Жаңалықтар

30.10.2015

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағамдық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегі Консультативтік комитеттің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі ішкі комитетінің кеңейтілген отырысы

Бет мазмұны30 қазанда сағат 13.00-де Мәскеу қаласында ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың, монополияға қарсы ведомстволары басшыларының, мемлекеттік ведомстволар өкілдерінің, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүше мемлекеттеріндегі байланыс операторларының қатысуымен Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу, бағамдық реттеу және мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар жөніндегіКонсультативтік комитеттің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі ішкі комитетінің кеңейтілген отырысы өткізіледі. Отырыста ЕАЭО мүше мемлекеттерінің аумағында роумингтегі байланыс қызметтерінің бәсекелестігін дамыту және тарифтерін төмендету жөнінде ұсыныстар қаралатын болады. Отырыстың қорытындысы бойынша, ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың және Ресейдің Федералдық монополияға қарсы қызметінің басшысы Игорь Артемьевтің қатысуымен бірлескен баспасөз конференциясы өткізіледі. Сонымен қатар, баспасөз конференциясында«Мобильные ТелеСистемы», «ВымпелКом», «Мегафон», «Теле-2» ұялы байланыс операторларының өкілдері қатысады. 30 қазанда сағат 13.00-де журналистерді баспасөз конференциясына қатысып, өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға шақырамыз. Баспасөз-конференциясы мына мекенжай бойынша өткізіледі: Мәскеу қаласы, Смоленский желекжолы, 3/5 үй, 1-нысан, 316-бөлме. Іс-шараға тіркелу үшін zhiteneva@eecommission.org электронды поштасы арқылы немесе мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (495) 669-24-00, қос. 41-69, 8-925-052-92-62, ЕЭК баспасөз қызметінің кеңесшісі Алена Житенева. ТАӘ, лауазымын, БАҚ атауын, сондай-ақ аппаратурасының тізімдерін хабарлау қажет болады. ​