БҰҰ Сауда және даму жөніндегі конференциясы (ЮНКТАД) өткізген ISAR Honours конкурсының қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық одақта жасыл экономика қағидаттарын ендіру тұжырымдамасы 2024 жылғы орнықты даму жөніндегі үздік халықаралық бастамалардың қатарына кірді (4-орын).
Еуразиялық экономикалық комиссияның халықаралық деңгейде жасыл трансформацияның жалпы қағидаттарын келісу жөніндегі бұл бастамасы орнықты даму саласындағы есепке алу мен есептіліктің халықаралық стандарттары (ISAR) бойынша сарапшылардың үкіметаралық жұмыс тобының ЮНКТАД шеңберінде жұмыс істейтін сессиясында, сондай-ақ 5-8 қарашада Женевада өткен тақырыптық іс-шаралар барысында талқыланды.
Комиссия өкілдерінің Тұжырымдамада тұжырымдалған жасыл экономиканы дамытудың жалпыеуразиялық тәсілдемелері экологиялық реттеудің ұлттық жүйелерін өзара тануға және осы негізде – "климаттық тосқауылдарды" (экологиялық немесе климаттық негіздер бойынша енгізілетін шектеу шараларын) қолданбау үшін негіз болатындығы туралы ұсынысы сессияға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
ЕЭК Макроэкономикалық саясат департаментінің бөлім бастығы Андрей Пантелеев "өзара тану – бұл БҰҰ алаңдарын пайдаланып, қоршаған ортаға және климатқа теріс әсерді азайта отырып, ұлттық экономикаларды технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету ісінде елдердің кең ауқымының күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін барынша прагматикалық және ғылыми негізделген тәсілдеме" деп атап көрсетті.
ЕЭК өкілдері атап өткендей, жасыл экономиканың негізгі тәсілдемесі әр мемлекетте бір жағынан, экология мен климатты қорғау және екінші жағынан, әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық мақсаттарына қол жеткізу арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз етуде, өйткені халық үшін әл-ауқаттың өсуі де, тіршілік ету ортасының жақсаруы да бірдей маңызды. Осы тәсілдемені іске асыру үшін ЕЭК экономикалық жобаларды жасылға жатқызудың нақты, ғылыми негізделген және халықаралық танылған критерийлерінің жиынын пайдалануды ұсынады. Бұл ретте осы критерийлердің сандық тұрғыда өлшенетіні маңызды болып табылады.
Тұжырымдамада орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың құралы ретінде таңдамалы қолжетімді технологияларды (ТҚТ) пайдаланудың маңыздылығына баса назар аударылған. ТҚT пайдалану, сөйтіп, қаржыландыру мен халықаралық кооперацияны тарту үшін қосымша мүмкіндіктер туғыза отырып, қай мемлекеттің резиденті болса да, кәсіпорындар, инвесторлар, кредиторлар және технологияларды әзірлеушілер арасындағы байланыстырушы буын бола алады.
ЕЭК өкілдері соңғы уақытта халықаралық күн тәртібінде орнықты дамудың басқа құрамдасына залал келтіре келе, "көміртекті бейтараптық" деп аталатын бағытқа қарай қиғаштық орнағанын атап өтті. ЕЭК ұсынған тұжырымдамада парниктік газдар шығарындыларын азайту – экологиялық саламаттық пен орнықты дамудың көп құрамдасының бірі ғана екендігі, сол себепті бұл құрамдасты абсолютке айналдырудың ұтымсыздығы көрсетілген.