Бет мазмұны30 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссияның
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық коммуникациялық технологиялар
жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Карине Минасянның басшылық етуімен Еуразиялық
экономикалық одақтың цифрлық кеңістігін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды
тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобы үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді.
Отырысқа жұмыс тобы үйлестіру кеңесінің мүшелері –
Одаққа мүше мемлекеттердің атқарушылық билік органдары басшыларының
орынбасарлары деңгейіндегі өкілдері, шақырылған сарапшылар, сондай-ақ ЕЭК
лауазымды адамдары қатысады.
ЕАЭО цифрлық кеңістігін қалыптастырудың негізгі
бағыттарын, сондай-ақ бастамалар мен бірлескен жобалар бойынша ұсыныстарды
талдау жоспарлануда.