Басты бет
/
Жаңалықтар
/
Комиссия ЕАЭО елдерінің 2023 жыл ішінде өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидаларын сақтауы туралы есепті мақұлдады
Комиссия ЕАЭО елдерінің 2023 жыл ішінде өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидаларын сақтауы туралы есепті мақұлдады
14.01.2025
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының отырысында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидаларын сақтауы туралы ЕЭК-тің жыл сайынғы есебі мақұлданды.
2023 жылы мүше мемлекеттердің инвестициялық жобаларды іске асыруды белсенді ынталандыруы, сондай-ақ жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындарға қолдау көрсетуі атап өтілді.
ЕЭК Алқасы отырысының қорытындысы бойынша өнеркәсіптік субсидиялар берудің бірыңғай қағидаларын сақтаудың тиімділігін арттыруды жалғастыру жоспарлануда.