тексттин өлчөмү:
A
A
A
Сайттын түстөр:
C
C
C
Сайттың әдеттегі болжамы
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Іздеу
Іздеу
Выберите язык
рус
eng
арм
бел
қаз
кыр
Комиссия
Жаңалықтар
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Жаңалықтар
Күндерді таңдаңыз
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
Бағытты таңдаңыз
Барлық бағыттар
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Іздеу нәтижелері: 6799
20 тамыздың 2025
Андрей Слепнев ЕАЭО мен Үндістан арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз топтарының жетекшілерін қабылдады
20 тамызда Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев Еуразиялық экономикалық одақ пен Үндістан Республикасы арасында еркін сауда туралы келісім жасасу жөніндегі келіссөз топтарының жетекшілерін – ЕЭК Сауда саясаты департаменті директорының орынбасары Михаил Черекаевты және Үндістан Республикасы Сауда және өнеркәсіп министрлігі жанындағы Коммерция департаментінің қосымша хатшысы Шри Аджай Бадуды қабылдады. Келіссөз топтарының жетекшілері ЕЭК министрін келіссөздерге арналған техникалық тапсырманы бекіту туралы хабардар етті. Тараптар келіссөз процесін бастау жөніндегі бұдан арғы қадамдарды және болашақ сауда мәмілесінің басқа да ұйымдастырушылық жәйіттерін талқылады. "Соңғы бірнеше жыл ішінде байқалып отырған ЕАЭО-ның Үндістанмен тауар айналымының айтарлықтай өскенін қанағаттанушылықпен атап өтеміз. Сауда көлемінің одан әрі өсуіне, сондай-ақ салалық ынтымақтастықтың, соның ішінде "Солтүстік – Оңтүстік" экономикалық дәлізін пайдалана отырып нығаюына сенім артамыз", – деп мәлімдеді Андрей Слепнев. Халықаралық сауда орталығының (Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Біріккен Ұлттар ұйымының бірлескен агенттігі) деректері бойынша, ЕАЭО елдері мен Үндістан арасындағы тауар айналымы 2024 жылы 69 млрд долл. құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 7% артты.
19 тамыздың 2025
ЕЭК ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын өндіру әдістері мен схемаларын біріздендіруге орайлас тәсілдемелер мен қант саласын орнықты дамыту жөнінде шаралар қабылдады
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамыздағы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде айналыста болған кезде ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқымын (отырғызу материалын) өндіру әдістері мен схемаларын біріздендіруге орайлас тәсілдемелер мен қант саласын орнықты дамыту жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар қабылдады. "Тұқым шаруашылығы жөніндегі құжат Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары бекіткен тұқым шаруашылығы саласындағы ұлттық заңнаманы дәйекті жақындастыру және ауыл шаруашылығы өндірісін таңдаулы сұрыптардың жоғары сапалы тұқымымен қамтамасыз ету мақсатында біріздендіру шараларының тізбесін іске асыру үшін қабылданды", – деп атап өтті ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі министрі Гоар Барсегян. Қабылданған тәсілдемелер Одақ мемлекеттеріне дәнді, дәнді-бұршақты, техникалық, майлы, жеміс-жидек дақылдары мен картоптың тұқымын (отырғызу материалын) өндірудің ғылыми негізделген әдістері мен схемаларын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының сұрыптарын сақтау бойынша ғылыми негізделген іс-шаралар мен әдістерді қолдануды ұсынады, солардың негізінде жоғары сұрыпты және өнімді қасиеттері бар тұқым өсіру қамтамасыз етіледі. Құжатта тұқым өндіру схемасында көрсетілетін, соның ішінде дақыл, сұрып, тұқымды өндіру, себуге дайындау, себу және жинау, өңдеу, сақтау мен негізгі агротехникалық және өзге де іс-шаралар бойынша қажетті іс-шаралар туралы ақпарат көзделген. ЕЭК ұсынымын пайдалану ең таңдаулы сұрыптық, шаруашылық жағынан құнды және биологиялық қасиеттерімен ерекшеленетін жоғары сапалы сұрып тұқымдарының сұрып ауыстыру және сұрып жаңарту үшін талап етілетін көлемін өндіруді және өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындары тұқым (отырғызу материалын) өндіру кезінде рәсімдердің баламалылығы қамтамасыз етілетіні де маңызды, ал ұлттық заңнамада өзара саудаға әсер ететін айырмашылықтар алып тасталатын болады. Комиссия ұсынған қант саласын орнықты дамыту жөніндегі шаралар кешеніне келетін болсақ, оны іске асыру да бірқатар практикалық мәселені шешуге көмектеседі. Ең алдымен сала жұмысының тиімділігін арттыруға, қантқа, өндіріс құралдарына деген импорттық тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді, экспорттық әлеуетті өсіре түсуге ықпал ететін болады.
