​Беларусьте көлік саясатының және көлік қауіпсіздігінің мәселелері талқыланды

Еуразиялық экономикалық одақ мүшелерінің көліктік, экспедиторлық және логистикалық ұйымдарының (ЕОКЭЛҰ) жыл сайынғы жалпы жиналысын өткізу үшін алаңды Беларусь-Қытай «Ұлы тас» индустриалдық паркі ұсынды, соның шеңберінде Беларусьтің көліктік ведомстволарының, ЕЭК-тің, мүше мемлекеттердің көліктік қоғамдық ұйымдары мен бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері 2018 жылғы 11 сәуірде көлік қызметі мәселелерін талқылады.

Беларусь Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің Бірінші орынбасары Алексей Ляхнович бұл іс-шараның Беларусь Республикасының логистикалық әлеуеттің тиімділігін, транзиттік тартымдылықты және инновациялық дамуды қамтамасыз ету шеңберінде іске асырған инфрақұрылымдық жобаларының бірі - индустриалдық паркте өткізілуін атап өте келіп, қатысушыларға сәлемдесу сөзін арнады.

Алексей Ляхнович Беларусьтің көлік ведомстволарының 2017 жылы көлік саласындағы Еуразиялық интеграциялық жұмысқа қатысуы туралы да қысқаша хабардар етті.

Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Нұрахметов қатысушыларға ЕЭК-тің және мүше мемлекеттердің 2017 жылғы бірлескен қызметінің нәтижелерін ұсынды.

Ол өз сөзінде 2017 жылғы жұмыс қорытындыларын баяндаумен бірге, сонымен қатар өткен жылғы тамызда және қазанда қабылданған 2018-2020 жылдарға арналған мүше мемлекеттердің көлік саясатының негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі «жол карталарын» еске сала отырып, алда тұрған жұмыстардың ерекшеліктеріне тоқталды.

«Жол карталары» автомобиль, су, теміржол көлігі және олардың инфрақұрылымы салаларындағы ерекшеліктерді​ бейнелейтін 97 тармақты қамтиды, сондай-ақ көлік қызметімен байланысты: цифрлық күн тәртібі, өнеркәсіптік кооперация, тариф саясаты, бәсекелестік, кедендік және техникалық реттеу, инновациялық даму, «бірыңғай терезе» механизмі және ақпараттық технологиялар, мамандар даярлау және басқа салаларға қатысты.

Комиссия бұл іс-шараларды ойдағыдай іске асырудың және жүргізіліп жатқан интеграциялық жұмыстардың ЕАЭО елдерінің бизнес-қоғамдастықтармен әріптестігі арқылы ғана мүмкін болатынына сенімді.

Көлік қызметкерлерінің, экспедиторлардың, логистердің сарапшылық пікірі көліктік қызметтер көрсету нарығының жай-күйі мен болып тұрған кедергілерді, транзиттің, мультимодальді тасымалдың дамуын, көліктік қызметтер көрсету сапасын арттыру мен оларды ырықтандыруды, Еуразиялық көлік дәліздері мен логистикалық қызметтер көрсету құруды және басқаларды шынайы бағалауға жәрдемдесетін болады.

Біз бизнестен және қоғамдық ұйымдардан көлік қызметіндегі проблемалық мәселелер туралы ақпаратты, талдауларды, нақты сараптамалық ұсыныстар мен «жол карталарының» барлық аспектілері бойынша құжаттардың жобаларын күтеміз, деді Е. Нұрахметов.

ЕЭК өкілі іс-шараға қатысушыларды ЕЭК пен ЕОКЭЛҰ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жөнінде жүргізілген жұмыстар барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ олардың арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жақсарту жөнінде: ЕОКЭЛҰ құрамында Армения Республикасының ұйымдарының қатысуының өзектілігі және мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарымен бастамашылық ұсыныстарды қосымша пысықтау қажеттігі туралы ұсыныс енгізді.

«Комиссияның халықаралық ұйымдармен және форумдармен өзара іс-қимылы ЕАЭО қағидатын іске асыру жөніндегі күш-жігер тиімділігін арттырады».

«Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі – ішкі нарыққа өзара қол жеткізу үшін кедергілердің болмауы, алып қоюлар мен шектеулердің ең аз санына жету», деп мәлімдеді ЕЭК өкілі Ержан Нұрахметов.

Еуразиялық интеграцияның көлік және инфрақұрылым саласындағы өзекті мәселелерін талқылау 2018 жылғы 12 сәуірде көлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жетілдірудің жай-күйіне және негізгі бағыттарына арналған Беларусь және Ресей Одақтық мемлекеттерінің парламенттік жиналысы жанындағы тұрақты жұмыс істейтін семинардың 52-отырысы шеңберінде жалғасты.

Семинар тақырыбы шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ аумағында ұлттық жүргізуші куәліктерін пайдалану мәселесіне айрықша назар аударылды.

Е. Нұрахметов семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап бере келіп, аталған мәселе бойынша жұмыстың көп қырлы болып табылатынын және ол реттеудің бірнеше бағыттарына қатысты екенін атап өтті.

