Жаңалықтар

07.09.2016

Цифрлық күн тәртібі. «Цифрлық инфрақұрылымдар мен цифрлық активтер» жобалық сессиясы

Бет мазмұны2016 жылғы 7 қыркүйекте Алқаның Ішкі нарықтар, ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша мүшесі (Министр) Карине Минасянның басшылығымен «Цирфлық инфрақұрылымдар мен цифрлық активтер» жобалық сессия өтпек. Іс-шара ЕАЭО цифрлық кеңістігін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы шеңберінде жүргізіледі. Жобалық сессияға мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының, уәкілетті ұйымдарының, бизнес қоғамдастығының өкілдері, ЕЭК лауазымды адамдары мен қызметкерлері қатысатын болады. Өткізілу орны мен уақыты: Мәскеу қаласы, Смоленский бульвары,  3/5 үй, 1-құрылыс, 408-каб. Іс-шараның басталатын уақыты: 11:00 (Мәскеу уақыты бойынша).