Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
қаз
рус
eng
арм
бел
кыр
Комиссия
Жалпы ақпарат
ЕЭК Кеңесі
ЕЭК Алқасы
ЕЭК департаменттері
ЕЭК консультативтік органдары
Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Күнтізбе
Бейнегалерея
Фотогалерея
БАҚ назарына
Азаматтар үшін
Вакансиялар
Сауда
Байланыстар
Жаңалықтар
ЕЭК
Жаңалықтар
ЕЭК БАҚ-та
Фото
Бейнегалерея
Бағытты таңдаңыз
ЕЭК Алқасының Төрағасы
Интеграция және макроэкономика
Экономика және қаржы саясаты
Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен
Сауда
Техникалық реттеу
Кедендік ынтымақтастық
Энергетика және инфрақұрылым
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу
Ішкі нарықтар, ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Развитие интеграции
Макроэкономическая политика
Статистика
Развитие предпринимательской деятельности
Финансовая политика
Трудовая миграция и соцзащита
Промышленная политика
Агропромышленная политика
Техническое регулирование и аккредитация
СФС-меры
Регулирование рынка лекарств
Транспорт и инфраструктура
Энергетика
Антимонопольное регулирование
Политика в области госзакупок
Информационные технологии
Функционирование внутренних рынков
26 маусымның 2025
«Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының жеңімпаздары марапатталды
26 маусымда Минскіде IV Еуразиялық экономикалық форум аясында Еуразиялық экономикалық комиссиясы мен Жаңа жобаларды ілгерілету жөніндегі стратегиялық бастамалар агенттігі (СБА) ұйымдастырған «Жасыл Еуразия» үшінші халықаралық климаттық конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурстың негізгі міндеттері – Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің тұрақты дамуына бағытталған жасыл күн тәртібіндегі технологиялық көшбасшыларды анықтау және климаттық митигация және бейімделу бойынша тиімді тәжірибелерді дәріптеу. «Конкурстың жылдан жылға өркендеп келе жатқаны қуантады. Биыл бізде ЕАЭО мен Еуразия құрлығынан басқа, 16 қатысушы ел бар. Атап айтқанда, конкурсқа бірнеше Африка мемлекеттері қатысты», – деп атап өтті ЕЭК сауда министрі Андрей Слепнев. Ол климаттық тәжірибелер экономикалық даму идеяларына сәйкес келуі үшін бәсекелестік бастаманың, экологиялық тазалықтың және экономикалық тиімділіктің үйлесіміне негізделгенін атап өтті. Конкурстың маңызды шарты – қатысушылар ұсынған шешімдер ортақ игілікке айнала отырып, қайталануы мүмкін. 2025 жылы конкурстың лауреаты ретінде 41 қатысушы анықталды, олар: Ресейден - 25, бесеуі Беларусьтен, екеуі Қытай мен Үндістаннан, біреуі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Молдова, Эфиопия және Сенегал елдерінен болды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар халықаралық кооперациялық құрамдас бөлігі бар жобаларды, яғни оларды іске асыруға бірнеше мемлекет қатысқанын атап өтіп, «Еуразиялық перспектива» санатындағы екі өтпелі тәжірибені бөліп көрсетті. Сол күні «Жасыл Еуразия» конкурсы жобаларының таныстырылымы өтті, оның аясында сарапшылар құрамы конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің тәжірибесін бағалады. Үшінші «Жасыл Еуразия» конкурсына Армения, Беларусь, Болгария, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Молдова, Ресей, Сенегал, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эфиопия, Оңтүстік Африка елдерінен 295 өтінім қатысты. Климаттық митигация және бейімделу бойынша ең тиімді тәжірибелерді сараптамалық бағалау және іріктеу 10 номинация бойынша өтті.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев Мьянма Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен келіссөздер жүргізді
