыңғай құжаттар беріле отырып, Кеден одағының аясында міндетті түрде сәйкестігін бағалауға (растауға) жатқызылған өнімдердің Бірыңғай тізбесін қалыптастырудың және жүргізудің Ережесіндегі  8 тармаққа сәйкес, уәкілетті органдар 1 тармақта көрсетілгендей (Сәйкестік туралы сертификаты рәсімделген бланктың есепке алу нөмірінен басқа мәліметтерді) осы Ереженің 6 тармағындағы 2, 3, 7 - 9, 12 және 13 тармақтары, бойынша сәйкестік сертификаты/декларациясы берілген/тіркелген соң жалпының пайдалануына ортақ ақпараттық жүйеде үш күннен кешіктірмей жариялайды:                                                                                                              
осы Ереженің 7 тармағындағы  1 - 6, 8 и 11 тармақшаларда аталған сәйкестік туралы декларациялар жайлы мәліметтер.
40
​Қазақстан ILAC мен PAC ұйымдарының толық құқылы мүшесі болып табылады. Бұл ұйымдарда қатысу мәртебесін иелену сынақтар мен сәйкестікті бағалау нәтижелерінің танылуын көздейді. Дегенмен де, Кеден одағының аясында әрекет ете отырып, Қазақстан ILAC мен PAC ұйымдарының басқа мүшелері үшін тануды қамтамасыз ете алмайды.

 Сұрақ: Кеден одағының аясында мұндай танудағы проблеманы шешу мүмкін бе?

​Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің қағидаттары мен ережелері туралы Келісімнің  8 бабының 1 тармағына сәйкес, Сертификаттау бойынша органдар КО сынақ зертханаларының (орталықтары) тізіліміне кіретін  және аталған көрсеткіштер бойынша аккредитацияланған зертханалары жүзеге асырады. Қазіргі уақытта бұл мәселе Тараптарда пысықталуда жатыр (2012 жылғы  27 шілдедегі  шығыс № ЕЭК/6-2539 хаты)  


Жауаптар әлі күнге дейін ЕЭК келіп түскен емес.
 
41
​ҚР ҰҚ №90  «Сәйкестікті растау рәсімдері» Техникалық регламентінде, тасымалдануы күрделі немесе көп шығынды қажет ететін өнімдердің үлгілерін (ауқымды, үлбіреген және т.б.) сынақтан өткізу бөлігінде, өндірушінің  өзінің базасында сынақтар өткізу мүмкіншіліктері қарастырылған. КО ТР мен сәйкестікті растаудың типтік схемаларында ондай алдын ала ыңғайлылық көзделмеген.

Сұрақ: Өнімдердің үлгілерін сынаққа жеткізумен шынайы қиыншылықтар туындағанда не істеу керек болады? Өндірушінің өзінің базасында соның ішінде шетелдік өндірушіде сынақтар өткізілуін қарастыруға болмай ма?
 
​Бұл сұрақтан бірден нақты бір қорытынды жасауға келмейді, қандай өнім туралы айтылып отыр.
Өнімдердің ерекшеліктері мен олардың сәйкестіктерінің расталуы Кеден одағының техникалық регламенттерінде ескерілген.

Мәселен, Кеден одағының «Жарылыс қауіпті ортада жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің  6 бабы 6 тармағына сәйкес, жасауға және монтаждауға өндірушінің өзі көрсеткен жасау және монтаждау спецификацияларынан қажеттілік туындағанда, жасалу және (немесе) монтаждалу кезінде жабдықтарды сынақтан өткізуге жол беріледі.
 
42
Сертификаттау арқылы сәйкестігі расталатын өнімдерге КО ТР сертификаттау схемаларына қолданбалы көрсеткіштер нақтыланбаған.     
 
