Бет мазмұны27-28 қазанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Тимур Сүлейменовтың төрағалығымен ЕЭК жанындағыСалық саясаты және әкімшілендіру жөніндегі Консультативтік комитеттің сегізінші отырысы өтеді. Отырысқа Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕЭО) салық қызметтерінің өкілдері қатысады. Күн тәртібінде 20 шақты әр түрлі мәселе бар.
Осылайша, жанама салық саласындағы халықаралық құқықтық актілердің - ЕЭО мүше мемлекеттердің алкоголь және темекі өнімдеріне акциз салу саласындағы салық саясатын жүргізудің қағидаттары туралы Келісімнің жобаларын қарау жоспарланды.
Сонымен қатар, өзара сауда-саттықта жанама салықтарды төлеуге қатысы бар анағұрлым проблемалық бірқатар мәселелер қарастырылатын болады:
- ішкі нарықтағы жанама салықтарды қайтару, соның ішінде халықаралық тасымалдауларды жүзеге асырғанда ҚҚС өтеу (қайтару) тәртібін әзірлеуді жетілдіру бойынша рәсімдер;
- тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштермен алмасу;
- ЕЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда-саттықта салық салу бойынша;
- теміржол жылжымалы құрамын ағымды тіркеусіз жөндеулері кезінде ҚҚС өндіру бойынша;
- ЕЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында көмір өткізуді жүзеге асыратын қазақстандық компанияларға қатысты Қазақстан Республикасының салық органдарымен экспортқа ренталық салықты қолдануы бойынша;
- СЭҚ ТН анықтамалығы бойынша өзекті мәліметтердің уақытылы алынбау мәселесі мен ЕЭО мүше мемлекеттердің салық органдарымен СЭҚ ТН мәліметтерін алудың ағымды сызбасын қайта қарау бойынша;
- экспорттық операциялар бойынша тауарларды әкету деректерін растау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер бойынша;
- Армения Республикасына кәсіпкерлік емес қызметі мақсатында автомобиль құралдарын әкелу кезінде жеке тұлғаларға ҚҚС салу бойынша;
- 2009 жылғы 11 желтоқсандағы төленген салық сомалары туралы ЕЭО мүше мемлекеттерінің салық органдары арасында электронды түрдегі ақпараттар алмасу туралы Хаттамаға өзгерістер енгізу бойынша.Жанама салықтар бойынша ақпараттар ұсынудың мерзімдері әр онкүндіктен апта сайынғы мерзімдерге өзгертілетін болады;
Сонымен қатар, салықтық әкімшілендіру мақсатында ЕЭО мүше мемлекеттерінің салық органдары арасында электронды түрдегі ақпараттар алмасу туралы Хаттама жобасын, сондай-ақ Қырғыз Республикасының салық заңнамасының ЕЭО туралы Шарттың нормалары мен ережелеріне және соған қоса берілген №18 Қосымшаға сәйкестігіне жасалған талдаулардың нәтижелерін келісу жөніндегі жұмыстарды талқылау пайымдалып отыр.
Интеграциялық бірлестіктерде салық салу мәселелері бойынша халықаралық салық салу тәжірибелерін зерттеу шеңберінде және де білікті кадрлардың тапшылығын болдырмау мақсатында жетекші білім беру мекемелерімен, атап айтқанда Қоғамдық қаржы Академиясымен және Вена университетінің австриялық және халықаралық құқық Институтымен белсенді ынтымақтастықты бастау жоспарланып отыр.