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Мемлекеттік әкімшілік кеңестің төрағасы, Мьянма Одағы Республикасының Премьер-министрі Мин Аун Хлайнмен жұмыс кездесуін өткізді. Тараптар Өзара іс-қимыл туралы меморандумға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақ пен Мьянма елдерінің ынтымақтастығы мәселелерін талқылады. «Меморандумға қол қойылған сәттен бастап біздің ынтымақтастық жөннідегі экономикалық күн тәртібінің кең ауқымы бойынша оң динамика байқалады. ЕАЭО мемлекеттерінің Мьянмамен тауар айналымы 2019 жылдан 2024 жылға дейін үш еседен аса ұлғайып, 1,5 млрд доллардан асты», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Тараптардың бір-бірінің сауда-экономикалық мүмкіндіктері туралы хабардар болуын арттыру өзара іс-қимылды дамыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Мин Аун Хлайн ЕАЭО мен Мьянма диалогына қосымша серпінді іскер топтар арасындағы өзара іс-қимыл қамтамасыз етеді деген ортақ пікірге келді. Бұл ынтымақтастықтың жаңа перспективалық бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. ЕАЭО елдеріне Мьянмадан тасымалданатын негізгі тауар түрлері күріш, кофе, пальма майы, какао атбас бұршақтары болып табылады. Мьянмаға импортталатын тауаралар ішінде минералды тыңайтқыштар, тұтыну тауарлары, машиналар мен жабдықтар, металдар, тамақ майлары, цемент, дәрі-дәрмектер басым болып келеді.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО аясында жыл сайын бизнес-құрылымдар бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында ЕЭК пен ЕАЭО Іскерлік кеңесінің өзара іс-қимыл жөніндегі Консультативтік кеңесінің отырысына қатысты. «Комиссияның жұмысы тұтастай алғанда біздің елдеріміздің кәсіпкерлерінің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуетін барынша тиімді пайдалануы үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Біз іскер қоғамдастықпен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев іс-шараға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде. ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО аясында қомақты нормативтік-құқықтық база құрылғанын, экономиканың түрлі салаларында ұзақ мерзімді басымдықтар айқындалғанын, бұл бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте Комиссияның Одақ елдерімен бірлесіп қалыптастырған Консультативтік кеңесті қоса алғанда, іскер топтармен өзара іс-қимылы механизмдері олардың мүдделерін барынша ескеруге көмектеседі. «Консультативтік кеңестің құрылуы «бір терезе» аясында кәсіпкерлермен қарым-қатынастың жаңа форматына көшуге ықпал етті. Қазір біздің диалог бизнес сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Осы арқылы жыл сайын Одақ аясында бизнес-құрылым бастамаларының 60%-дан астамы қабылданады және реттеуге енгізіледі», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Отырыс барысында еуразиялық экономикалық интеграцияның өзекті мәселелері, оның ішінде ЕАЭО-ның өнеркәсіптік саясат құралдары туралы іскер топтардың хабардар болу деңгейін арттыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды жетілдіру мәселелері талқыланды. Консультативтік кеңес қызметінің мақсаты – ЕЭК-тің құзыретіне кіретін салаларда кәсіпкерлікті дамыту бағыттары мен перспективаларын айқындау бойынша Комиссияның және ЕАЭО Іскерлік кеңесінің тиімді диалогын қамтамасыз ету.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «ЕАЭО және АӨСШК елдерінің сауда-экономикалық диалогының маңыздылығы артып келеді»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Бас хатшысы Қайрат Сарыбаймен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында ЕЭК пен АӨСШК арасындағы кейінгі диалог, атап айтқанда, Өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру шеңберінде іс-шаралар жоспарын дайындау мәселелері талқыланды. «Біз өзара мүдделерді ескере отырып, бірлескен қызметіміздің барлық перспективалық бағыттарын жоспарға енгіземіз», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. Бұл ретте ЕЭК Алқасының басшысы өңірдегі бірлескен бастамаларды ілгерілетуге баса назар аударуды ұсынды. Еуразиялық экономикалық комиссия мен АӨСШК арасындағы ынтымақтастық жаһандық экономикалық процестер жағдайында өзектілігін арттыруда. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты дамыту үшін тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға келісті. ЕЭК пен АӨСШК Хатшылығы арасындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға 2022 жылы қол қойылған болатын.
