30 маусымда Гроднода болып өткен Беларусь және Ресей өңірлерінің ІХ форумында сөйлеген сөзінде ЕЭК-тің Макроэкономикалық саясат департаменті экономикалық саясат стратегиялары бөлімінің бастығы Андрей Пантелеев «Еуразиялық экономикалық одақта климаттық күн тәртібі мен жасыл экономика басымдықтарының өзіндік пайымын тұжырымдауға және ілгерілетуге деген ұмтылыс бар», — деп атап өтті.
Форумға Беларусь Республикасының мемлекеттік басқару органдарының және Ресей Федерациясының федералық атқарушы билік органдарының, Беларусь пен Ресейдің интеграциялық құрылымдарының, ғылыми топтарының өкілдері қатысты.
«Жаңа климаттық күн тәртібі жағдайындағы Беларусь пен Ресейдің ынтымақтастығы» секциясы шеңберінде Андрей Пантелеев «Біз жасыл экономика ұғымы парниктік газдарға баса назар аудара келгенде, климаттық күн тәртібінен гөрі кең екенін және шын мәнінде экологиялық-климаттық реттеудің кешенді, ғылыми негізделген жүйесін ендіруді көздейтінін негізге аламыз», — деді.
Андрей Пантелеев: «Бұл ресурсты өзіндік тұрақты дамуымыздың мұқтаждықтары үшін капиталдандыру қажет. Бұл экологиялық және бейімделу жобаларын қаржыландырудың тұрақты көзі бола алады және қоршаған ортаның ластануын азайтуға көмектеседі», — деп санайды.Макроэкономикалық саясат департаменті экономикалық саясат стратегиялары бөлімінің кеңесшісі Антон Кудасов өз сөзінде ЕАЭО елдері, бірінші кезекте Ресей мен Беларусь экология және климат саласындағы заңнаманы белсенді түрде қолданысқа енгізетінін атап көрсетті. Тек 2021 жылы Ресейде жасыл күн тәртібіне қатысты 530 нормативтік құжат қабылданды.
«Нәтижесінде таяудағы бір-екі жылда біз экология саласындағы интеграция бойынша әріптес елдердің үндестірілмеген ұлттық заңнамасының теңдессіз ауқымды көлемін ала аламыз. Әрі бұл экономиканың барлық секторын қозғайтын кең ауқым. Өз кезегінде бұл жалпы нарықтағы жаңа тосқауылдарға алып келеді. Проблеманы ұлттық талаптарды өзара тану негізінде ғана шешуге болатынына сенімдімін», — деді Антон Кудасов.Ұлттық экологиялық және климаттық қағидаларды өзара тану қағидатын базалық халықаралық шарттарға бір ғана бап қосу арқылы жүзеге асыруға болады. Егер бұлай жасалмаса, онда жүздеген, тіпті мыңдаған ұлттық нормативтік актіні біріздендіруге тура келеді.