Бет мазмұны2014 жылдың 30 маусымы – 2 шілдесі күндері Сочиде Көлік және инфрақұрылым бойынша консультативтік комитеттің автомобильдік көлік бойынша шағын комитетінің жетінші отырысы болып өтеді.
Шағын комитет Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік шеңберінде автомобильдік көлік саласындағы ықпалдасу, халықаралық автомобильдік тасымалдарды және көліктік (автомобильдік) бақылауды дамыту мәселелері қаралатын алаң болып табылады.
Кезекті отырыстағы негізгі талқылау тақырыптары 2014 жылдың 29 мамыры күні қол қойылған, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты жүзеге асыру бойынша одан арғы шаралар, КО мен БЭК мүше-мемлекеттері арасындағы тасымалдарға кедергі болатын, көлік саласындағы кедергілерді (проблемалық мәселелерді) жою бойынша іс-шаралар, КО сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылау жүргізген кезде ақпараттық өзара әрекеттесу мәселелері, халықаралық автомобильдік тасымалдар және көліктік бақылауды жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасау мақсатында құжат жобаларын келісу және дайындау болады.