19 тамыздың 2025
ЕЭК тамақ өніміне арналған техникалық регламентке орайлас стандарттар тізбесіне өзгерістер енгізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамызда Кеден одағының "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне орайлас ерікті қолдану стандарттарының тізбесіне өзгерістер енгізді. Стандарттар тізбесі екі мемлекетаралық стандартпен толықтырылды – МемСТ 35038-2023 "Астық негізіндегі өнім. Талқан" және МемСТ 35041-2023 "Астық негізіндегі өнім. Сумолок. Техникалық шарттар". Бұларды көрсетілген техникалық регламенттің бағдарламасына сәйкес Қырғыз Республикасы әзірлеген. Бұдан басқа, Қырғыз Республикасының екі ұлттық стандарты алып тасталды, өйткені олардың негізінде тиісті мемлекетаралық стандарттар әзірленді. Өзгерістер ЕЭК Алқасының шешімі ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді. Өзгерістерді Комиссия ЕЭК Кеңесі 2016 жылы бекіткен Халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбелерін әзірлеу және қабылдау тәртібінің (Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 65 шешімінің редакциясында) 36-тармағының "б" тармақшасын іске асыру шеңберінде дайындады.
19 тамыздың 2025
Экспресс-жүктерге арналған декларацияны толтыру қағидалары қарқынды түрде біріздендірілуде
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 19 тамызда мәліметтерді мәлімдеу тәртібін одан әрі біріздендіруге бағытталған экспресс-жүктер үшін декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізді. Тауарларды уақытша сақтауға орналастыру туралы мәліметтерді ЕАЭО-ның барлық мемлекетінде көрсету қажет болады, ал қазір мұндай ақпарат Одақтың үш елінде ұсынылады. Бұл уақытша сақтауға және декларациялауға байланысты кедендік операцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бекітілген өзгерістер декларацияда ЕАЭО елдерінің валюталық заңнамасының сақталуына байланысты мәліметтерді мәлімдеуге мүмкіндік береді, бұл сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың оларды жеке ұсынуы қажеттігін болдырмайды және кедендік операцияларды жасау уақытына оң әсер етуі мүмкін. ЕЭК Алқасының 2018 жылғы 28 тамыздағы № 142 шешімімен экспресс-тасымалдаушылар өткізетін сауда айналымы шеңберінде тауарларды кедендік декларациялау кезінде қолданылатын экспресс-жүктер үшін тауарларға арналған декларацияны толтыру нысаны мен тәртібі бекітілді.
