тексттин өлчөмү: A A A
Сайттын түстөр: C C C
Сайттың әдеттегі болжамы
Выберите язык
Жаңалықтарды «кк.аа.жжжж» форматында көргіңіз келетін күнді көрсетіңіз, мысалы, 01.01.2017
 

Іздеу нәтижелері: 6824

05 қыркүйектің 2025 Андрей Слепнев: "Еуразиялық экономикалық одақ – Үлкен Еуразиялық әріптестіктің маңызды буыны" Еуразиялық экономикалық комиссияның Сауда жөніндегі министрі Андрей Слепнев бұл туралы Шығыс экономикалық форумы – 2025 шеңберінде "Үлкен Еуразиялық әріптестік: континенттің дамуының жаңа парадигмалары" сессиясында сөйлеген сөзінде мәлімдеді. "Бүгін біз Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин жариялаған Үлкен Еуразиялық әріптестік (ҮЕӘ) идеясы елеулі және өскелең қолдауға ие болып отыр деп тиянақтай аламыз. Біз мұны қазір, Еуразияның көптеген елі бастан кешіп жатқан жайсыз уақытта көріп отырмыз", – деді ол.  Осыған байланысты ЕЭК Сауда жөніндегі министрі "бастаманы практика жүзінде толтыруды өмірдің өзі береді және бұл толтыру кеңейіп келеді"деп атап өтті. COVID-19 әсерінен маршруттарды әртараптандыру мен байланыстылықты күшейту қажет екенін бәрі де түсінген кезде логистика желісі бойынша байланысу күрт өсті. Андрей Слепневтің сөзінше, әртүрлі сыни шақырыс әсерінен қаржылық есептеудің қауіпсіздігін нығайту мен халықаралық сауданың орнықты даму форматтарын табу идеясы барған сайын түсіністікке ие бола түседі. "Еуразияның бес елін біріктіретін Еуразиялық экономикалық одаққа келетін болсақ, бұл әріптестіктің маңызды буындарының бірі. Бұл тұрғыда біз толығымен ҮЕӘ-нің идеологиясы мен рухындамыз. Біз толығырақ тоқталғымыз келетін практикалық құралдарды белсенді түрде дамытып жатырмыз", – деп атап көрсетті Андрей Слепнев.  Осы тақырыпты дамыта отырып, ЕЭК министрі Комиссияның еркін сауда туралы келісімдер жөніндегі жұмысы жайында айтып өтті. Мұндай келісімдер тарифтерден аулақ болуға және белгілі бір мағынада кейбір елдер қорғап қалып отырған қарама-қарсы тәсілдемелерге жауап беруге мүмкіндік жасайды. Бұл жерде, Андрей Слепневтің пікірінше, тарифтік тосқауылдарды төмендету түріндегі "шлагбаумды көтеру" ғана емес, сонымен қатар жақсы жол картасын құру, бизнес үшін кооперация құруға көмектесе алатын жол салу да маңызды.  "Бұл орайда сөз соның ішінде континенттің құрлықтағы байланысы туралы болып отыр, мұнда Көлік министрлері бір үстелге жиналып, көлік дәліздерінің тар жерлерін "тігу" мен цифрландыру туралы келіссөздер жүргізуі үшін кәсіби көпжақты диалог маңызды. Қаржы құралдарының, сондай-ақ тым жоғары тарифтерден кем түспейтін зиян келтіретін, саудадағы қуатты тосқауыл болып табылатын стандарттарға байланысты мәселелердің де маңыздылығы кем емес", – деп атап өтті ЕЭК министрі.  Цифрландыру мен климаттық күн тәртібінің талқылауды және практикалық шешімдерін табудың соның ішінде ШЫҰ және БРИКС шеңберінде талап етілетін мәселелері жеке қозғалды. "Әріптестік – бұл бөлінудің болмауы. Біздің көшбасшыларымыз әріптестік рухында өзара іс-қимыл жасайды. Бірақ біз кәсіби деңгейдегі барлық кедергілерді жою үшін әлі де бірге жұмыс істеуіміз керек", – деп түйіндеді Андрей Слепнев. 
05 қыркүйектің 2025 Руслан Давыдов: "Қиыр Шығыс ЕАЭО елдерінің көлік әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарады" Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі министрі Руслан Давыдов Шығыс экономикалық форумының "Ресейдің көлік егемендігін қамтамасыз етудегі Қиыр Шығыстың рөлі" сессиясында сөз сөйлеп, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің көлік әлеуетін дамытуға және нығайтуға бағытталған жобалардың іске асырылу барысы туралы айтты. "Бірыңғай транзиттік жүйені ендіру, навигациялық пломбаларды қолдануды іске асыру, өткізу пункттерін жайластыру мен жарақтандыруға қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеу, сондай-ақ электрондық сауданы реттеуді қалыптастыру – Еуразиялық экономикалық комиссияның ЕАЭО транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі жұмысының түйінді бағыттары", – деп атап өтті Руслан Давыдов.  ЕЭК министрі Владивосток теңіз сауда портында жүргізуші кабинадан шықпай-ақ көлік құралы мен тауарлары бар контейнерді сканерлеуге мүмкіндік беретін портал типіндегі инспекциялық- тексеріп қарау кешені жұмыс істей бастағанын да айтып өтті. Оның сөзінше, мұндай технологиялар Еуразиялық "бестіктің" барлық еліндегі интеллектуалдық өткізу пункттерінің негізі болуға тиіс. Сессияға Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің, Ресей Федерациясы Көлік министрлігінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері де қатысты.
Тағы да көрсету