26 маусымның 2025
Бақытжан Сағынтаев: «Экономикалық күштердің ұштасуы өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейтуге қабілетті»
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев 26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форумының «Мемлекетаралық бірлестіктер диалогы: экономикалық күштерді ұштастыру және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» атты панельдік сессиясына қатысты. «Интеграция диалогы» – әлемдік экономиканы дамытудың басты трендтерінің бірі. Еуразиялық экономикалық одақты сауда-экономикалық қатынастардың жаһандық жүйесіне енгізудің маңыздылығын Одақтың барлық бес елінің басшылары үнемі атап көрсетіп келеді», – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев. ЕЭК Алқасының басшысы Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп жүйелі халықаралық диалог үшін қажетті инфрақұрылым құрғанын атап өтті. Өңірлік мемлекетаралық бірлестіктермен ынтымақтастық туралы 12 меморандум жасалды. Олармен жүргізілген диалог үздік тәжірибе алмасу және сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін негіз болады. Комиссия мен Одақ арасындағы байланыстардың кең желісі бүкіл әлемде, соның ішінде Еуразия, Латын Америкасы, Африкада дамыды. Диалог сәтті дамып келе жатқан негізгі серіктестердің қатарына ТМД, ШЫҰ, АСЕАН, МЕРКОСУР, БРИКС, АӨСШК, Анд қауымдастығы, Оңтүстік Американың ортақ нарығы, Африка одағы, Тынық мұхиты альянсы және басқалары жатады. Серіктестік географиясын кеңейтудің негізгі құралы сауда келісімдері болып табылады. Олар Вьетнаммен, Иранмен, Сербиямен, Қытаймен жасалған. Индонезиямен келісім жасасу туралы келіссөздер соңғы сатыда деуге болады. 27 маусымда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының аясында БАӘ және Моңғолиямен тағы екі сауда келісіміне қол қою жоспарланған. «Бүгінде ЕАЭО басқа ұйымдардың интеграциялық құрылымының оң тәжірибесін қабылдауға ғана мүдделі емес. Құрылған бірлестік бола отырып, біз серіктестерге өзіміздің ең жақсы тәжірибемізді ұсынуға дайынбыз. Біздің экономикалық әлеуетімізді ұштастыру өзара тиімді ынтымақтастықтың әсерін бірнеше есе күшейте алады», – деп түйіндеді ЕЭК Алқасының басшысы.
26 маусымның 2025
Біліктілік талаптарын жақындастыру – ЕАЭО-дағы еңбек көші-қонын дамытудың маңызды факторларының бірі
26 маусымда Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық форум аясында «Еңбек көші-қоны ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің орнықты экономикалық өсуі үшін ресурс ретінде: ЕАЭО аясында білікті және ғылыми мамандарды тарту және дамыту үшін жағдайлар жасау» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мемлекеттік басқару органдарының өкілдері, кәсіпкерлер, еңбек көші-қоны жөніндегі сарапшылар, Ресей мен Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орындарының ректорлары қатысты. Пікірталас барысында ЕАЭО еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды кәсіби даярлау, оларға қойылатын біліктілік талаптарын жақындастыру, жұмыскерлердің үздіксіз кәсіби дамуы және Одақтың ортақ еңбек нарығын дамытудың басқа да мәселелері талқыланды. ЕЭК еңбек көші-қоны департаментінің директоры Алтынай Омурбекова білікті кадрларға сұраныс артып келе жатқанын атап өтті. Статистика оң динамиканы көрсетеді: ЕАЭО-да тіркелген жұмыссыздық деңгейі ағымдағы жылы 0,7% - ға дейін төмендеді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай аз. Алтынай Омурбекова 2025 жылғы тамыз айында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында қарау үшін Комиссияның мүше мемлекеттермен бірлесіп дайындаған неғұрлым талап