Жаңалықтар

15.04.2022

Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің құрамына қойылатын талаптар өзгерді

ЕЭК Кеңесі «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» техрегламентке өзгерістерді қабылдады.

Белгіленген шектеулерді ескере отырып, парфюмерлік-косметикалық өнімдерде қолдануға тыйым салынған және рұқсат етілген заттардың тізбесі нақтыланды. Сондай-ақ рұқсат етілген бояғыштардың, консерванттардың және УК-сүзгілердің тізімі өзгерді.

Атап айтқанда:

- парфюмерлік-косметикалық өнімдерде пайдалануға тыйым салынған заттардың тізбесі 296 позициямен толықтырылады;

- шектеулерді ескере отырып, пайдалануға рұқсат етілген заттардың тізбесі 12 позициямен толықтырылады, бұл ретте алты позиция алып тасталады;

- пайдалануға рұқсат етілген консерванттар тізбесінен төрт позиция алып тасталады. Өзгерістер ресми жарияланғаннан кейін бір жылдан соң күшіне енеді.