18 тамыздың 2025
ЕАЭО-да үшінші елдермен саудада техникалық тосқауылдарды жою үшін құқықтық база дамытылады
Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаменті директорының орынбасары Максим Ким Минскідегі "Қазіргі заманғы сыни шақырыстар жағдайындағы аккредиттеудің жаңа көкжиектері" халықаралық форумында Еуразиялық экономикалық одақ пен үшінші елдер арасындағы өзара саудадағы техникалық тосқауылдарды жою жайында айтып берді. Атап айтқанда, ол техникалық тосқауылдарды жою мәселелерін нысаналы талқылауды бастаудың негізі ЕАЭО туралы шартты дайындау кезінде-ақ қаланғанын атап өтті. 2021 жылы мүше мемлекеттер Үшінші елдермен өзара саудада техникалық тосқауылдарды жою тәртібі мен жағдайлары туралы келісімге қол қойды. Оның негізіне ЕАЭО мен үшінші елдің осындай тосқауылдарды жоюға әкелетін міндеттемелерінің тепе-теңдік қағидаты алынған, ал практикалық уағдаластықтарды іске асыру ЕАЭО мен оған мүше бес мемлекеттің үшінші елмен халықаралық шарты форматында бағамдалады. Одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы 2018 жылғы келісімде халықаралық шарттар жасасудың экономикалық орындылығына, соның ішінде саудадағы техникалық тосқауылдарды жою мәселелері бойынша бағалау жүргізу көзделген. "Халықаралық шарт жасасудың экономикалық орындылығын бағалау қажеттігіндегі негізгі қиындық – нақты үшінші елмен саудадағы техникалық тосқауылдарды жою туралы болашақ уағдаластықтар қолданылатын өнімдер тізбесін айқындау", – деп атап көрсетті Максим Ким. Комиссия өкілінің сөзінше, ЕАЭО мен үшінші елдің міндетті талаптарының салғастырмалығын айқындау рәсімдері, сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тану жөніндегі жұмыстарға қатысатын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды тағайындау тәртібі, шетелдік органдарда алынған сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін тану негізінде ЕАЭО мемлекеттерінде айналысқа түсетін өнімнің қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ету бұдан арғы талқылаудың нысанасы бола алады. Максим Ким мүше мемлекеттердің, үшінші елдердің, Комиссияның, барлық мүдделі органдардың және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің бірлескен жұмысы осы мәселелерді шешуге көмектеседі және ЕАЭО-ның үшінші елдермен сауда-экономикалық байланыстарын кеңейтуге жәрдемдеседі деп үміт білдірді. Форум шеңберінде ЕЭК өкілі Беларусь Республикасы Өнеркәсіп министрлігінің, Мемлекеттік стандарттау комитетінің және Беларусь мемлекеттік стандарттау және сертификаттау институтының өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Беларусьтің электрондық паспорттар жүйесінің ұлттық операторы мен "Электрондық паспорт" АҚ электрондық паспорттар жүйесінің әкімшісі арасындағы өзара іс-қимыл, сондай-ақ көлік құралы типіндегі берілген мақұлдаудың, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу мәселелері талқыланды.
15 тамыздың 2025
Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының қорытындылары
Бүгін ЕАЭО елдерінің Үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық интеграцияның бірқатар маңызды мәселелерін қарады. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев баспасөз қызметкерлері алдына шығып, отырыс қорытындыларын хабарлады. ЕАЭО ішінде және үшінші елдермен теміржол жүк тасымалы саласындағы цифрландыру процестерін жеделдету жайы баяндалды Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы цифрлық көлік құжаттарына қазірдің өзінде көшті. Осы саладағы Қытаймен ынтымақтастықтың ілгерінді беталысы атап өтілді – электрондық қолтаңбаны қолдануды қамтамасыз ету үшін Ресей мен Қытайдың теміржол тасымалдаушыларының өзара іс-қимылы туралы келісімге қол қойылды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО-да әкелінетін тауарлардың кедендік құнын бақылауды күшейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері туралы Комиссияның баяндамасы ұсынылды. Кедендік құны белгіленген тәуекел индикаторларынан төмен салық сыйымды тауарларды кедендік бақылаумен қамту бөлігіндегі оң серпін атап өтілді. Үкіметаралық кеңес мүшелеріне "бестік" мемлекеттерінің бюджеттері арасында кедендік әкелу баждарының сомаларын есепке алу және бөлу туралы жыл сайынғы есеп ұсынылды. 2024 жылы Одақ елдерінің бюджеттеріне 15,2 млрд. АҚШ долл. түсті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 3% дерлік көп. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш екенін атап өткен жөн. Үкімет басшылары Тауарлардың ортақ биржалық нарығында сауда-саттықты дамыту бағдарламасын бекітті, оны 2029 жылы толық іске қосу жоспарланған. Комиссияның 2024 жылғы трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы жылдық есебі мақұлданды. ЕҮАК мүшелері Дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын одан әрі дамыту тұжырымдамаларын келісті. Құжаттар жұмыстың екі маңызды бағытын айқындайды. Біріншісі – шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету, екіншісі – тиісті цифрлық платформаларда ведомстволардың өзара іс-қимылын кеңейту. Ортақ еңбек нарығындағы біліктілік талаптарын жоғары сұранысқа ие мамандықтарға жақындату бойынша жұмыс жүргізілуде. ЕЭК тұрақты негізде олардың тізбесін қалыптастырады, бұл азаматтардың жұмысқа орналасуын едәуір жеңілдетеді. Бұдан басқа, көлік саласында кадрлық әлеуетті дамытуға көп көңіл бөлінеді. Бұл бағыт енді 2024-2026 жылдарға арналған бейінді жол картасына кірістірілді. Құжатты іске асыру бірыңғай көлік кеңістігін және көрсетілетін көлік қызметтерінің ортақ нарығын қалыптастыруға себепкер болады. Үкімет басшыларына ЕАЭО шеңберінде климаттық күн тәртібінің мәселелерін реттеу жөніндегі тәсілдемелерді іске асырудың бес жылдық жоспары ұсынылды. ЕҮАК-тің келесі отырысы 29-30 қыркүйекте Минскіде өтеді.
