Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Күнтізбе
/
Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша консультативтік комитеттің сегізінші отырысы
27
Ақп.
Техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша консультативтік комитеттің сегізінші отырысы
Бет мазмұны
2014 жылдың 26-27 ақпанына
жоспарланған Техникалық
реттеу, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды қолдану бойынша
консультативтік комитеттің сегізінші отырысы (бұдан әрі – Консультативтік комитет) ТМД
қатысушы-мемлекеттердің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі
ұлттық орган басшыларының кезектен тыс жиналысының өтуіне байланысты 2014
жылдың 27-28 ақпанына ауыстырылады.
2014 жылдың 28 ақпанындағы Консультативтік комитеттің отырысы аясында Еуразиялық экономикалық одақ
туралы шарт жобасының (бұдан әрі – Шарт жобасы) VI және VII бөлімдері
бойынша реттелмеген келіспеушіліктері жөніндегі принциптік мәселелерді және
оларға қосымша, 2014 жылдың 17 ақпанында Минск қаласында өткен Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық
кеңістіктің келісім-құқықтық базасын құрайтын, халықаралық шарттарды кодтау
жөніндегі Жұмыс тобының техникалық реттеу, санитарлық, ветеринарлық және
фитосанитарлық шаралары жөніндегі қосалқы топ отырысының нәтижелері бойынша және
2014 ж. 18-19 ақпанында Минск қаласында өткен, Еуразиялық экономикалық комиссия
Кеңесінің отырысының қорытындылары бойынша пысықталған, жобаларды қарастыру жоспарланған.