Жаңалықтар

17.10.2022

2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін тауарларды ЕАО белгісімен таңбалау ережелері жеңілдетілді.

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі өнім әкелініп, кедендік рәсімдерден өткізілгеннен кейін өнімге ЕАО белгісін басу және тұтынушыларға оның құрамы, жарамдылық мерзімі, өндіруші туралы мәліметтер және т.б. туралы ақпаратты таңбалау мүмкіндігі туралы шешім қабылдады. Бұл ретте таңбалау өнімге оны тұтынушыға (сатып алушыға) өткізгенге дейін басылуы тиіс. Мұндай таңбалауды жеңілдету 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қолданылуы мүмкін.

Сонымен қатар ЕЭК Кеңесінің шешімінің негізінде 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін ЕАЭО елдерінің үкіметі өнімді кедендік рәсімдеуге қою кезінде сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды (осындай құжаттар туралы мәліметтерді) кеден органдарына ұсыну тәртібі мен жағдайларын айқындау бойынша ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімін қолдану ерекшеліктерін белгілеуі мүмкін. ЕАЭО аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімді әкелудің ұлттық деңгейде белгіленген ерекшеліктері ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын сақтау міндеттілігін жоққа шығара алмайды.

Шешім Комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №12 өкімімен бекітілген макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда ЕАЭО мемлекеттерінің экономикалық тұрақтылығын арттыру бойынша шаралар тізбесін іске асыру аясында қабылданды. Қабылданған шара экономикалық санкциялар енгізілген ЕАЭО елдерінің нарығында тауарлардың тұрақты ұсынысын қолдау үшін қажет.