Наталья Павловна Жукова 1960 жылы туған.
1984 жылы Минск мемлекеттік медицина институтын бітірген. Беларусьтың санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар мен тұтынушылар құқықтарын қорғау саласындағы органдарында 30 жыл еңбек етті.
2013-2016 жылдары Минск қаласының бас санитариялық дәрігері болды.
2016 жылдан бастап Беларусь Республикасының Денсаулық сақтау министрінің орынбасары - бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қызметін атқарды. Беларусьтағы жаңа типті коронавирустың таралуын болдырмауға бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралардың бүкіл кешеніне жетекшілік жасады.
2021 жылғы 1 қазаннан бастап ЕЭК-тің Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры қызметіне тағайындалды.