Жаңалықтар

02.12.2022 (Обновлено: 13.12.2022 11:03)

Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар тасымалы электрондық түрде бақыланатын болады

Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын іске асыру шеңберінде Еуразиялық экономикалық комиссия кедендік реттеуді жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
ЕЭК-тің Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін дамыту жөніндегі сарапшылық тобы кеден саласындағы жалпы процестер бөлігінде транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар тасымалын бақылау жөніндегі кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру үшін технологиялық құжаттар жинақталымын қарауға кірісті.

Комиссияның Кедендік ынтымақтастық жөніндегі блогы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің кедендік операцияларды жасау кезінде қағазсыз құжат айналымына көшуді көздейтін ережелерін іске асыруды жалғастырады. Соның ішінде ЕАЭО-да заң тұрғысынан маңызды трансшекаралық электрондық құжат айналымын енгізу жөніндегі міндеттерді техникалық іске асыру үшін негіздер қалануда.    

2025 жылға дейін бұдан бұрын Одақ мемлекеттері Кеден қызметтерінің біріккен алқасы алаңында ұйымдастырылған кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл деңгейін арттыру бағамдалуда. Негізгі жаңалықтар ақпарат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану, мәліметтер құрамын және өзара іс-қимылдың функциялық мүмкіндіктерін кеңейту болады.

Кеден органдарына қағаз жеткізгіште құжаттар беру қажеттігін алып тастау транзиттің кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды бақылауға байланысты жекелеген кедендік операцияларды жасауды оңайлатуға мүмкіндік береді.

ЕЭК Кедендік инфрақұрылым департаментінің директоры Данияр Иманалиев "цифрлық халықаралық көлік дәліздерін дамытуда шекарадағы барлық бақылаушы органның цифрлық өзара іс-қимылы мәселелерінің маңызды мәні бар екенін атап өтті. Кедендік транзит кезінде заң тұрғысынан маңызды электрондық құжаттар қолдану тауарлардың өңделуі мен әкелінуін, сондай-ақ олардың мүше мемлекеттердің аумағы бойынша толассыз орын ауыстыруын тездетеді. Өз кезегінде бұл бүкіл Одақтың көлік әлеуетін дамытуға оң ықпал етеді".