Жаңалықтар

07 ақпанның 2025 ЕЭК бизнес өкілдерін Тегерандағы "Еуразия" халықаралық көрмесіне қатысуға шақырады 2025 жылғы 21-24 ақпан аралығында Тегеранда (Иран Ислам Республикасы) Орталық көрме кешенінің алаңында "Еуразия" III халықаралық көрмесі өтеді. Іс-шара Еуразиялық экономикалық комиссияның, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрлігі мен Иранның сауданы дамыту ұйымының қолдауымен өткізіледі. Көрме отын-энергетика, агроөнеркәсіп, машина жасау, көлік-логистика кешендеріндегі, ақпараттық технологиялар мен туризм салаларындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға жәрдемдесу үшін Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, БРИКС және Парсы шығанағы мемлекеттері арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтуды мақсат тұтады. Іс-шараға ЕЭК Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев, Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабак, сондай-ақ басқа да мемлекеттік билік органдарының, іскер қауымдастықтар мен бірлестіктердің басшылары, Иран мен ЕАЭО елдерінің бизнес және сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысады. Одақ мемлекеттерінің ирандық әріптестерімен ынтымақтастыққа мүдделі компаниялары мен ұйымдарын, сондай-ақ сарапшылық қоғамдастық пен БАҚ өкілдерін іс-шараға қатысуға шақырамыз. Көрме туралы толық ақпарат осы жерде іс-шара сайтында жарияланған. 2023 жылы "Еуразия" көрмесіне 14 мыңға жуық адам келді.
ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатыпалымдарға қатысу мүмкіндігі жеті мың өнеркәсіптік тауар үшін ұзартылды 06 ақпанның 2025 ЕАЭО елдерінің мемлекеттік сатыпалымдарға қатысу мүмкіндігі жеті мың өнеркәсіптік тауар үшін ұзартылды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК Кеңесінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № 105 шешімімен бекітілген Мемлекеттік (муниципалдық) сатыпалым мақсаттары үшін тауарлардың жекелеген түрлерінің шығарылған елін айқындау қағидаларына (ТШЕ қағидалары) № 1-1 қосымшаның қолданысын 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартты. Құжат СТ-1 сертификатын ұсыну негізінде Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне жеті мыңнан астам өнеркәсіптік тауарды қамтитын 258 тауар атауын кірістіруге мүмкіндік береді. ТШЕ қағидалары отандық өнім берушілер үшін преференциялар белгіленген немесе шетелдік тауарлар бойынша шектеулер енгізілген ЕАЭО мемлекеттеріндегі мемлекеттік сатыпалым үшін тауарлардың шығарылған елін айқындау және растау мәселесін реттеуге қойылатын бірыңғай тәсілдемені айқындайды. ТШЕ қағидалары инвестициялық тартымдылықты және оқшаулау деңгейін арттыруды, Еуразиялық өндірушілер арасындағы кооперациялық байланысты кеңейтуді мақсат тұтады. ЕЭК-тің ресми сайтында "Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатыпалым саласындағы саясат департаменті" бөліміндегі "Жиі қойылатын сұрақтарға сұрақ-жауап" қосымша парағында тауар және оның өндірушісі туралы мәліметтерді ЕӨТТ-ке кіргізу тәртібі, Комиссияның осындай мәліметтерді кіргізуге өтінімді қарау алгоритмі туралы анықтамалық ақпарат жарияланған.
