Жаңалықтар

01.01.1970

Ветеринария саласындағы референттік зертханаларға қойылатын талаптар айқындалды

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ветеринариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде зертханалық зерттеулер (сынақтар) жүргізуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізу және оларды осы саладағы референттік зертханаларға (орталықтарға) қойылатын бірыңғай талаптармен толықтыру туралы шешім қабылдады.

 Талаптар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне зертханалардың функциялық ерекшеліктерін бағалауға, бұлардың арасынан референттік функциялар беру үшін орталықтарды таңдауға орайлас біркелкі тәсілдемелерді қолдануға мүмкіндік береді. Бұл жүргізілетін зерттеулер нәтижесінің анықтығын арттыруға, сондай-ақ тараптардың уәкілетті органдарының өзара және халықаралық сауда кезінде негізсіз тыйым салу мен шектеулер енгізу тәуекелін барынша азайтуға ықпал ететін болады.

Бұдан басқа, енгізілетін өзгерістер құжаттың ұғымдық аппаратын өзектілендіруді және үлгілерді (сынамаларды) іріктеу актілерінің нысандарына сәйкес келтіруді көздейді.

Қағидалардың жаңа редакциясы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.