Жаңалықтар

11.06.2024

ЕЭК қарсы сауда рәсімдерін қолдану мәселелері бойынша семинар өткізді

Еуразиялық экономикалық комиссияның семинарында қарсы сауда рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды, семинардың модераторы ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев болды.

Іс-шара негізінен қарсы сауданы ұйымдастырудың практикалық мәселелерін, соның ішінде негізгі сауда серіктестерімен қазіргі кезеңде айырбастау мәмілелерін жүргізуді және ықтимал кедергілерді жоюды талқылауға бағытталған.

«ЕЭК сауда блогы Еуразиялық экономикалық одақтың экспортын қолдаудың бірлескен шараларын іске асыру жөніндегі жұмыс шеңберінде үшінші елдердің нарықтарына шығу және жұмыс істеу кезінде мүше мемлекеттердің бизнесіне жәрдемдесу үшін жаңа құралдар жасаудың қажеттілігі мен мүмкіндіктерін зерделейді. Қарсы мәмілелерді, атап айтқанда, айырбастау және клирингтік операцияларды зерделейтін және тәжірибесі бар мамандардың тәжірибесін ескермей, ЕАЭО Іскерлік кеңесі мен ПХЭФ-те айтылған бұл идеяны толыққанды жүзеге асыру мүмкін емес», – деп атап өтті, семинарды ашқан Андрей Слепнев.

Ол қазіргі уақытта жаңа жағдайларда сауданы ілгерілетуге байланысты сұраныс бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл сұрату ЕАЭО-ның кейбір елдеріне қатысты санкцияларға байланысты емес, ең алдымен жаңа нарықтарға белсенді шығумен байланысты, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Экспортты қолдаудан басқа, импорттық жеткізілімдерді әртараптандыру мәселелеріне ерекше мән беріледі.

«Осыған байланысты неғұрлым жетілдірілген инфрақұрылым құру қажет. Біз алдымызда тұрған сын-тегеуріндерге жауап беру үшін бүгін қолдануға болатын перспективті құралдарды анықтау мақсатында қарсы сауданың қолда бар тәжірибесін егжей-тегжейлі зерделеуге дайынбыз», – деп қосты Андрей Слепнев.

Іс-шараға үшінші елдермен қарсы сауда жүргізу саласында өзекті білімдері мен тәжірибелері бар ғылыми және бизнес қауымдастықтардың өкілдері қатысты.