Еуразиялық экономикалық комиссияның делегациясы Кубаның Сыртқы сауда және инвестициялар министрлігінің қолдауымен Кубаның Сауда палатасы мен Жас коммунистер одағы ұйымдастырған I халықаралық жас бизнесмендер мен кәсіпкерлер форумына қатысты, ол 8-10 қарашада Гаванада болған 39-шы халықаралық FIHAV Гавана жәрмеңкесі аясында өтті.
Форумның ашылуының салтанатты рәсімінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Протокол және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің директоры, ЕЭК Жастар кеңесінің төрағасы Данияр Турусбеков сөз сөйледі.
Данияр Турусбеков Еуразия және Латын Америкасы өңірлерінің сауда-экономикалық ынтымақтастығы дамудың орасан зор перспективаларына ие екенін, ал ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет мәртебесін назарға ала отырып, Куба континенттер арасындағы көпір рөлін атқара алатынын атап өтті. "Ынтымақтастықтың экономикалық әлеуетін ашуға ЕАЭО, Латын Америкасы және Кариб бассейні елдерінің жас кәсіпкерлерінің интеграциялық әлеуеті бар мемлекетаралық бизнес-жобаларға кеңірек қатысуы ықпал етуі мүмкін", — деп атап ол.
Данияр Турусбеков Кубалық жастардың қазірдің өзінде Еуразиялық экономикалық интеграциямен таныса бастағанын еске салып өтті: Куба Республикасының вице-премьері Рикардо Кабрисас Руис бастаған кубалық делегация маусым айында Сочиде (Сириус) 2023 жылы ЕАЭО-ға Ресей төрағалығы шеңберінде өткен ТМД және ЕАЭО II Жастар форумының жұмысына қатысты. Данияр Турусбеков сөзінің соңында іс-шараны ұйымдастырушыларға, әсіресе Куба Республикасы Үкіметінің Еуразиялық экономикалық комиссиядағы өкілетті өкілі, Кубаның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хулио Антонио Гармендия Пенья мен оның командасына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, Еуразиялық экономикалық комиссияның Куба тарапымен ынтымақтастығын нығайтуға және дамытуға тиімді, жан-жақты жәрдемдескені үшін алғысын білдірді.
Форумның ашылуына Куба Республикасы Сыртқы сауда және инвестициялар министрлігінің жастар қанатының өкілі Исраиль Альмейда Молина, Ибероамерика жас кәсіпкерлері федерациясының президенті Матиас Фернандес Лларде, Колумбия жастар ісі жөніндегі Президенттік кеңесінің жастар құқықтарын қорғау жөніндегі үйлестірушісі Хулио Муньос Кастро қатысты.
Сапар барысында Форумға қатысушылар үшін ЕЭК қызметінің жекелеген бағыттары, соның ішінде Комиссияның Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру бойынша Куба Республикасының Үкіметімен ағымдағы жұмысы, сондай-ақ ЕЭК-тің ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің және ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекеттердің кәсіби жастарымен өзара іс-қимыл форматтары бойынша таныстырылымдар болып өтті.
ЕЭК делегациясы сондай-ақ "Мариэль" айрықша даму аймағына барды, Куба Сауда палатасының президенті Антонио Луис Каррикарте Коронамен кездесуге қатысты және Еуразиялық экономикалық одақтың күн тәртібіне кіретін мәселелер шеңберінде ЕЭК-пен ықтимал өзара іс-қимыл бойынша Кубаның Жас коммунистер одағымен кездесу өткізді.