Мәселен, Жеке қорғаныс құралдарының ТР 019/2011, Жеңіл өнеркәсібінің ТР 017/2011, парфюмерия мен косметиканың КО ТР және тағы басқаларында, анықталуы үшін клиникалық сынақтар, адамдарға сынақтар жасау сияқты партияларының сәйкестігін растау кезінде ештеңемен негізделмеген және ұтымсыз болатын анықталуына қажетті көрсеткіштер ба.


​Қазіргі уақытта өнімдердің Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестігін бағалау (растау) кезінде өлшемдерді (өлшем әдістемелерін) орындау әдістемелерін қолдану мәселесі әдістеме тізбесімен бірге Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша консультативтік  комитеттің отырысында қарау үшін күн тәртібіне енгізілді.
Стандарттар тізбесіне енгізу бойынша бөлімдерінің қолданылуын көздейтін негізделген ұсыныстар пайда болғанда, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу бойынша органынан өтінішпен шығу керек.

Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу мәселесі Еуразиялық Экономикалық комиссияның 2012 жылдың 20 маусымындағы №48 шешімімен бекітілген Кеден одағының  техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және күшін жою тәртібі туралы Ереженің нормаларымен реттелген.

Кеден одағының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу бойынша негізделген ұсынымдар болған кезде. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу бойынша органына жүгіну керек.
 
43
​КО ТР сәйкестігін растау рәсімімен өткен өнімдердің сәйкестігін, сәйкестікті растау нысанына қарамастан,  сәйкестігін растау рәсімімен өткенде КО ТР бірыңғай белгісімен маркерлеуге жол берілген.  Сәйкестікті декларациялау кезінде сәйкестіктің бірыңғай белгісімен өнімдерді маркерлеудің дұрыстығын қалайша бақылауға болады? Сәйкестіктің бірыңғай белгісімен өнімдерін дұрыс маркерлемейтін өндірушілерге, жеткізушілерге, сатушыларға қандай шаралар қолданылмақ? 


Неліктен көптеген КО ТР сәйкестікті растау декларациялау жолымен жүргізіледі?
 
​2010 жылғы  18 қарашадағы Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің қағидаттары мен ережелері туралы Келісімнің (әрі қарай Келісім) 1 бабына сәйкес, Техникалық регламент дегеніміз, өндіріс, монтаж, баптау, пайдалану (қолдану), сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату  процестерінің өнімдеріне қолдану үшін және орындауға міндетті Кеден одағының комиссиясымен бекітілген құжат болып табылады.
Келісімнің 9 бабындағы 1 тармаққа сәйкес, Кеден одағының техникалық регламенттерін орындамағандық үшін, сонымен қатар Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестікті бағалау (растау) жүргізу рәсімдерін бұзғандық үшін жауапкершілік, Тараптардың заңнамаларымен белгіленетін болады. Бұл ретте, Келісімдегі 9 баптың 1 тармағына сай,  Кеден одағының техникалық регламенттерін орындамағандық үшін, сонымен қатар Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкестікті бағалау (растау) жүргізу рәсімдерін бұзғандық үшін жауапкершілікті анықау саласында тараптардың заңнамаларын үйлестіру көзделген.
 

Әрбір Тараптың заңнамасымен белгіленген тәртіппен Кеден одағының техникалық регламенттерін орындалуына мемлекеттік бақылау (қадағалау) жасау Келісімнің 10 бабымен көзделіп отыр. 


Кеден одағы Комиссиясының 07.04.2011 жылғы № 621 Шешімімен бекітілген  Кеден одағының техникалық регламенттерінде Сәйкестікті бағалаудың (растаудың) типтік схемаларын қолданудың тәртібі туралы Ереженің  5 тармағына сәйкес,  сәйкестікті бағалаудың нысаны мен схемаларын таңдау, сәйкестік бағалауынан өткен өнімдерді қолданудан зиян келуінің және жалған бағалануы қосарлы қатерін есепке ала отырып жүзеге асырылады. Нысандар мен схемаларды таңдау кезінде мынадай негізгі факторлар ескерілуге тиіс:


өнімнің ықтималды қауіптілік дәрежесі;


өндірістік және (немесе) пайдаланушылық факторларын өзгертуге белгіленген көрсеткіштердің сезімталдығы;


өтініш берушінің мәртебесі (өндіруші, өндіруші өкілеттік берген тұлға, сатушы, жеткізуші);


сәйкестік дәлелдері дәрежесінің және де техникалық регламенттің мақсаттарына қарай сәйкестікке бағалау өткізуге кеткен шығындардың сайма-сайлығы.

