Жаңалықтар

01.01.1970

Бақытжан Сағынтаев: «Комиссия қарымды өңірлік интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктермен диалогты дамытады"

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің "ТМД, ЕАЭО, ШЫҰ кеңістігінде диалогтан бірлескен жобаларға қарай" XVI халықаралық экономикалық форумының жалпы отырысына қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға құттықтау лебізін білдірген Бақытжан Сағынтаев Форумның Үлкен Еуразия өңірінде интеграциялық бірлестіктердің диалогы мен ынтымақтастығын құрудағы маңызды рөлін атап өтті, бұл әлемдік экономикадағы жаһандық үрдістер мен сын-қатерлер жағдайында дамудың маңызды жалпы әлемдік трендіне айналуда.

ЕЭК Алқасының Төрағасы әріптестік байланыс географиясын кеңейту Еуразиялық экономикалық одақ құрылған сәттен бастап интеграциялық күн тәртібінің өзгермейтін басымдығы болып табылатынын хабарлады. Аталған бағыттағы жұмыстың нәтижесі Одақтың жұмыс істеу кезеңінде сыртқы әріптестермен тауар айналымының 60% ұлғаюы болды.

"Өзіміздің халықаралық қызметімізде біз кез келген интеграциялық процестерді ұштастыру осы интеграциялық және мемлекетаралық бірлестіктерге қатысушы елдер экономикасының әлеуетін қосымша ашуға ықпал ететінін негізге аламыз", – деп атап көрсетті Бақытжан Сағынтаев.

Бақытжан Сағынтаев Үлкен Еуразия кеңістігі бірегей сауда-экономикалық және көлік-логистика артықшылығына ие болып отыр, деп атап өтті. Сол себепті Үлкен Еуразиялық әріптестік тұрғысында ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, БРИКС елдерімен және басқа да мүдделі мемлекеттермен және бірлестіктермен жүйелі диалогты дамыту Одақтың халықаралық қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық экономикалық форумы – әлемдік және өңірлік экономиканың қазіргі заманғы даму үрдістерін ескере отырып, бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылының түйінді мәселелерін талқылауды мақсат тұтатын беделді пікірсайыс алаңы.