Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы клиникаға дейінгі (клиникалық емес) зерттеулер кезінде зертханалық (эксперименттік) жануарлармен жұмыс жөніндегі нұсқаманы қабылдады.
Егер мұндай зерделеу зертханалық немесе компьютерлік модельдеуді қолдану жағдайында толық жүргізілмеген болса, Нұсқама адам үшін дәрілік препараттың қауіпсіздігін зерделеуге жануарларды күтіп-бағуға және қатыстыруға орайлас жалпы тәсілдемелерді регламенттейді.
Қабылданған Нұсқамада зертханалық жануарларға кез келген жағымсыз (ұнамсыз) әсерді азайтуға мүмкіндік беретін ұсынымдар бар. Нұсқаманы қолдану жануарлар үшін ең аз жарақат алатын эксперименттің оңтайлы нұсқаларын таңдауға, бірақ сонымен бірге, эксперименттің мақсатына неғұрлым адамгершілікпен қол жеткізе отырып, тиімді манипуляцияларға және оларды білікті түрде орындауға мүмкіндік береді.