Жаңалықтар

18.01.2023

ЕЭК ірі қара малдың және ұсақ малдың генетикалық материалына қойылатын талаптарды айқындады

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы ірі қара малдың «in vitro» эмбриондары мен ұсақ малдың эмбриондарына арналған Бірыңғай ветеринариялық талаптар мен ветеринариялық сертификаттардың жаңа тарауларын бекітті.

 

Құжаттар бақылауда болатын тауарлардың осы түрлерінің Еуразиялық экономикалық одаққа жеткізіліміне мүдделілік білдірген шаруашылық жүргізуші субъектілердің өтініштері негізінде дайындалған.

Ірі қара малдың «in vitro» эмбриондары мен ұсақ малдың эмбриондарына қойылатын талаптар осы уақытқа дейін ұлттық деңгейде мүше мемлекеттерде де, Комиссия деңгейінде де айқындалған жоқ, бұл олардың Одақ аумағына әкелінуі мен еркін айналысын қиындатты.

Осымен бір мезгілде Комиссия Алқасы ірі қара малдың бор кемік тәрізді ми дерті бөлігінде ірі аша тұяқтыларға, сондай-ақ жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық саламаттық бөлігінде хайуанаттар бағындағы және цирктегі жануарларға қатысты Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттарына сәйкес Бірыңғай ветеринариялық талаптарды және ветеринариялық сертификаттардың нысандарын өзектілендірді.