Жаңалықтар

05.08.2022 (Обновлено: 11.08.2022 09:32)

2021 жылы сыртқы сауда көлемі 35,5% өсті және 846 млрд АҚШ долларынан асты

Нақтыланған деректер бойынша, 2021 жылы Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге тауарлар экспорты 2020 жылмен салыстырғанда 44,7% артты және 527,9 млрд АҚШ долларын құрады. Сыртқы нарықтағы экспорт көлемінің өсуіне тауарлардың экспорттық жеткізілімдерінің Беларусьтан 48,6%, Ресейден 47,3%, Қырғызстаннан 38,2%, Қазақстаннан 25,4% және Армениядан 16,8% артуы себепші болды.

Сыртқы сауданың баға жағдайлары экспортталатын тауарларға және импорт бойынша сатып алынатын тауарларға арналған бағалардың қолайлы арақатынасымен (баға жағдайларының индексі — 135,8%) сипатталады.

ЕАЭО-дан экспортталатын тауарлардың негізгі сатып алушылары Еуропалық одақ (олардың үлесі экспорттық жеткізілімдердің 41,9%-ын құрады) және АТЭҰ (28,4%) болып табылады. Одақ нарығына импорттайтын елдер арасында Қытай мен Германия көшбасында.

ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестері бойынша сыртқы саудасы туралы деректер, сыртқы сауда көлемдерінің динамикасы, ЕАЭО-дан тыс елдермен экспорттың және импорттың тауарлық құрылымы, ЕАЭО мемлекеттерінің сыртқы сауда көрсеткіштеріндегі үлес салмағы Статистика департаменті бетіндегі «Сыртқы және өзара сауданың статистикасы» бөлімінде 2021 жылғы қаңтар-желтоқсан ішіндегі талдамалы материалдарда (нақтыланған деректер) берілген.