 
44 Бекітілген КО ТР жүзеге асыру бойынша Жоспарларда Тараптардың уәкілетті органдары қандай техникалық регламентті қолдану бойынша ұсыныстарын дайындауға берілетін мерзімдер бекітілген. Алайда, қазіргі уақытта, күшіне енген техникалық регламенттердің өзіне әлі күнге сол КО ТР қолдану бойынша ұсыныстары жоқ.

Қазіргі уақытта бұл мәселе ЕК аясында пысықталуда.
45
​Сынақтардың талаптары НҚ және НҚ әдістері көрсетілген КО ТР қосымшаларында көптеген жетіспеушіліктер бар:
1) мерзімдері өткен НҚ көрсетіледі;

2) КО ТР, қай бөлімінде болмасын сынақ әдістері бөлігінде қоса берілген НҚ тізбесінде нақты талаптар мен көрсеткіштер болмағанда, белгілеу әдістеріне НҚ болғанда көрсеткіштің мәтінінде жоқ ұғымдар берілген.  

3) кейбір КО ТР (мысалы, КО ТР электромагниттік үйлесім), НҚ Тізбелерінде НҚ атаулары жоқ тіпті болмаса, НҚ атаулары бола тұра, нөмірлері мен аббревиатуралары жоқ болып шығады. 
 

4) Жеке қорғаныс құралдарына арналған КО ТР 019/2011:

 

4.4.тармақ, 17 тармақша, сынақ әдістері бөлігінде – НҚ атауларында әрқалай жазылған: ГОСТ Р 12-4.218-2002 «ССБТ. Жеке қорғаныс құралдары: Агрессивті орталарда материалдардың өткізгіштігін анықтау әдісі», ал БСТ МЕМСТ Р 12-4.218-2001 «ССБТ. Арнаулы киім-кешек. Жалпы техникалық талаптар.


7.4. тармақ В тармақша «Электр тогынан қорғайтын диэлектрлі жеке қорғаныс құралдары» НҚ Тізбесінде сондай қорғаныс құралдарын сынаудың әдістері жоқ.

 
​Халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін қалыптастыру туралы Ереженің 13  тармағына сәйкес, ал олар  болмаған жағдайда,  Кеден одағының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 629 Шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын және де сәйкестіктің бағалануын (расталуын) жүзеге асыру үшін қажетті болатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға сәйкес жүргізіледі, стандарттар тізбесін жаңғыртуды техникалық регламенттің әзірленуіне жауапты Тараптың органы стандарттар мен ұсынымдарды қолданудың мониторингі мен нәтижелері және Тараптардың органдарының ұсынымдары негізінде қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта, Тараптардағы органдардың ұсыныстары негізінде, техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша консультативтік комитеттің отырысының күн тәртібіне енгізілетін, «Шағын вольтті жабдықтардың қауіпсіздігі туралы», «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімдердің қауіпсіздігі туралы», «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы», «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы», «Астықтың қауіпсіздігі туралы», «Жеке қорғаныс құралдарының қауіпсіздігі туралы», «Жемістер мен көкөністерден жасалатын шырын  өнімдерінің Техникалық Регламенті» атты техникалық регламенттердің стандарттары Тізбелеріне енгізілетін өзгерістер жобасы әзірленді.  


«Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімі» атты техникалық регламенті бойынша стандарттар тізбесін жаңғырту жайында тараптардан Комиссияға ұсыныстар түскен емес.