15 тамыздың 2025
Бақытжан Сағынтаев ЕҮАК отырысы делегациялары басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуіне қатысты
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Бақытжан Сағынтаев 14-15 тамызда Шолпан-Атада өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысының делегациялары басшыларының Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен кездесуіне қатысты. Іс-шара ЕҮАК отырысы қарсаңында кеңейтілген құрамда өтті. Кездесу барысында Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша тыңғылықты пікір алысу болып өтті. Қырғызстан басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында ЕАЭО шеңберіндегі интеграциялық ынтымақтастықты күшейтуге қатысты мәселелердің кең ауқымы қаралатынын атап көрсетті. Атап айтқанда, Тауарлардың ортақ биржалық нарығында биржалық сауда-саттықты дамыту бағдарламасын бекіту; трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жай-күйі және бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылықтың жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар туралы Комиссияның 2024 жылғы есебін талқылау; газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру барысын қарау; Одақ елдерінің 2024-2026 жылдарға арналған үйлестірілген көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру жоспарына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Отырысқа қатысушылар теміржол жүк тасымалын цифрландыру, климаттық күн тәртібі, Одақтың еңбек нарығында неғұрлым сұранысты кәсіптер бойынша біліктілік талаптарын жақындастырудың орындылығы және кәсіптік біліктілікті растау тәртібі мәселелерін қарайды. Бұдан басқа, дәрілер мен медициналық бұйымдардың ортақ нарықтарын дамыту тұжырымдамаларын талқылау жоспарланған. Кездесуге Еуразиялық үкіметаралық кеңестің Төрағасы, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Александр Турчин, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, сондай-ақ Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Ареф және Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қатысты.
15 тамыздың 2025
Андрей Слепнев Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабакпен еркін сауда туралы келісімді іске асырудың барысын талқылады
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің алаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев пен Иранның Өнеркәсіп, кеніштер және сауда министрі Мохаммад Атабактың жұмыс кездесуі болып өтті. Тараптар ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда туралы 2025 жылғы 15 мамырда күшіне енген келісімді іске асырудың алғашқы қорытындыларын шығарды және ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі жоспарларын белгіледі. Осы жылдың күзіне жоспарланған Бірлескен комитеттің бірінші отырысын өткізуге жоғары дайындық атап өтілді, соның шеңберінде Келісімді іске асырудың нақты механизмдерін бекіту жоспарлануда. ЕАЭО мен Иран арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тиісті жол картасының жобасы келісудің қорытындылаушы сатысында тұр. "Бұл еркін сауда туралы жай ғана келісім емес. Бұл өзара іс-қимылдың сапалы жаңа деңгейі. Біз түйінді секторлардағы ынтымақтастықты кеңейту мен өзара сауда көлемін ұлғайтудың келешегін көріп отырмыз", – деп атап өтті Андрей Слепнев.
Тағы да көрсету