Жаңалықтар

15.04.2022

ЕЭК кейбір тауарлар санаттарын уақытша әкелу мерзімін ұзартады

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік баждар мен салықтарды төлемей тауарлардың кейбір санаттарын уақытша әкелуді екі жылға дейін ұлғайтты.

Уақытша әкелудің шекті мерзімі уақытша кедендік әкелу рәсіміне орналастырылған тауарлар үшін 2021 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 28 ақпанды қоса алғанда ұзартылады.

Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 20 қыркүйектегі № 109 шешіміне тиісті түзетулерге Беларусь Республикасы бастамашылық етті және Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 12 өкімімен бекітілген макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуді қоса алғанда, мүше мемлекеттер экономикаларының орнықтылығын арттыру жөніндегі шаралар тізбесін іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері қолдады.

Шешім 2022 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарда қолданылады.

Анықтама

Уақытша әкелудің екі жылдық мерзімін белгілеу кедендік баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босата отырып уақытша әкелінетін тауарлар тізбесінің 1 – 17, 19 – 22, 24, 28, 29 және 37-тармақтарында көрсетілген тауарлар үшін көзделеді (тауарлар тізбесі Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 331 шешімімен бекітілген).

Мерзімдерді осындай ұзарту 2020 жылы сыртқы экономикалық қызметті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясы пандемиясының салдарын барынша азайту мақсатында белгіленді.