 
46
​Кеден одағының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 629 Шешіміне сәйкес, НҚ қамтамасыз ету бөлігінде, 11 тармақта айтылғандай, «Ұлттық стандарттары Тізбеге енгізілген Тараптардағы стандарттау бойынша органдар, Тараптардың стандарттау бойынша органдарын сол ұлттық стандарттардың электронды түрдегі орыс тіліндегі ресми нұсқаларымен қамтамасыз етуге  тиіс» делінген. 
Іс жүзінде бұл талап орындалмай отыр.
 
​Бұл мәселені Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша консультативтік комитеттің отырысының күн тәртібіне енгізген орынды болады. Ресейлік стандарттар, сонымен қатар, интернет арқылы да қолжетімді (оларды жариялайтын Росстандарт, «Консультант-Плюс», «Техэксперт» және басқалары). Беларусь Республикасында еркін жарияланатын тек СТБ карточкалары, ИСО немесе ТНҚА Ұлттық Қорындағы (БелГИСС), ал Қазақстан Республикасында – ҚР СТ стандарттарының нұсқағышы (ҚазИнСт). Тиісті нормативтік құжаттардың мәтіндерін алу шарттық (ақылы) негізде ұйымдастырылады.
47 ​Еуразиялық экономикалық комиссиясының порталында жарияланған ақпараттарда, атап айтқанда, санитарлық және гигиеналық нормаларға сәйкестігін бағалау мақсаттары үшін қолданылатын әдістемелер, толық мәтінді әдістемелерге қолжетімді болатын ұйымдар мен мекемелердің тізімі келтірілді. Алайда, онда көрсетілген ақпараттардың барлығы да шындыққа жанаспайды. Әдістемелерді ұсыну бойынша толық мәліметтер берілу тиіс, мәселен, қандай әдістемелерді қандай ұйым бере алатындығы туралы мәліметтер.
​Еуразиялық экономикалық комиссиядағы Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша департаменттің мәліметтері бойынша сайтта уәкілетті органдардың тізбелері беріліп отыр, соларға өтінішпен шығуға болады.  Әрбір әдістеме бойынша әзірлеуші ұйымның реквизиттерін жариялау мүмкін болмай отыр.
 
48 ​Кейбір КО ТР, НҚ Тізбелерінде ИСО стандарттарына сілтеме жасалған. Тараптардың ұлттық немесе халықаралық ретінде қаралмаған ИСО стандарттарын қолдану қалайша көзделгендігі ұғынықсыз болып отыр​.
Халықаралық және аймақтық (мемлекетаралық) стандарттар тізбесін қалыптастыру туралы Ережеге сәйкес, ал олар болмаған жағдайда,  Кеден одағының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 629 Шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарын және де сәйкестіктің бағалануын (расталуын) жүзеге асыру үшін қажетті болатын талаптарының сақталуын қамтамасыз ететін ұлттық (мемлекеттік) стандарттарға сәйкес жүргізіледі, халықаралық және аймақтық стандарттар оларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің мемлекетаралық немесе ұлттық (мемлекеттік) стандарттары ретінде қабылданғаннан кейін қолданылады .  

Тараптың техникалық регламентті әзірлеуге жауапты органы стандарттар тізбесін жаңғырту кезінде, Тізбелерді қалыптастыру туралы Ережеге сәйкес келтіруге, ал сонымен қатар, техникалық регламентке Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бойынша Бағдарлама жобасын қалыптастыру кезінде ,мемлекетаралық стандарттарды  ИСО стандарттарының негізінде әзірлеуді  алдын ала қарастыруға тиіс болады.

 
49 ​Еуразиялық экономикалық комиссияның порталында жарияланатын ресми құжаттар шешімдер қабылданған соң, не оларға өзгерістер енгізілген соң, жаңартылмайды.
​Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтында (http://www.eecomission.org):

- ЕЭК қабылдаған құжаттар «Евразиялық экономикалық комиссия»/ «Евразиялық экономикалық комиссияның құжаттары» бөлімінде болады.

