Тараскин Владимир Иванович​

Тараскин Владимир Иванович​

Өмірбаян

Туған күні: 1968 жылғы 25 қараша. Туған жері: Воронеж облысы.

Білімі: жоғары заңгерлік, құқық магистрі.

1987 жылы – Воронеж заң техникумын;

1995 жылы – Тверь мемлекеттік университетінің заң факультетін; 

1997 жылы – Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Жекеше құқықты зерттеу орталығының Ресей жекеше құқық мектебін (институтын) бітірген.

1987-1989 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 

Өзінің еңбек қызметін 1989 жылы бастады. 1989 жылдан 1999 жылға дейінгі аралықта федералдық және өңірлік деңгейдегі атқарушы билік органдарында, коммерциялық ұйымдарда заңгер болды, сондай-ақ ішкі істер органдарында тергеуші болып қызмет атқарды.​​

1999 - 2003 жылдар аралығында Ресей Федерациясы Мемлекеттік мүлік министрлігінің (2000 жылдан бастап Ресей Федерациясының Мүліктік қатынастар министрлігі) Құқықтық қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары болды.

2003-2004 жылдары - Ресей Федерациясының Мүліктік қатынастар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің басшысы.

2004-2008 жылдары - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және энергетика министрлігі Құқықтық қатынастар департаментінің (2007 жылдан бастап Құқық департаментінің) директоры.

2008-2012 жылдары - Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрлігі Заң департаментінің директоры.

2012 жылдан бастап осы уақытқа дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқық департаментінің директоры болып істейді.​