етілетін кәсіптер бойынша біліктілік талаптарды жақындастыру туралы баяндаманы ұсынды. Талдау көрсеткендей, ұлттық біліктілік жүйелері құрылымдық жағынан ұқсас, бірақ кәсіби құзыреттілікті растау процедураларында айырмашылықтар сақталады. Мысалы, дәнекерлеушілерге қойылатын талаптар Қазақстандағы міндетті аттестаттаудан бастап Ресей мен Қырғызстандағы біліктілікті ерікті бағалауға дейін әртүрлі болып келеді. Армения мен Беларуссияда мұндай аттестаттау мүлдем қарастырылмаған. Біліктілік талаптарын дәйекті жақындастыру үшін ЕЭК неғұрлым талап етілетін кәсіптердің тізбесін (ол жыл сайын жаңартылып отырады), сондай-ақ мүше мемлекеттер өздерінің ұлттық стандарттарын қалыптастыру кезінде пайдалана алатын автомобиль көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы осындай кәсіптерге қойылатын ұсынылатын біліктілік талаптарын әзірледі. Алтынай Омурбекованың айтуы бойынша, ЕАЭО-ның бірыңғай еңбек ресурстары нарығын дамытудың басымды бағыттарының бірі ЕАЭО-ның әртүрлі елдерінде алған білім мен құзыреттерді тиімді пайдалану мақсатында неғұрлым талап етілетін кәсіптер бойынша ұсынылатын біліктілік талаптарын әзірлеу бойынша қатысушы елдермен жұмысты жалғастыру болып табылады. «Жұмыскерлердің кәсіби дағдыларын бағалауға қойылатын біліктілік талаптары мен тәсілдерін жақындастыру ЕАЭО-дағы интеграциялық процестерді одан әрі тереңдету және еуразия өңірінің еңбек әлеуетін тиімді пайдалану үшін маңызды қадам болып табылады», – деп түйіндеді ЕЭК департаментінің директоры.
26 маусымның 2025
Гоар Барсегян: «ЕЭК роботтарды өндіру бойынша нақты жобаларды қолдауға дайын»
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде технологиялық және бизнес-процестерді автоматтандыруға бағытталған өнеркәсіптік роботтар мен роботтехникалық жүйелерді енгізу жөнінде 26 маусымда Минскіде өткен ЕЭФ-2025 дөңгелек үстелінде Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегянның қатысуымен «Роботтандырылған жүйелерді өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің өсу факторы ретінде қолдану» туралы сөз болды. «Қазіргі уақытта әлемнің жетекші елдері экономиканың түрлі салаларында өнеркәсіптік және сервистік роботтарды, роботтехникалық жүйелерді енгізудің ұлттық стратегияларын әзірлеп, іске асыруда. Технологиялық процестерді автоматтандыру және роботтандыру мәселелері өнеркәсіпте және АӨК-те ерекше өзекті болып отыр, мұнда айтарлықтай кәсіби кадр ресурстары қажет», – деп атап өтті Гоар Барсегян. Әлемнің жетекші мемлекеттерінің роботтандыру тығыздығы 10 000 жұмысшыға 100-ден аса, тіпті 1000 өнеркәсіптік роботтан асатыны белгілі. ЕАЭО елдерінің бизнесі мен мемлекеттік құрылымдарының бастамасы бойынша Одақта «Роботтехника» атты Еуразиялық технологиялық платформасы құрылып, «Өнеркәсіптік роботтехника» атты мемлекетаралық бағдарламасы әзірленуде. Алдағы бес жыл ішінде тиімді өнеркәсіптік роботтар мен роботтехникалық жүйелерді жаппай енгізу міндеті тұр. Ол үшін Еуразиялық «бестік» елдерінің салалық қауымдастықтарының, ғылыми мекемелері мен өнеркәсіп кәсіпорындарының нақты өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, роботтехникадағы нақты инвестициялық жобаларды іске асыруға көшу орынды. «Тақырыптың өзектілігін ескере отырып, Комиссия қолданыстағы қаржы механизмі аясында өнеркәсіптік және сервистік роботтарды сериямен өндіру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғыртуға сәйкес келетін нақты жобаларды қолдауға дайын. Біз қазірдің өзінде қажетті кооперациялық жобаларды іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – деп түйіндеді Гоар Барсегян.