- Кеден одағының Комиссиясы қабылдаған құжаттар «Құжаттар»/ «КТС Шешімдерінің каталогы» бөлімінде болады.

 
50
​2012 жыл ішінде, КО СЭҚ ТН жіктеуіші екі мәрте өзгертілді. Аккредитациядан өткен субъектілердің салаларын тынымсыз жаңғыртудан аулақ болу үшін аккредитациялау саласында субпозициялар мен ішкі субпозицияларды көрсеткенше, КО СЭҚ ТН кодтарындағы топтарды (бастапқы 2 санды) немесе тауар позициясын (4 санды) көрсете салуға болмас па?
​Сыртқы экономикалық қызметтің номенклатурасы халықаралық саудада айналымда жүрген тауарларды жүйелі түрде ұсынады. Бұл тауарлар онда бөлімдер болып, топтар болып, тауар позициялары боп, субпозиция болып, аса қысқа түрде санаттары мен тауар типтерін сипаттайтындай нысандағы атаулармен белгіленіп топтастырылған.  Бөлімдер мен топтарда тауарлардың мол түрлілігі жіктеледі, бір тауар позициясына өте көп тауарлар енгізіледі, соларды тексеріп шығу үшін түрлі жабдықтар мен тексеру әдістері қажет болады.
51
​Беларусь Республикасының стандарттар нұсқағышын қайдан және қалайша алуға болады? КО ТР арналған НҚ көрсетілген Тараптардың ұлттық НҚ пайдаланылуын жеңілдету үшін Стандарттардың Нұсқағышын пайдаланған ыңғайлы болады. Егер РФ Стандарттар Нұсқағышын сатып алу жеңіл болса, ал Беларусь Республикасының стандарттар нұсқағышына қол жеткізу оңайға түспейді.
 
Беларусь Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің қоры www.tnpa.by сайтында жарияланған.

Аталған құжаттарды сатып алу үшін БелГИСС компаниясына өтінішпен шығыңыз.


Ұйымның деректемелері:


Минск қаласы, Мележ көшесі, 3 үй,


220113, Беларусь Республикасы тел. (017)262 05 52 тел./факс (017)262 15 20

 

e-mail: belgiss@mail.belpak.byinfo@belgiss.by www.belgiss.by 

 

Жұмыс уақыты - с 8.30 до 17.00


Түскі үзіліс - с 12.00 до 12.30

 
52 ​Үйлестіру кеңесі, жұмыс топтары және КО-ның техникалық реттеулерге қатысушылары арасында жылдам қатынастар әдісін алдын ала қарастыруға болмай ма? ​ЕЭК қызметкерлерінің Тараптардың уәкілетті органдары қызметкерлерімен қатынастары Қатынастардың электрондық құралдары арқылы қамтамасыз етілген.
53 ​Егер өнімдер бренд болып, ал тауарлар жиыны 2-3 бірлікті құраған жағдайда Еуропадан әкелінген өнімдерге «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсандағы № 876 (ТР ТС 017/2011) Шешімімен бекітілген) сәйкестігін растауды қалай жүргізуге болады?
​Өнімдерге «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына (Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 9 желтоқсандағы № 876 (ТР ТС 017/2011) Шешімімен бекітілген) сәйкестігін растау, көрсетілген регламенттің 11 бабына сәйкес жүргізіледі. ТР ТС 017/2011 техникалық регламентінде  сәйкестіктің екі нысаны белгіленген: декларациялау (жекеменшік дәлелдері негізінде сияқты (1д, 2д кестелері), сондай-ақ, аккредиттелген зертханалар (3д, 4д, 6д кестелері)) мен сертификаттау (1с, 2с, 3с кестелер). Декларациялау схемаларын аккредиттелген зертханалар қатысуымен, өзіне меншік схемалармен дәлелдеу негізінде декларациялау схемаларын ауыстыру, ал жалпы жағдайда –декларациялауды сертификаттаумен ауыстыру мүмкіншілігі көзделген.
 

