Жаңалықтар

06.11.2014

«Еуразиялық ынтымақтастық үлгісінде экономикалық дамудың ғаламдық әрі аймақтық беталыстары» халықаралық аймақтық семинар

Бет мазмұны2014 ж. 6 қарашасында Еуразиялық экономикалық комиссия БҰҰ сауда және дамыту бойынша конференциясымен (ЮНКТАД) және Мемлекетаралық банкпен бірге  «Еуразиялық ынтымақтастық үлгісінде экономикалық дамудың ғаламдық әрі аймақтық беталыстары» тақырыбына халықаралық семинар ұйымдастырады.  Семинарды Макроэкономика мен ықпалдастықтың негізгі бағыттары бойынша Алқа мүшесі (Министр) Т.Д.Валовая және Мемлекетаралық банк президенті И.Г.Суворов жүргізеді.  Семинар барысында ЮНКТАД сарапшылары «2014 сауда және дамыту туралы баяндама: Ғаламдық басқару және дамытуға арналған саясат шаралары» (Trade and Devleopment Report 2014: Global Governance and Policy Space for Development), сонымен қатар «2014 Әлемдің инвестициялар туралы баяндама: Қорытындылар ПИИ қалпына келтіру туралы куәландырады» (World Investment Report 2014: findings point to FDI recovery) ұсынады, содан кейін жүргізілген зерттеудің негізгі шығындарын талқылау болып өтеді.  Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюталық қор еуразиялық аймақты дамыту беталыстарын, сонымен қатар негізгі сын-қатерлерін және мүмкіндіктерін белгілейді. Еуразиялық даму банкі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында өзара инвестициялардың инвестициялық мониторинг қорытындыларын ұсынады. ​ Баяндамалардың тұсаукесерлері орыс тіліне синхронды аудару мүмкіндігімен ағылшын тілінде жүзеге асырылады.  Ағылшын тіліндегі аймақтық семинар бағдарламасы Орыс тіліндегі аймақтық семинар бағдарламасы Іс-шараны өткізу орны: Мәскеу қ., Смоленский бул. 3/5, конференц-зал (4 қабат , №408).​ Қызықтырған жағдайда, Румянцева Юлия Владимировнаға +7(495)6692400 (қос.4698) телефоны немесе  rumyanceva@eecommission.org электронды поштасы бойынша 2014 жылдың 31 қазанына дейінгі мерзімде қатысатыныңызды растауыңызды сұраймыз.  Байланыс тұлғасы:  Макроэкономикалық саясат департаментінің ынтымақтастық бөлімінің бастық орынбасары Зеленина Лариса Юрьевна, тел. +7(495)6692400 (қос. 4655), электронды пошта мекен-жайы:  zelenina@eecommission.org   ​​