26 маусымның 2025
ЕЭФ-2025-те Еуразиялық экономикалық одақтағы еңбек көші-қонының болашағы талқыланды
Минскіде Еуразиялық экономикалық форум – 2025 алаңында өткен «Бірыңғай еңбек нарығы: сын-қатерлер және перспективалар» атты тақырыптық сессиясының қатысушылары ЕАЭО-ның бірыңғай еңбек нарығының қызметін, дамудың ағымдағы қиындықтары мен стратегиялық бағыттарын талқылады. Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты министрі Бақыт Сұлтанов модератор болды. Талқылауды аша отырып, ЕЭК министрі: «ЕАЭО үшін бірыңғай еңбек нарығы – еуразиялық интеграция процестерінің тиімділігінің өзіндік индикаторы, өйткені оның қызмет сапасы азаматтардың интеграцияның нақты артықшылықтарын қаншалықты сезінетінін және оларға сенетінін айқындайды», – деп атап өтті. Бақыт Сұлтановтың айтуы бойынша, Одақ жұмыс істеген 10 жыл ішінде ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін еңбек қызметіне тең қолжетімділік қамтамасыз етілді, жұмысқа орналасу кезінде білім туралы құжаттарды тікелей мойындау, еңбекші мигранттарды әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері шешілді. «Бұл шаралар жұмылудың айтарлықтай өсуіне алып келді: еңбек мигранттарының жыл сайынғы ағыны 2016 жылғы 770 мың адамнан 2024 жылы 1 миллион адамға дейін өсті», – деп бөлісті Бақыт Сұлтанов. Сессия аясында құқықтық өрісті жетілдіруді қоса алғанда, бірыңғай еңбек нарығын одан әрі дамыту бағыттары қаралды. Комиссия тұрақты негізде еңбек көші-қоны саласындағы Одақ құқығына сәйкес келуі тұрғысынан ЕАЭО елдерінің ұлттық заңнамаларындағы өзгерістерге мониторинг жүргізеді. Дамудың маңызды векторы еңбек көші-қоны саласындағы процестерді цифрландыру деп аталады. Қатысушылар цифрлық шешімдерді бірлесіп ілгерілету және енгізу қажет деген пікірге келді. Цифрландыру процестерді оңтайландырып қана қоймай, сонымен қатар ЕАЭО азаматтарын заңсыз көші-қон кедергілері мен тәуекелдерін барынша азайта отырып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен сол елде болу жағдайлары туралы неғұрлым толық және жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді. Сессияда белсенді дамып келе жатқан, бірақ ЕАЭО-да ұлттықтан жоғары деңгейде реттелмеген «платформалық жұмыспен қамтуға» ерекше назар аударылды және Одаққа мүше мемлекеттерде жұмыспен қамтудың мұндай нысанын реттеу даму процесінде екені атап өтілді. «Біздің кейінгі жетістігіміз өзгерістерге жедел ден қою, батыл шаралар ұсыну және Одақ елдері азаматтарының сұраныстарын ескеру қабілетіне байланысты. Бұл ретте бұл жұмысқа мүдделі тараптардың барынша кең ауқымын тарту маңызды», – деп атап өтті ЕЭК министрі. Пікірталасқа мемлекеттік органдардың, бизнестің, кәсіподақтардың және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Сессияда айтылған көптеген бастамаларды ЕЭК ЕАЭО елдерімен бірлесіп бірыңғай еңбек нарығын одан әрі дамыту және оның тиімділігін арттыру үшін пысықтайтын болады.
Тағы да көрсету
ЕАЭО ресурстары
Еуразиялық экономикалық одақтың сайты
Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық порталы
ЕАЭО-ның ішкі нарықтарының жұмыс істеу порталы
ЕАЭО-ның цифрлық күн тәртібі туралы порталы