06 ақпанның 2025 ЕАЭО елдері асыл тұқымды мал шаруашылығындағы өзара іс-қимылдың басымдықтарын айқындады Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Агроөнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Наира Карапетянның төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің салалық министрліктерінің, ғылыми ұйымдарының және бизнесінің өкілдері асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. ЕАЭО елдері мен Комиссияның асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту туралы, соның ішінде Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ақпарат алмасу жөнінде келісілген іс-қимыл механизмін әзірлеу түйінді бағыттардың қатарында айқындалды. Басымдықтардың арасында сүт өнімділігі бағытындағы ірі қара малдың референтті популяциясын құру, осы салада мүше мемлекеттер мен ЕЭК арасында мәліметтер алмасудың статистикалық көрсеткіштері мен форматтарының тізбесін нақтылау, асыл тұқымды мал шаруашылығының тәжірибесімен және таңдамалы практикасымен алмасу үшін бірлескен білім беру іс-шараларын жүргізу де аталды. "Осы бағыттар бойынша шешімдерді іске асыру селекциялық-асылдандыру жұмысына инновациялық технологияларды одан әрі ендіру, асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларының генетикалық әлеуетін арттыру және Одаққа мүше мемлекеттердің асыл тұқымды өнім саудасын дамыту үшін мемлекетаралық өзара іс-қимыл механизмдерін оңтайландыруға мүмкіндік береді", – деп түйіндеді Наира Карапетян.
Комиссия ЕАЭО елдеріндегі іскер белсенділік серпіні өзгергенін атап өтеді 03 ақпанның 2025 Комиссия ЕАЭО елдеріндегі іскер белсенділік серпіні өзгергенін атап өтеді Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі іскер белсенділік серпінінің өзгергенін сәйкес келетін және озыңқы индикаторларды есептеу нәтижелері айғақтайды. Жарияланған болжамдарға сай, Қазақстан мен Қырғызстан экономикасы көтерілу кезеңінде қалады, Ресей мен Беларусь баяулау кезеңіне өтті. Армения іскер белсенділіктің көтерілу кезеңінен төмендеу кезеңіне өтті. 2025 жылғы ақпанда мүше мемлекеттердің экономикасында ағымдағы үрдістер сақталады деп күтілуде. Озыңқы индикаторлар қысқа мерзімді перспективада Еуразиялық "бестік" елдеріндегі іскер белсенділіктің өзгеру серпінінің бағыты туралы түсінік қалыптастыру үшін Еуразиялық экономикалық комиссия қолданатын болжау құралы болып табылады. Олар экономикалық агенттердің мінез-құлқын және экономикадағы негізгі трендтерді айғақтайтын қысқа мерзімді процестер туралы неғұрлым маңызды ақпаратты жинақтайды.  
03 ақпанның 2025 Бақытжан Сағынтаев Ненад Поповичпен 2025 жылға арналған бірлескен іс-шараларды талқылады 3 ақпанда Еуразиялық экономикалық комиссияның штаб-пәтерінде ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың Сербия Республикасы Үкіметінің министрі, Еуразиялық экономикалық одақпен қатынасты дамытуға жауапты Ненад Поповичпен жұмыс кездесуі болып өтті. Келіссөз барысында халықаралық күн тәртібінің мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алмасылды, қолданыстағы Еркін сауда туралы келісім шеңберінде ЕАЭО елдері мен Сербия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.  Аталған Келісімге сәйкес құрылған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын дайындау барысы, сондай-ақ 2025 жылғы жоғары деңгейдегі басқа да іс-шаралар қаралды. Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастық үшін оңтайлы жағдайлар жасауға жәрдемдесуге келісті.  Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда аймағы туралы келісімге 2019 жылғы 25 қазанда қол қойылды және 2021 жылғы 10 шілдеде күшіне енді.
03 ақпанның 2025 Санкт-Петербургте ЕАЭО-дағы бәсекелестіктің жалпы қағидаттары мен қағидаларын іске асыруға орайлас тәсілдемелер таныстырылды 31 қаңтарда Санкт-Петербургте "Экономиканы қазіргі заманғы монополияға қарсы реттеу: заңнаманы жетілдіру құралдары" атты VIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Конференцияға Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің өкілі Владимир Ковалёв қатысты. Ол өз сөзінде ЕЭК-тің бәсекелестік саласындағы құқық қолдану практикасы мәселелеріне, оның тиімділігін арттыру механизмдеріне тоқталды. Қазіргі заманғы цифрлық экономика жағдайында тауар нарықтарын зерттеу мен реттеуге орайлас тәсілдемелерді әзірлеуге және бизнес пен ЕАЭО елдерінің қалың жұртшылығы үшін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын түсіндіру жөніндегі жұмысқа бөлекше назар аударылды. Іс-шараға Ресейдің ФМҚ басшысы Максим Шаскольский, ЕАЭО Сотының Төрағасы Алексей Дронов, ФМҚ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Ресей судьялар корпусының, ЕАЭО елдерінің сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты.
