Жаңалықтар

25.10.2021 (Обновлено: 30.03.2022 10:36)

ЕЭК пен QazExpoCongress желтоқсанда Еуразиялық экономикалық форумды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шарт жасасты

Еуразиялық экономикалық комиссия мен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ 2021 жылғы 10 желтоқсанда Алматыда (Қазақстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық форумды ұйымдастыру және өткізу жөнінде көрсетілетін қызметтер туралы шартқа қол қойды. Құжатқа ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры Данияр Турусбеков пен «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Владимир Лютов қол қойды. Еуразиялық экономикалық форум (ЕЭФ) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2019 жылғы 11 қазандағы шешімі негізінде жыл сайын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде кезекпен өткізіледі. Форум 10 желтоқсанда Алматыда өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына орайластырылған.

Форумды өткізу мақсаты – мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында кооперациялық байланыстарды қалыптастыру және Одақ елдерінің инвестициялық және инновациялық әлеуеттерін біріктіруден синергетикалық нәтижеге қол жеткізу, ЕАЭО мемлекеттерінің экспорттық әлеуетін дамыту.

Форум Одақты экономикалық интеграцияның өңірлік бірлестігі ретінде таныстыру мен жайғастыру үшін жоғары деңгейдегі сапалы алаңға айналады, ЕАЭО кеңістігінде кәсіпкерлердің тиімді өзара іс-қимылын дамытуға, сондай-ақ Одақтың қызметі туралы халықтың кең тобын хабардар етуге ықпал етеді деп жоспарлануда.

Форум көрме және іскерлік бөліктерінен тұрады.

Іскерлік бөлігінің негізгі тақырыптары ЕАЭО-дағы интеграциялық процестердің неғұрлым өзекті және бизнес талап етіп отырған, соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін айрықша қызығушылық тудыратын, Еуразиялық кеңістіктегі кооперациялық байланыстарды жетілдіру мәселелері болады.

Форумның іскерлік бөлігі Одақ қызметінің нәтижелері туралы тақырыптық іс-шараларды кірістіретін іскерлік бағдарламасын жүргізуді бағамдайды.

Көрме бөлігінің негізгі мақсаты - ЕАЭО өндірістік кәсіпорындарының тікелей байланыстарын жолға қою мақсатында, соның ішінде бірлесіп өндірілген өнімді жасау үшін Одақ бизнесмендері арасында байланысу желісін дамытуды ынталандыру, сондай-ақ Еуразиялық өнімнің үшінші елдердің нарығына экспортын ұйымдастыру мен сүйемелдеу мүмкіндіктерін қалыптастыру.

Форумның көрме бөлігі Одақ елдерінің басымдықты салаларының нарығы көшбасшыларының қатысуымен елдік, салалық экспозицияларды кірістіретін болады деп бағамдалуда.