Сертификаттауға ішкиімдер өнімі, белдік, шомылатын және соған ұқсас өнімдер, төсек-орындар, бірінші қабатты шұлық- нәскі өнімдері (жазғы) жатады. 

Аккредиттелген сынақ зертханаларының (3д, 4д, 6д кестелері) қатысуымен декларациялауға жататындар:

- 2-ші және 3-ші қабаттардың киімдері мен өнімдері;

- тоқыма маталары;

- ішкиімдік, киімдік, кенептік маталар мен материалдар;

- былғары мен теріден тігілген киімдер мен өнімдер;

- 2-ші қабатты (қысқы) шұлық-нәски өнімдері;

- бас киімдер;

- пимадан басқа аяқ киімдер;

- кілем төсеніштері мен машина арқылы істелген өнімдер
 
Жекеменшік дәлелдеу (1д, 2д кестелер) негізінде декларациялауға жататындар:
 
орамал-шарфтық (шарфтар, орамалдар, үшкіл орамалдар) өнімдер, төсек-орын жарақтары, тоқыма материалдары, аяқ киім, сәндік, жиһаздық, жасанды терілер мен  түктік маталар, тоқыма-галантереялық өнімдер, былғары галантереялық, киіз, жұқа киіз және мата емес материалдар, жасанды және табиғи былғарылар, иленген аң терісінің терілері.
 
Техникалық регламенттің 11 бабы сәйкестікті растау кезінде (декларациялау сияқты сертификаттауда да) өтінім беруші ТР ТС 017/2011 өнімдердің талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың топтамасына жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің үлгілерінің (өнімдердің типтік үлгілерін) (жарамдылық мерзімі 3 жылдан артық) хаттамаларын кіргізуге құқылы екендігін белгілейді.
 

Бұдан басқа, Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсібі өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенттерінің талаптары (ТР ТС 017/2011) мына өнімдерге таратылмайтынына назар аудартамыз:

- бұрын қолданылған;

- халықтың жеке тапсырысы бойынша жасалғандарға;

- медицинаға арналған өнімдерге;

- арнайы, ведомстволық, жеке қорғау құралы болып табылатын және оның жасалуына арналған материалдар;

- балалар мен жасөспірімдер пайдалануға арналған өнімдер;

- буып-түйетін тоқыма материалдары, мата қаптары;

- олардан техникалық пайдалануға жасалған материалдар мен  өнімдер;

- кәдесый өнімдері және көркем қолөнер бұйымдар;

- спорттық командаларды жабдықтау үшін пайдаланылатын спорттық заттар​​.

54
​2013 жылдың 1 қаңтарынан кейін Беларусь аумағында өндірісте қолдану үшін бұрын жеке кәсіпкер сатып алған «мата және кенеп» өнімі, егер сатып алу кезінде ұлттық заңнамаларға сай  сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттары бар болса немесе сол кезде ондай құжаттардың болуы талап етілмеген болса, кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің талаптарына (ТР ТС 017/2011) бұл өнімнің сәйкестігін декларациялаусыз, сатылуға рұқсат етіле ме?
​2011 жылдың 9 желтоқсанында Кеден одағы Комиссиясының № 876 Шешімімен (әрі қарай – Шешім) бекітілген Кеден одағының «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің (ТР ТС 017/2011) (әрі қарай – техникалық регламент) 1 бабының 5 тармағына сәйкес, техникалық регламент  Кеден одағы аумағында адам өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ пайдаланушыларды (тұтынушылар) жаңылдыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне Кеден одағының аумағында міндетті талаптарды белгілейді. 

Шешіммен өтпелі ережелер, соның ішінде техникалық регламент күшіне енгенге дейін міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау (растау) туралы құжаттардың жарамдылық мерзімдерін орнату бөлігіндегі ережелер белгіленген.

