Жаңалықтар

17.03.2023 (Обновлено: 21.03.2023 13:17)

Арзыбек Қожошев: «ЕАЭО елдері энергетика саласындағы сын-қатерлерді бірлесіп еңсеруге дайын»

Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Қожошев 16-17 наурызда Бішкекте өткен Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің «Ерекше экономикалық жағдайдағы ЖЭК, инновациялық әзірлемелер және цифрлық трансформация» халықаралық энергетикалық форумында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің алдында тұрған энергетика саласындағы сын-қатерлерді және оларды ортақ күш-жігермен еңсеруге дайындықты атап өтті.

Форумды Қырғызстанның энергетика саласындағы әйелдер қауымдастығы ЕЭК-пен бірлесіп ұйымдастырды және ЕАЭО мемлекеттерінің энергия теңгерімдерінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге, энергетиканы цифрлық трансформациялауға және кадрлық әлеуетті дамытуға арналған.

ЕЭК министрі жаңартылатын энергия көздерін белсенді пайдалануға және осы процеске байланысты көміртексіздендіруге, төмен көміртекті дамытуға көшуге назар аударды. «Төмен көміртекті дамытуға көшу нәтижелерінің бірі қазбалы органикалық отынға сұраныстың төмендеуі және жаңартылатын және басқа да жасыл энергия көздерінің рөлінің артуы болады», – деп есептейді Арзыбек Қожошев.

Форумға ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Вадим Закревский қатысып, жаңартылатын энергия көздерімен қатар дамудың перспективалы бағыттарының тізбесіне сутегі және атом энергетикасы кіретінін атап өтті.

Еуразиялық «бестік» елдерінде бүгінгі таңда ЖЭК-тің барлық түрлері белсенді дамып келеді, күннен, желден, геотермалдық көздерден, толқыннан және басқалардан алынатын энергия алу сияқты жаңа, сондай-ақ дәстүрлі гидроэнергетика және биомассаны пайдалану.

Форум аясында ТМД Электр энергетикалық кеңесінің атқарушы комитетінің, Еуразиялық даму банкінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың, ЕАЭО елдерінің ғылыми және бизнес-қоғамдастығының өкілдері баяндама жасады.

Анықтама

Армения Республикасында 2022 жылы жалпы қуаты 65 МВт-қа дейінгі 11 күн электр станциясы пайдалануға берілді, оның құрылысын Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 37 млн сомаға қаржыландырды. Армениядағы КЭС әлеуеті 8 ГВт-қа бағаланып отыр.

Беларусь Республикасында 2021 жылдың қорытындысы бойынша пайдаланылатын ЖЭК жалпы қуаты 500 МВт құрады, ал 2025 жылға қарай оны 630 МВт-қа дейін ұлғайту жоспарлануда. ЖЭК-ті дамытуды жалпы электр энергиясын өндірудің 8%-на дейін жеткізу туралы шешім қабылданды.

Қырғыз Республикасының ЖЭК саласында үлкен әлеуеті бар, ол су объектілерінде жылына* 5 млрд кВт*сағ, күн объектілерінде жылына* 490 млн кВт*сағ астам және жел объектілерінде жылына* 45 млн кВт*сағ бағаланып отыр. 

Қазақстан Республикасында ЖЭК өндіретін электр энергиясының көлемі 2021 жылы жоспарлы көрсеткіштерден асып түсті. Қазір Қазақстанда белгіленген қуаты 2065 МВт 136 жаңартылатын энергия көздері жұмыс істейді: қуаты 684 МВт 40 жел электр станциясы; қуаты 1093 МВт 51 күн электр станциясы; қуаты 280 МВт 40 гидроэлектростанциясы; қуаты 8 МВт 5 биоэлектростанциясы. 2021 жылы жалпы қуаты 393 МВт болатын 19 нысан пайдалануға берілді.

Ресей Федерациясында көтерме және бөлшек сауда нарықтарында ЖЭК енгізудің жиынтық көлемі 2021 жылы 1217 МВт құрады. Тек 2021 жылдың IV тоқсанында Ресейде 12 жаңа ЖЭК тудыру нысаны пайда болды: 8 жел электр станциясы және төрт күн электр станциясы. ЖЭК тудыру қуаты 656,4 МВт-қа өсті. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК тудыру объектілері 5,2 млрд кВт*сағ астам электр энергиясын өндірді.