Перейти на старую версию сайта

Жаңалықтар

30.04.2021 (Обновлено: 06.12.2021 11:17)

Мәскеуде ЕАЭО мен ЕО ынтымақтастығының перспективалары талқыланды

Ресей СІМ ММХҚИ алаңында 29 сәуірде бастау алған ЕО-ЕАЭО үшінші халықаралық форумының қатысушылары Еуразиялық экономикалық одақ пен Еуропалық одақтың өзара іс-қимыл мәселелерін қарады.

Форумның ашылуында Еуразиялық экономикалық комиссияның Интеграцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Валентина Янутёнок сөз сөйледі.

ЕЭК өкілі екі интеграциялық бірлестіктің атқарушы органдарының ағымдағы ынтымақтастығы туралы айтып берді және қатысушыларды Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының негізгі аспектілері жайында хабардар етті.

«ЕАЭО-ЕО желісі бойынша байланыс түзу біртіндеп нақты контур алып келе жатқанын атап өтуге тиіспін. Біздің Еуропалық әріптестеріміз бірқатар, мысалы, кедендік немесе техникалық реттеу саласында жай ғана Одаққа мүше мемлекеттермен келіссөздер жүргізу мүмкін емес екендігін мойындай бастады. Енді бұл – ұлтүсті құзыретте», — деді Валентина Янутёнок.

Форумға қатысушылар Еуразиялық интеграцияның ағымдағы аспектілеріне арналған сұрақтар қоя отырып, ЕЭК қызметіне, сондай-ақ перспективалы жобаларға деген жаңды қызығушылық көрсетті.

Іс-шараға Ресей СІМ-нің, Ресейдегі ЕО өкілдігінің, Ресейдің халықаралық істер жөніндегі кеңесінің өкілдері және басқа сарапшылар да қатысты.

Анықтама

ЕО-ЕАЭО халықаралық форумы – Ресей СІМ ММХҚИ Еуропалық оқу институты мен ММХҚИ Экономикалық клубының жобасы. Бұл Еуропалық одақ пен Еуразиялық экономикалық одақтың академиялық деңгейдегі өзара іс-қимылына арналған бірінші жастар алаңы.