Бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін Комиссияның келісуімен тағы да күнтізбелік 60 күнге қайталап ұзартуға жол беріледі.
Сөйтіп, әлеуметтік маңызы бар тауардың бір түрі бойынша бағаны мемлекеттік реттеуді қолданудың барынша көп мерзімі 12 ай ішінде күнтізбелік 240 күннен асырылмайды. Бұл ретте реттеу мерзімі үзілісті де, үзіліссіз де болуы мүмкін.
Осыған байланысты тәртіп бұрын енгізілген бағаны реттеу мерзімін ұзарту туралы және басқа мүше мемлекеттің бағаны мемлекеттік реттеу мерзімін енгізу немесе ұзарту туралы шешімімен келіспеу туралы ЕАЭО мемлекеттерінің өтініштерін Комиссияға жіберу рәсімін ізеуірттейді. Тәртіп сондай-ақ Комиссияда осындай өтініштерды қарау және олар бойынша тиісті шешімдер қабылдау рәсімін айқындайды.
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Бақыт Сұлтановтың сөзінше, жаңа тәртіп мемлекеттердің бағаны мемлекеттік реттеу сияқты айрықша шараны қолдануына байланысты рәсімдік жәйіттерді оңтайландыруға мүмкіндік береді.
"ЕЭК Алқасының бүгінгі шешімінің күшіне енуі ерте дегенде қазір Одақ елдерінде ратификациялау рәсімінен өтіп жатқан Хаттамада көзделген ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер күшіне енгеннен кейін болады",- деп атап өтті ЕЭК министрі.