 

Шешімнің 3 тармағы, 3.2 тармақшасына сәйкес Кеден одағының нормативтік құқықтық актілері немесе Кеден одағына мүше мемлекеттің заңымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау  (растау) туралы, техникалық регламенттің техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімдерге қатысты Техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған құжаттар олардың жарамдылық мерзімі біткенге дейін, бірақ 2014 жылдың 1 шілдесінен қалмай, жарамды болып табылады. Шешім ресми түрде жарияланған күнге дейін берілген немесе қабылданған бұл құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанша жарамды.  


Сондай-ақ, хабарлаймыз, Шешімнің 3 тармағы, 3.3 тармақшасына сәйкес 2014 жылдың 1 шілдесіне дейін бұрын Кеден одағының нормативтік құқықтық актілерімен немесе  Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес айналымға шығаруға, техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау (растау) туралы құжаттар бар болған кезде  жол беріледі. Көрсетілген өнім қайта таңбалауға жатпайды және Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылдың 20 қыркүйектегі №386 Шешіміне сәйкес сәйкестіктің ұлттық белгісімен (нарықта айналым белгісімен) таңбаланады.

 

Техникалық регламенттің 3 бабының 3 тармағына сәйкес өнімдерді нарықта орналастыру және айналдыру кезінде пайдаланушыларды (тұтынушыларды) өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жаңылдыратын әрекеттердің алдын алу мақсатында таңбалау арқылы ол туралы толық және сенімді ақпараттар берілуі керек.


Техникалық регламенттің 3 бабының 2 тармағына сәйкес техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі расталмаған жеңіл өнеркәсіп өнімі Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында  бірыңғай айналым белгісімен таңбаланбауы керек және олардың нарықта айналымға шығарылуына рұқсат етілмейді.

 

Шешімнің 3 тармағының 3.3-1 тармақшасына сәйкес 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін Кеден одағының нормативтік құқықтық актілері немесе  Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес техникалық регламент күшіне енген күнге дейін сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жатпаған өнімнің , сәйкестігі міндетті бағаланғаны (расталғаны) туралы құжаттарынсыз және ұлттық сәйкестік белгісімен (нарыққа айналдыру белгісімен)таңбалаусыз  Кеден одағының кедендік аумағында өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.  


Сондай-ақ, Шешімнің 3 тармағының 3.4 тармақшасына сәйкес Шешімнің 3.2 тармақшасында көрсетілген сәйкестікті бағалау (растау)  туралы құжаттардың қолданылу кезеңінде айналымға шығарылған өнімдердің айналымына, сондай-ақ Шешімнің 3.3-1 тармақшасында көрсетілген өнімдердің айналымына, Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес  белгіленген өнімдердің қызмет ету мерзіміне дейін рұқсат етілетіндігін атап өтуіміз керек.

 

Сонымен қатар, техникалық регламенттің 2 бабына сәйкес өнімнің нарықта айналымы дегенде – оны өндіру аяқталғаннан кейін бұл өнім дайындаушыдан пайдаланушыға (тұтынушыға) дейін өтетін  бүкіл процестерді қамтитын қозғалысын түсіну қажет, ал өнімдерді айналымға шығару дегенде–дайындаушы, сатушы, немесе шетелдік дайындаушының қызметін атқарып отырған тұлғаның қоймасынан жіберілетін, әлде қоймалаусыз жүктелетін, әлде Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында өткізу үшін экспортталатын өнімді Кеден одағына мүше мемлекеттердің  нарығында жайғастыруды түсіну қажет.   