03 ақпанның 2025 Гоар Барсегян: "ЕАЭО елдерінің АӨК-ін цифрландыру сектордың дамуын жеделдетеді және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады" Еуразиялық экономикалық одақтың ауыл шаруашылығын цифрландыру жаһандық нарықтарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді, азық-түлік ресурстарының қауіпсіздігін арттырады және қаржылық қызметтерге қол жеткізуді жеңілдетеді. Бұл артықшылықтар Алматыда Digital Almaty 2025 форумы шеңберінде "Цифрландыру — ЕАЭО аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша табыс факторы" панельдік сессиясында талқыланды. Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешенінің цифрлық экономикасын дамыту туралы айта келіп, тұтастай мүше мемлекеттер қабылдап жатқан жүйелі шаралар он жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру көлемін 25,4% арттыруға мүмкіндік бергенін атап өтті. Одақты азық-түлікпен қамтамасыз етуде өзара сауда маңызды рөл атқарады, оның көлемі 1,6 есе өсті, соның арқасында ЕАЭО-ның ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейі 93%-ға жетті. "Бұл оң үрдісті сақтап қана қоймай, оны көбейту де маңызды", — деп атап өтті ЕЭК министрі. Гоар Барсегянның сөзінше, технологиялық инновацияларды ендіру осы жаһандық міндетті шешуге көмектеседі. "Ауыл шаруашылығы өндірісін жеделдетіп өсіру құралдарының бірі — аграрлық нарықты цифрлық модельге трансформациялау болып табылады. Комиссияның да, ұлттық үкіметтердің де күш-жігері нақ осы бағытқа шоғырланған", — деп атап өтті ол. ЕЭК министрі хабарлағандай, Комиссия ақпараттық ресурс — Агроиндустрияны дамыту картасын іске қосты, онда ЕАЭО-да іске асырылып жатқан, 18 млрд доллардан астам сомадағы 260-тан астам ірі инвестициялық жоба туралы ақпарат интерактивті режимде бейнеленген. Бұл ақпарат қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан жобаларды ескере отырып, инвесторларға жаңа ауыл шаруашылығы жобалары бойынша салмақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің электрондық саудасын дамытудағы және бір маңызды қадам — Ауыл шаруашылығы өнімдеріне арналған қойма куәліктерін шығару, айналысқа жіберу және өтеу қағидалары туралы келісімге қол қою болды. Оны практикалық іске асыру 2026 жылдың маусымынан басталады. Сессияға ЕАЭО елдерінің мүдделі органдарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты. Талқылау шеңберінде пікірсайысқа қатысушылар технологиялар мен тәжірибе алмасуға баса назар аударды, ынтымақтастықты тереңдету үшін инновациялық шешімдер ұсынды. 
02 ақпанның 2025 Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық экономикалық комиссияның кезекті мерейтойымен құттықтады Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ЕЭК-тің құрылғанына 13 жыл толуымен құттықтады. Комиссия Алқасының басшысы 2012 жылы құрылған сәттен бастап ЕЭК бірлестікке қатысушы елдермен бірлесе отырып, ЕАЭО негізіне салынған және Еуразиялық экономикалық интеграцияны үдемелі дамытуға бағытталған іргелі қағидаттарды іске асыру бойынша жұмыс істеп жатқанын атап өтті. ЕАЭО шеңберінде салиқалы нормативтік-құқықтық база құрылды, экономиканың әртүрлі саласында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалды, бизнесті жүргізу мен азаматтардың еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасалған. ЕЭК Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев атап көрсеткендей, Комиссия өз жұмысында және алдағы уақытта да "бестік" мемлекеттері азаматтарының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесу, сондай-ақ Одақ шеңберінде экономикалық өсу үшін жағдайларды жақсарту мақсатын басшылыққа алатын болады.
Тағы да көрсету