Жаңалықтар

12.08.2022

ЕАЭО ортақ газ нарығы бойынша келіспеушіліктерді реттейді

12 тамызда Еуразиялық «бестік» елдерінің Энергетика министрліктері басшыларының қатысуымен ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын нысаналы талқылау болып өтті.

Келіссөздер Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі министрі Арзыбек Кожошевтің төрағалық етуімен өтті, ол тараптар ұзақ уақыт бойы бәтуаластыққа қол жеткізе алмаған мәселелерді шешудегі елеулі серпінді атап өтті.

Кеңес барысында Энергетика министрлері күн тәртібіндегі мәселелердің үлкен бөлігі бойынша уағдаласты: газды сатып алушыны, бос қуатты, трансшекаралық тасымалдауды және газ жеткізуді айқындауды, ортақ газ нарығын реттеудің және газ-көлік жүйелері операторларының өзара іс-қимылының жекелеген мәселелерін келісті.

Пікір алмасу болды, ортақ нарыққа қатысушы мәртебесін түсінуде, мүше мемлекеттердің газға деген ішкі мұқтаждығын, шарттың газ жеткізуге арналған жекелеген қырларын қамтамасыз етуде жақсарысқа қол жетті.

Арзыбек Кожошев тараптардың сындарлы диалогқа дайын екенін: «Реттелмеген мәселелер бойынша шешімдерді іздеу өзара қабылданымды ұсыныстар тұжырымдау үшін бұдан да жоғары деңгейде жалғастырылатын болады, олар сезімтал мәселелер бойынша болашақ ымыралар үшін негіз болуы мүмкін», — деп атап өтті.

Уәкілетті органдардың басшылары құжатпен жұмысты аяқтау және оны Одақ органдарының қарауына енгізу үшін екіжақты негізде газ жөніндегі халықаралық шарттың жекелеген ережелерін қосымша пысықтауға сөз байласты.

Кеңес ортақ газ нарығын құру перспективаларын талқылау жоспарланып отырған Комиссия Кеңесінің (19 тамызға жоспарланған) және Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (25-26 тамыз) отырыстары қарсаңында өтті.