(Жауап 2012 ж. 30 қарашасы жағдайы бойынша қолданыстағы актілерге сәйкес дайындалды).
55 ​1с кестесі бойынша Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін растау кезінде сарапшылардың кәсіпорындарға шығуысыз сертификаттау бойынша органдармен өндірістің жағдайына талдау жүргізуге рұқсат етіле ме?
​​Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылдың 7 сәуіріндегі № 621 Шешімімен (әрі қарай – Ереже) бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалаудың (растау) типтік кестесін қолдану тәртібі туралы Ереженің 5 тармағына сәйкес.
№621 (бұдан әрі –Ереже), сәйкестікті бағалаудың нысандары мен схемалары сәйкестіктің дұрыс емес бағалануының жалпы қауіп-қатерін және сәйкестігін бағалаудан өткен өнімді қолданудан туындайтын залалды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс. Нысандар мен схемаларды таңдау кезінде келесі негізгі факторларды ескеру қажет:
- өнімдердің әлеуетті қауіпінің дәрежесі;
- берілген көрсеткіштерді өндірістік және (немесе) іске қосу факторларындағы өзгерістерге сезімталдығы;
- өтініш берушінің мәртебесі (дайындаушы, дайындаушының уәкілетті тұлғасы, сатушы, әкелуші);
- сәйкестік дәлелдері дәрежесінің және де техникалық регламенттің мақсаттарына қарай сәйкестікке бағалау өткізуге кеткен шығындардың сайма-сайлығы.
 
Ережеге сәйкес сертификаттаудың 1с, 5с, 7с типтік кестелерінің өтінім берушіде өндірістің жағдайын талдау рәсімін қамтиды, оны өткізу нәтижелері бойынша   өндірістің жағдайын талдау актісі рәсімделеді.   Өндірістің жағдайын талдау жүргізудің мақсаты сериялы шығарылатын өнімдердің өндірісі тұрақты болуы үшін қажетті жағдайлар болуына тексеріс жүргізу болып табылады.​
Сонымен қатар, Сертификаттау  (сәйкестікті бағалау (растау)) бойынша  органдар немесе сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстарды орындайтын сынақ зертханалары (орталықтары) аккредитациялануын өзара мойындау туралы Келісімнің 2 бабына сәйкес Тараптар олардың мемлекеттерінде халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес аккредитациялауды жүзеге асыру үшін ережелер мен рәсімдері бар ұлттық аккредитация жүйесі қолданыста болуы шартымен сертификаттау  (сәйкестікті бағалау (растау)) бойынша  органдар немесе сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстарды орындайтын сынақ зертханалары (орталықтары) аккредитациялануын өзара мойындайды.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2012 жылдың 19 маусымдағы № 602 қаулысымен бекітілген сертификаттау бойынша органдар және сәйкестікті бағалау (растау) бойынша жұмыстарды орындайтын сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредитациялау, аккредитация бойынша сарапшыларды аттестациялау, ал сонымен қатар аккредитация бойынша сарапшыларды және аккредитация саласындағы жұмыстарды орындау үшін тарту және таңдау Ережелерінің  17 бабына сәйкес өтініш берушіні аккредитациялау немесе аккредитациялаудан бас тарту туралы шешімді өтініш берушінің аккредитацияның белгіленген критерийлеріне сәйкестігін бағалау негізінде Росаккредитация қабылдайды.
Ресей Экономикалық даму министрлігінің 2012 жылдың 16 қазанында № 682 бұйрығымен бекітілген Аккредитация критерийлері, 12.9 тармағына сәйкес сертификаттау бойынша жұмыстарды орындау ережелерін сертификаттау бойынша органдарда сонымен қатар оған сертификаттаудың схемаларын сипаттау және инспекциялық бақылауды жүргізудің ережесі енгізілген (егер оларды сертификаттау кестесі алдын ала қарастырған жағдайда) болу керектігін талап етеді.
Бұдан бөлек, атап өтуіміз керек, яғни, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы  және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы Келісімнің 9 бабының 1 тармағына сәйкес  Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарын сақтамағаны үшін, сондай-ақ, Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына өнімдердің сәйкестігін бағалау (растау) жүргізудің тәртіптерін бұзғаны үшін жауапкершілік әрбір Тараптың заңнамаларымен белгіленеді.