Бизнес үшін реттеушілердің «көлік қауіпсіздігі», «көліктегі қауіпсіздік», «қозғалыс қауіпсіздігі» терминдері бойынша ұзаққа созылған пікірталас маңызды емес. Бүгінде Одақ шеңберіндегі интеграциялық процестердің тереңдеуі кезінде кәсіпкерлік қызметтің, көші-қон саясатының, қызметтер көрсетуге қол жеткізудің, көлік құралдарын басқару құқығына арналған құжаттар тәртібі мен оны алудың, құжаттарды өзара танудың, мамандар даярлаудың, сақтандыру мен жауапкершіліктің мәселелері Одақ шеңберіндегі халықаралық шарт негізінде қадамдастыра әрі нысаналы пысықталуға тиіс.

Тараптардың қоғамдық ұйымдарынан бүгінде Комиссияға жолданатын қауіпсіздіктің мемлекеттік емес​ саласын дамыту және күзет қызметтерін көрсету нарығын ырықтандыру жөніндегі бастамалар ұлттық деңгейде дербес пысықтауды және мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының келісілген шешімдерін талап етеді» деп Нұрахметов семинардағы сөйлеген сөзінде атап өтті.

Іс-шараға қатысушылардың қызу пікірсайысы көлік қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық реттеу және көлік инфрақұрылымы объектілерінің заңсыз араласу актілерінен қорғалуын қамтамасыз ету мәселелеріне арналған шектеулі мамандықтар секциялары шеңберінде жалғасты. 

__________________________

2018 жылғы 17-19 сәуірде 

Департамент қызметкерлері халықаралық 23-інші TransRussia көлік-логистикалық қызметтер көрсету және технологиялар көрмесіне қатысты​

__________________________
      
2018 жылғы 5 сәуірде 

Мәскеуде Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Эмиль Кайкиевтің төрағалық етуімен Көлік және инфрақұрылым жөніндегі консультативтік комитеттің (бұдан әрі – Комитет) 13-отырысы болды. Отырысқа Комитет мүшелері және олардың уәкілетті өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Комитет мүшелері Одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру, көлік және инфрақұрылым саласында Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою, Комиссияның халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселелерін қарады, сондай-ақ Кеме қатынасы туралы келісімнің келісу барысы туралы ақпаратты тыңдады және Консультативтік комитет қызметін жандандыруға бағытталған шешімдер қабылдады.

Отырыстың басында Эмиль Кайкиев «үстіміздегі жылы Комиссияны мүше мемлекеттермен бірлесіп көлік саясатын іске асыру жөніндегі «жол карталарын» орындау бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Бұл мақсатта пәрменді механизмдер тұжырымдау және белгіленген жоспарларды орындау солар арқылы қамтамасыз етілетін құралдар айқындалуы қажет» деп атап өтті.

Отырыстың күн тәртібінің негізгі мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша Комитет мүшелері Кеме қатынасы туралы келісімге тезірек қол қоюға бағытталған жұмыстарды жандандыру жөнінде шешім қабылдады. Осы мақсатта таяудағы уақытта Консультативтік комитеттің су көлігі жөніндегі кіші комитетінің отырысы өткізілетін болады, онда құжатқа қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Беларусь Республикасында жүргізу шеңберінде түскен Келісім редакциясы бойынша ескертулерді алып тастау бағамдалуда. 

Одақ туралы шарттың ережелерін жетілдіру және Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жою туралы мәселелерді талқылау шеңберінде көліктік (автомобильдік) бақылауды жүзеге асыру тәртібіне өзгерістер енгізу, сондай-ақ «жол карталары» іс-шараларына сәйкес шектеулердің тұжырымдарын келтіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Комитет Одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар бойынша қағидатты келіспеушіліктерді одан әрі келісудің, сондай-ақ Одақтың ішкі нарығындағы тосқауылдарды жоюдың алгоритмін тұжырымдады.

Консультативтік комитеттің мүшелері Комиссияның халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылы мәселесі бойынша қызу пікір сайыс өткізді.Бастамашылық ұсыныстар салалық ерекшеліктерді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекеттің мүддесін ескере отырып мұқият пысықталуға тиіс екендігі атап өтілді.

Қызметті жандандыру мақсатында отырыста Консультативтік комитет туралы ереженің өзектілендірілген редакциясы, сондай-ақ оның 2018 жылға арналған Жұмыс жоспары мақұлданды.
Отырыс қорытындылары бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Консультативтік комитеттің кезекті отырысы 2018 жылғы маусымда болады және көлік саясатын іске асыру жөніндегі «жол карталарына» сәйкес дайындалған құжаттарды қарауға арналады.
___________________________
    
2018 жылғы 20 наурызда 

Евразиялық экономикалық комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінің директоры Ержан Нұрахметовтің Еуропалық одақтың Ресейдегі Өкілдігінің Экономика және сауда бөлімінің бірінші хатшысы Мариуш Сальниковпен кездесуі болды, оның барысында ЕЭК пен ЕО арасында көлік саласындағы өзара қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды. 

Қатысушылар ЕО мен ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру, көлік инфрақұрылымын салу мен жаңғырту және Еуроазиялық көлік байланыстарын дамыту мәселелері бойынша неғұрлым тығыз өзара іс-қимылды дамыту қажеттігін атап өтті.​
____________________________
​​​​​​​​​​