Еуразиялық экономикалық комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаменті директорының орынбасары Ольга Королькова 2024 жылғы 26-28 маусымда Санкт-Петербургте өткен Петербург халықаралық заң форумына қатысты. Форум бағдарламасы құқықтық реттеудің өзекті мәселелері талқыланатын іс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.
Ольга Королькова "Монополияға қарсы реттеу саласындағы жаңа шақырыстар мен қазіргі заманғы шешімдер" тақырыптық сессиясында құқық қолдану практикасының үрдістері мен Комиссия қызметінің негізгі бағыттары, атап айтқанда, тауар белгілерін тіркеу мен пайдалануға, тұтынушыларды адастыруға, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ биржалық нарығын қалыптастыруға байланысты жосықсыз бәсекелестіктің жолын кесу туралы айтты.
"Биржалық сауда — бұл біздің Одақ елдеріндегі тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін қолданылатын құрал. 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда, 2024 жылдың бірінші тоқсанында ЕАЭО-да биржалық сауда 82% өсті. Тиісінше, 2025-Стратегиясын іске асыру шеңберінде Комиссия осы салада да жұмыс жүргізеді, Одақта ортақ биржалық кеңістікті қалыптастыру жүріп жатыр. Қазірдің өзінде тиісті тұжырымдама даярланды", — деп атап өтті Ольга Королькова.Сессияға қатысушылар цифрлық нарықтарды реттеу тәсілдемелерін, цифрлық экономика жағдайында монополияға қарсы заңнаманың қазіргі бар құралдарының тиімділігі мен қолданылымдығын, маркетплейстерді реттеу проблемаларын талқылады.