Өзгерістер жедеғабыл-жүктер үшін декларацияны түзетуді толтырудың ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді, өз кезегінде пилоттық жобаны жүргізу кезінде алдын ала декларациялауды қолдануға, сондай-ақ кеден декларациясындағы бұрын мәлімделген мәліметтерді түзетуге мүмкіндік жасайды.
«Біз қазірдің өзінде декларацияны толтырудың ерекшеліктерін айқындадық. Бірақ практика декларацияны түзетудің осындай ерекшеліктері де сұранысты екенін көрсетті. Яғни біз бұл жағдайда, атқарылған практиканы басшылыққа ала отырып, ЕЭК Кеңесінің өкімін толықтыру жөнінде ұсыныс дайындадық», — деп атап өтті Сергей Владимиров.
Отырыс шеңберінде ішкі тұтыну мақсатында тауарларды шығарудың кедендік рәсіміне орналастыру кезінде 1000 еуроға дейінгі жедеғабыл-жүктер үшін декларацияны пайдалану мүмкіндігін кеңейту үшін қажетті мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасындағы тауарға арналған декларациялардың мәліметтерімен ақпараттық алмасу мәселелері де талқыланды.
ЖЖТД пайдалану шегін ішкі тұтыну үшін тауарлар шығару кезінде 1000 еуроға дейін ұлғайту декларациялардың мәліметтерімен ақпараттық алмасуды қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді пысықтау қажеттілігіне тығыз байланысты. Бұл ретте ішкі тұтыну үшін шығару кезінде 1000 еуроға дейінгі декларацияны қолдануға мүмкіндік беретін ережелер 2023 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енуге тиіс.
Сарапшылар жедеғабыл-жүктер үшін декларацияға өзгерістер енгізу тәртібімен де тұтастай келісті.
Анықтама
Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны (экспериментті) жүргізудің жекелеген мәселелері туралы» № 7 өкіміне сәйкес пилоттық жоба бойынша жұмыс 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта жүргізіледі. Комиссия Алқасының 2021 жылғы 3 тамыздағы №№ 93, 94 және 95 шешімдерімен және Комиссия Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 81 шешімімен ЕАЭО елдерінде тауарлардың сыртқы электрондық саудасы саласында пилоттық жобаны интернет-алаңдардан іске асыруға мүмкіндік беретін құжаттар топтамасы бекітілді.