Жаңалықтар

16.07.2024

Гоар Барсегян ММХҚИ түлектеріне диплом тапсыру рәсіміне қатысты

Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Ресей СІМ ММХҚИ Еуразиялық оқыту институтының магистратура түлектеріне салтанатты диплом тапсыру рәсіміне қатысты.

Түлектерді оқу орнын аяқтаумен құттықтай отырып, ЕЭК министрі: «Еуразиялық оқыту институтының білім беру бағдарламаларының бірегейлігі интеграциялық бірлестіктер ішіндегі ынтымақтастық пен қарым-қатынастарды дамытуға жәрдемдесуден тұрады. Менің ойымша сіздер еуразия кеңістігіндегі шоғырлануды қолдайтын топсыздар. Сіздердің әрқайсысыларыңыз сұранысқа ие боласыздар», – деп атап өтті.

ЕЭК пен ММХҚИ арасындағы жүйелі қарым-қатынас 2022 жылы басталған еді. 2023 жылдың желтоқсан айында Ресей СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының алаңында Еуразиялық экономикалық одақтың жаңа оқыту-білім беру жобасы басталды. Сол кезде ЕЭК пен ММХҚИ 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.

ММХҚИ еуразиялық күн тәртібін дамытудың жаңа тәсілдемелерін әзірлеуге қатысады. Соның негізінде еуразиялық интеграция саласындағы жоғары оқу орындарының консорциумы құрылды. Бейіндік білім беру бағдарламалары мен жобалары іске асырылуда. 

Дипломдарды тапсыру салтанатына Ресей Федерациясының сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Грушко және Еуразиялық оқыту институтының директоры Тамара Шашихина қатысты.