Жаңалықтар

15.04.2022 (Обновлено: 17.05.2022 12:28)

ЕЭК Еуразиялық тізілімдегі өнеркәсіптік тауарлар үшін сараптаманың қолданылу мерзімін ұзартты

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен ЕАЭО елдерінің бизнесін қолдау шарасы ретінде Еуразиялық тізілімде тұрған тауарлар сараптамасының қолданылу мерзімі бір жыл мерзімге ұзартылды. Еске сала өтсек, құжат мемлекеттік сатып алу мақсаты үшін тауарлардың шығарылған елі қағидалары бойынша Комиссия қалыптастырған Еуразиялық тізілімге тауарлар туралы мәліметтерді кірістіру үшін қажет.

Шешім Одақ елдері экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесін орындау шеңберінде дайындалған (ЕЭК Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімі).

Шешім қабылданғанға дейін қолданылған сараптама актісінің мерзімі бір жылды құрады, жаңа шешімге сәйкес бұл мерзім екі есе арттырылатын болады. Тізілімге жаңадан кірістірілетін тауарлар үшін актінің қолданылу мерзімі екі жылды құрайтынын атап өтеміз.

«Біз бұл шешім бизнестің Еуразиялық тізілімге кірістіру үшін қажетті құжаттарды алуға және сараптама жүргізуге байланысты шығындарын елеулі азайтады деп пайымдаймыз. Сондай-ақ Одақтың барлық елінің мемлекеттік сатып алуға қатысатын жаңа өнім берушілері мен өндірушілері үшін ынталандыру болады»,- деп түсіндірме берді ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі министрі Арман Шаққалиев.

Бүгінде Еуразиялық өнеркәсіптік тауарлар тізіліміне 5119 өнеркәсіптік тауар және ЕАЭО-ға қатысушы елдердің 50 өндірушісі туралы мәліметтер кірістірілгенін атап өтеміз.

Қабылданған шешіммен СТ-1 нысанындағы сертификат негізінде Еуразиялық тізілімге тауар туралы мәліметтерді кірістіру мүмкіндігі де 2023 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылады.

Бұдан басқа, шешіммен Мемлекеттік сатып алу мақсаттары үшін тауарлардың шығарылған елі қағидаларына № 1 қосымшаға ЕАЭО СЭҚ ТН кодын және лак-бояу материалдарына «Автомобиль жолдарын көлденең таңбалауға арналған 3907 термопластикадан» атауын қосу, сондай-ақ орман тиегіштері үшін атауларды және бекітілген шарттар мен операцияларды түзету бөлігінде өзгерістер енгізу көзделген.

ЕЭК Хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі