Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 5 қыркүйекте "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техрегламент талаптарына сәйкестікті міндетті бағалауға жататын өнімнің өзектілендірілген тізбесін бекітті, оған қатысты кедендік рәсімдермен орналастырған кезде техникалық реттеу шараларының сақталуы расталады.
Өнім тізбесі оны қолдану саласына қатысты техрегламентке бұрын енгізілген өзгерістерге сәйкес, сондай-ақ газ баллонды жабдыққа қойылатын талаптардың белгіленуіне байланысты жаңартылды.
Қабылданған құжатта өнімнің барлық түрі үшін
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) — одақтық елдерде кедендік операциялар жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлар сыныптауышының 10 таңбалы кодтары белгіленген. Тізбеден ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары алынып тасталған, олар моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру үшін әкелінетін тауарларға және техрегламенттің қолданылуы тоқтатылған тауарларға қатысты. Сондай-ақ, өнім тізбесі газ баллонды жабдық құрауыштарының әрбір атауы үшін ЕАЭО СЭҚ ТН жекелеген кодтарымен толықтырылды.
Құжат сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға бағдарланған және кеден әкімшілігін жүргізу үшін қолданылады.
Анықтама
Одақтың "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" техрегламентіне өзгерістер Комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 17 қазандағы № 167 шешімімен енгізілген.