10 қаңтарда Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында ЕЭК сауда саясаты департаментінің директоры Владимир Серпиков Ресей Федерациясындағы Қытай Халық Республикасы елшілігінің сауда-экономикалық мәселелер жөніндегі өкілетті министрі Лю Цзиньмен жұмыс кездесуін өткізді.
Тараптар өзара іс-қимылды дамытудың ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді іске қосу жөніндегі бірлескен комиссияның төртінші отырысының уағдаластықтарын орындау мәртебесін, сондай-ақ 2023 жылы бекітілген ЕАЭО – ҚХР жол картасын іске асыруды талқылады.
Сонымен қатар 2025 жылы Одақ елдерінің бірінде өткізуге жоспарланған Бірлескен комиссияның бесінші отырысына белсенді дайындықты бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
«Осы жылы мемлекеттеріміз арасындағы сауданың одан әрі өсуіне ықпал ететін ынтымақтастықтың неғұрлым талап етілетін бағыттарын қоса алғанда, жол картасын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуді ұсынамын», – деп атап өтті Владимир Серпиков.